Тақырыбы: ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ № 1
ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТЫ – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына
дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының
азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына,
әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және
әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
ТӘРБИЕНІҢ МІНДЕТТЕРІ:
білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру; мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау; жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының
және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру; қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни
экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру
мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру. мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері
білім беру үдерісінде, сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.
ТӘРБИЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру
үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму
заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу
мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол
қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие
мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде
қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге
жұмылдырады.
Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген
әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос,
қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен:
өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ,
әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға
(қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, оқушы,
ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы,
еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші,
эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.
ТАҚЫРЫП: Тәрбие үрдісі, оның ерекшеліктері №2
Жоспар:
1. Тәрбие беру үрдісінің маңызы
2. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері
3. Оқушының тұлға болып қалыптасуына әсер ететін факторлар
4. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі бағыттары
Адамзат баласы болғаннан бастап, тәрбие үрдісі бірге келеді. Әрбір ұлт өкілі, әрбір адамзат ұрпағының болашағы туралы ойлағанда оның тәрбиеге байланысты болатынын түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: |