Сабақ жоспары
Тақырыбы: Тіл білу-өнер
|
Мектеп: № 15 ЖОББМ
|
Күні: 12.01.17ж
|
Мұғалім: Есмағанбетова Қ.Ә.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны: 24
|
Қатыспағандар:
|
SMART мақсаттары
|
Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, «ойлан-жұптас-топтас» стратегиясы бойынша жұмыс орындау, мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, жеке сөздер, сызбалар, суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Барлығы: мәтінді түсінеді, сурет бойынша сөйлейді, сөйлем құрастырады.
Көпшілігі (А, В):өлеңді мәнерлеп оқиды, сөйлемдерді қатесіз жазады, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей алады.
Кейбіреуі (А): топты басқара отырып, В, С топтарының оқушыларын ауқымды көмек көрсетеді, тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізе алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
-мәтінді тыңдайды, түсінеді, сызба, сурет бойынша сөйлейді, сұрақтарға жауап береді.
|
Жақсы, жаман, гүл, мінез, адам сөздерімен, тірек сызба бойынша пайдаланып сөйлем құрастырады.
| |
Алдыңғы оқу
|
Ана тілі деген не? Сен өз ана тіліңді білесің бе? Қанша тілде сөйлей аласың? Тіл туралы мақал-мәтелдер білесің бе? Қазақстанның мемлкеттік тілі қай тіл?
|
Жоспар:
Жоспарланған уақыт (минутпен)
|
Жоспарланған іс-әрекеттер
|
Ресурстар
|
Басталуы (қызығушылықты ояту)
5 мин
|
*Сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық.
Ана тілі деген не?
Сен өз ана тіліңді білесің бе?
Қанша тілде сөйлей аласың?
Тіл туралы мақал-мәтелдер білесің бе?
Қазақстанның мемлкеттік тілі қай тіл?
*1-тапсырма. Мақалдарды оқы
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт. 3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
|
Интерактивті тақта, оқулық, сөздік дәптері, түсті сурет
|
Ортасы (мағынаны тану)
20 мин
|
2-тапсырма. Әңгімені оқып, өзге топтарға түсіндір (ІІ топ)
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім- бұл менің жадымда сақтаған ұраным.
Ана тілі- анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, жүректің терең сырларын, халықтың басынан кешкен дәуірлерін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. Тілді қастерлеу әрбір қазақстандықтың міндеті. Бұл – менің де міндетім. Өйткені бүгінгі таңда мемлекеттік тілді өз дәрежесінде үйрету – тіл мамандарына үлкен міндеттер жүктеп отыр. Өзге ұлттардың мәдениетімен таныса жүріп, өзге ұлт өкілдеріне халқымның тілін, салт – дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін үйрету мен үшін үлкен бақыт.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер? (ІІІ топ)
Ана тілі деген не?
Сен өз ана тіліңді білесің бе?
Қанша тілде сөйлей аласың?
|
Оқулық 66-67-бет, жұмыс дәптері
Интерактивті тақта, тағамдардың түрлі түсті суреттері
|
Аяқталуы (ой толғаныс)
7 мин
|
4-тапсырма.
3-4 тапсырма 139 бет
|
Оқулық 68-бет
|
Қосымша ақпарат
|
kartinki24.ru/kartinki/food
|
Сайт суреттері
|
Саралау
8 мин
|
Барлық топтың оқушылары «ойлан-жұптас-топтас» стратегиясын пайдаланып жұмыс орындай алады; І топ оқушылары топты басқарумен қатар суреттер бойынша шағын әңгімелер құрастырады; тақырыптарды анықтай алады.
|
Әдепті, тәртіпті болу, сыныпта өзін мәдениетті ұстау
|
Рефлексия
|
|
Қорытынды
Не табысты болды?
1. _______________________________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________________________________
Қандай нәрсе сабақты жақсарта алды?
1. _______________________________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________________________________
Келесі сабақты жақсартуға көмектесетін не білдім?
|
Достарыңызбен бөлісу: |