Тақырыбы: Тәрбие түрлері



бет2/3
Дата09.09.2022
өлшемі1,4 Mb.
#149050
1   2   3
Байланысты:
тарбие турлері

Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері шақалақ дүниеге келген күннен бастап оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажетті жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық пікірі мен кәсіби өзін-өзі
анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауаттылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қоғамның эволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу.
Алтыншы бағыт-көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.
Бұл бағыттың мақсаты: Білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпы-мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сулулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау, сөйлеу қабылдау кабілетінің дамуына ықпал ету міндеттерін жүзеге асырады. Сонымен қатар жас ұрпақ әсемдікті, сулулықты түсініп одан ләззат алуға көркем өнер туралы біліммен мағлұматтармен қарулануға эстетикалық тәрбие арқылы мүмкіндік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет