1-Бөлім:Тұңғыш Президент. 1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды? 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті болып қашан сайланды? 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
3. «Президент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.