Тақырыбы: Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы
Тақырыбы: "Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы» Жоспар
Кіріспе
НЕгізгі білім
Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдері
Қорытынды
Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы 1950-60 жылдарда мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына арналған ғылыми зерттеулер одан әрі жалғасты. Осы кезеңде тіл дамыту сабақтарындағы балалардың сөздің грамматикалық құрылысын жақсы меңгерулері үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдалану керектігі сөз болды. Мектепке дейінгі тәрбие мәселесінің қалыптасуының жаңа кезеңі 1959ж. 21 майдағы орталық комитеттің “Мектепке дейінгі тәрбие мекемедегі оқыту мен тәрбиелеуді жақсарту шаралары туралы” қаулыға байланысты. Б.Баймұратова еңбектері
Қазақ балабақшаларына арнап еңбектер жазған, ғылыми зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Баймұратова. Оның “Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту”, “Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы”, “Балаларды мектепке даярлау”, “Біздің кітап” т.б. еңбектерін атап өтуге болады.
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізгі әдістері мен тәсілдері
Сөздік жұмысын жүргізу,
- Дидактикалық ойындар ойнату,
- Түрлі заттардың атын айтқызып салыстыру.
- Жұмбақ шешкізу, сурет арқылы әңгіме құрастыру, серуенге, топсаяхатқа шығару жұмыстарының ерекшеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсеткен.
“Балалар тілін дамыту методикасы” деген еңбегінде балабақшадағы әр топтағы балалардың сөздік қорының қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың сөздік қоры – 500 сөзден астам;
“Балалар тілін дамыту методикасы” деген еңбегінде балабақшадағы әр топтағы балалардың сөздік қорының қандай дәрежеде болатындығын төмендегі цифрлар арқылы дәлелдейді. Мысалы: 2 жастағы балалардың сөздік қоры – 500 сөзден астам;
3 жасар баланың сөздік қоры – 1200;
4 жастағы балалардың сөздік қоры – 1900,
ал даярлық тобындағы балалардың сөздік қоры – 2500-3500 сөзге дейін.
Ал өзінің жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөзді меңгеруі жанұядағы, бақшадағы жүргізілетін тәрбие жұмыстарына байланысты деген қорытынды жасайды. Бақшадағы әр топтағы балалардың сөйлеу деңгейлерінің бағдарламалық талапқа сай болуы сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдерге де байланысты екендігін көрсетеді.
Б.Баймұратов төмендегідей 9 жұмыстың түрін атап көрсеткен
Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу. Балаларға антоним, синоним, омоним сөздерді меңгертіп, сол сөздердің ерекшеліктерін ажырата алатындай дәрежеге жеткізу. Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрету. Мысалы: бас, басшы, бастық, бастама т.б. Берілген сөздерге теңеу табу. Мысалы. қызыл алма, тәтті алма, алтын күз, суық күз. Белгілі бір тақырып бойынша балалардың өздеріне әңгіме құрастыру. /жыл мезгілі, отбасы, достары туралы т.б/ Суреттермен жұмыс./жеке адам,еңбегі,өмірі,табиғатқа байланысты/ Топсаяхатқа шығару Дидактикалық ойындар арқылы балалар тілін дамыту. Өздерінің көрген білгендері бойынша әңгімелесу.
http://melimde.com
Достарыңызбен бөлісу: |