Тақырыбы: «Тәуелсіздік жетістіктері»



бет2/7
Дата13.04.2022
өлшемі24,44 Kb.
#139147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
мемлекеттік рәміздер

Сабақ барысы:
Әнұран орындалады
Кіріспе бөлім:
- Сәлеметсіздер ме, балалар.Жаңа оқу жылы құтты болсын!Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік жетістіктері» деп аталады.
Айбаты асқақ арыстандай алыстым,
Абылай болып жаныштым мысын Шарыштың.
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек –
алты алаш үшін құрбаны болған Намыстың.
Қайрат пен Ербол, Сәбира, Ләззат көз жұмған
Желтоқсандағы ызғарлы желмен қағыстым.
Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесіне арналады. Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде 1991 жылы жариялады. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағатымыз халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі қазақстанның жетістіктеріне арналады.
Біз тәуелсіздікке оңай жеткен жоқпыз және біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан дегеніміз не? (балаларға сұрақ қойылады)
-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
- Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,
- Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
9. Ел іші- (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет