Тақырыбы: «Тіл білгірі» Мақсаты



бет2/3
Дата31.12.2019
өлшемі2,59 Mb.
#55092
1   2   3

Хабарлама

Ынтымақ жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында 3 - 4.02.18ж 5-7сыныптар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы

өтті.

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың өз Қазақстан дәуірінің тарихын білу мен қатар құрметтеуді,жас ұрпаққа патриоттық тәрбиені қалыптастыруды маңызды екенін жеткізу.

Кітапханашының сөзі: Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей.Елбасымыз болашақтың жастарына мұра болып қалатын,тарих төрінен орын алатын «Тәуелсіздік дәуірі»атты кітабын жарыққа шығарды.Елбасының кітабы- жаңа тарихтың толғауы.Кітап публицистика жанрында жазылған.Қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шықты.Кітаптың алғысөзі «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегінеөзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!»деп басталған.Тәуелсіздік шежіресін тұтас қамтыған кітап төрт бөлімнен тұрады: «Мемлекеттің дүниеге келуі»1991-1995жылдар,«Ұлы бетбұрыс»1996-1999 жылдар,«Қияға құлаш сермеу»2000-2010 жылдар және «Қалыптасқан мемлекет»2010-шы жылдар деп аталады.Кезең-кезеңімен сипатталған дәуірде жаңғырудың үш бірдей толқыны кеңінен ашып көрсетілген.Бұл энциклопедияда 1991 жылдан бастап түрлі экономикалық дағдарысты бастан кешіріп,жаңғыру жолына түсе алған қазақ елінің жаңа дәуірдегі даму тарихы кеңінен тарқатылған.Өткенді білмей, болашаққа қадам басу мүмкін емес.Сондықтан бұл энциклопедияны әсіресе жастарға дәріптеу маңызды. «Шынайы ізгілік жайлаған елді ғана Отаным деп есепте»деген ұлылар сөзін жадында сақтай білген Елбасының бүгінгі таңда атқарып келе жатқан істерінен келісті келешегіміздің келбетін көре аламыз.Сол келісті келешектің көшіне ілесер жас ұрпақты,Елбасы сынды даралар жолына бағыттай білсек,ұрпақтарымыздың келер күндері бұдан да жарқын,бұдан да айқын боларына сеніміміз мол.Қазақстанның жаңа тарихынан сыр шертетін туынды уақыт өте келе ел жөніндегі таптырмас танымдық оқу құралына айналары сөзсіз.

Кітапханашы:Бейсембекова.Н





Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет