Тақырыбы: Тіл мерекесі. Мақсаты



Дата31.01.2018
өлшемі46,74 Kb.
#36854
Тақырыбы:Тіл мерекесі.

Мақсаты:Балаларға ана тілін құрметтеп, оның қадір-қасиетін ұғына білуге тәрбиелеу.

Адамгершілікке баулу, тәрбиелі сөз айтуға, өз ойларын нақты жеткізуге, ауызекі тіл байлығын дамыту.

Ана тіліне деген құрмет,туған жерге деген сүйіспеншілігімен бірге мақтаныш сезімін ұялату.

Көрнекілігі: қанатты сөздер,үнтаспа, ұлттық киімдер, слайд.

Әдіс тәсілі: сұрақ жауап, нақыл сөздер.

Барысы:

Амандасу:

Бәрекелді! Балалар бүгіңгі біздің тәрбие сағатымыз Ана тіліміздің құрметіне арналады.

Туған тілім-тіршілігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, менде бірге өшемін

Ендеше, балалар, өзіміз білетін аталы сөздерден бастастайық. Қане балалар кім айтады, біз сендермен қандай аталы сөздерді білеміз?

1.Әмір: Ойнап сөйлесеңде, ойланып сөйле.

2. Айдана: Айтылған сөз, атылған оқ.

3.Кәусар: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

4.Нұрсәт: Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл.

5.Ерасыл: Көз жетпеген жерге, сөз жетеді.

6.Айдана: Өнер алды - қызыл тіл.

Поэзия минуты: Ой, біздің балалар керемет сөздер біледі екен. Ана тілі туралы тақпақ білесіңдерме балалар, қане кім айтады? Тыңдап көрейік.

1.Рания: Қазақ тілі

Ол менің ана тілім.

Қазақ тілі

Байсалды баба тілім!



2.Мадина:

3.Іңкар:

4.Кәусар

Балалар рахмет сендерге өте білімді екенсіңдер, енді осы ана тіліміз туралы бір ән шырқап жіберсек қалай қарайсыңдар!

Ән: «Ана тілі».

Ана тілім бал тілім,

Өзін барда шалқыдым,

Өз тілімде ән шырқап

Ана тілім сақтаған.

Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімғой бүгіңгі

Ана тілім сақтаған.

Бәрекелді балалар, өте жақсы. Енді «Мақал ішіндегі мақал» - атты сұрақ- жауап жүргізу арқылы тәрбие сағатымызды жалғастырайық.

Мұқият тыңдап отырыңдар, мен бастаймын.

-Жылан інінен қалай шығады?

Балалар жауабы: Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

-Инемен құдық қазуға болама?

Б.жауабы: Оқу инемен құдық қазғандай.

-Аппақ қарға болама?

Б.жауабы: Қарға баласын аппағым дейді.

Ең тәтті не?

Б.жауабы: Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті.

-Не қорқақ, не батыр?

Б.жауабы: Көз қорқақ- қол батыр.

Ән: Каусар қызымыздың орындауында «Отан» әнін тыңдайық.

Бәрекелді балалар, біз барлығымыз білеміз біздің Отанымызда әр түрлі ұлт өкілдері тұрып жатыр. Алысқа бармайақ өзіміздің балабақшадағы балаларға қарайықшы, біздің балабақшада өздерің бірге ойнап жүрген Дарья, Айбек, Надежда, т.б. көптеген балалар әр ұлт өкілдері, бірақ олар қазақ тілін құрметтеп, сендермен қазақша сөйлеседі, солай ма балалар? Олайц болса олар қазақ тілін қалай құрметтеп, қалай сүйетіндерін өз ауыздарынан тыңдап көрейікші.

Орыс ұлты: Дарья.

Здравствуйте!



Мен орыспын! Сыйлаймын қазақ ұлтын, қастерлеймін тарихын, салт-дәстүрін!

Өзбек ұлты:Айбек.

Мен өзбекпін! Сүйемін қазақ жерін, қазақ жері ол менің туған жерім.

Неміс ұлты: Надя.

Мен неміспін! Сүйемін қазақ тілін, қаймағы бұзылмаған таза тілін.

Қазақ ұлты: Нұрсәт.

Мен қазақпын! Иесімін кең даланың, талай жаудан бұл даланы қорғап қалған.

Өте жақсы балалар, біздің ана тілімізді, жерімізді өзге ұлттардың қалай қастерлеп құрметтейтінін білдік. Енді балалар, біздің достығымыз туралы бір ән шырқайық.



Ән: «Достық».

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Ортақ жердің байлығы

Ортақ бізге бір Отан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Бәрекелді балалар, біздің бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осымен аяқталды.Балалар сендерге

рахмет, өте белсенді қатысып, білімдеріңді көрсетіп шыңдадыңдар.

Қонақтар, сіздерге де рахмет. Қош сау болыңыздар!

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Воздвиженка ауылы МКҚК «Болашақ»балабақшасы.

Тақырыбы:

«Ана тілім – асыл қазынам»

(тәрбие сағаты)



Мұғалім:Таксимов Е.К.

2014ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет