Тақырыбы: Тұқым және жеміс



Дата26.08.2017
өлшемі91,23 Kb.
#29460
Бекітемін:______________
Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Ергалиев
Сыныбы: 2
Пәні:Дүниетану
Тақырыбы: Тұқым және жеміс

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тұқым және жеміс арасындағы ерекше байланысты білуге үйрету. Өсімдіктердің өсіп өнуіне, қамқорлық жасауға тәрбиелеу,ойлау қабілетін, сөйлеу мәнерін, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жемістер

Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағдай туғызу.

  2. Ауа райын бақылап, белгілеу. Дәптерлеріне жазу.

  3. Үй жұмысын тесеру. «Өз біліміңді тексер»-тест .

Барлық балалар орындайды, орындап болғаннан кейін жұптасып отырған баламен ауысып, тексереді. Тексеру интерактивті тақтада арқылы. Жасыл түспен дұрыс жауапты белгілейді. Жұмыстарды тапсыру.

Үйге жапырақтардың суреттерін сал деген тапсырма берілген.

-Сонымен жапырақтар неге сарғаяды?

-Жапырақ деген не? (Өсімдік мүшесі)

-Ал өсімдіктер туралы не білеміз? (3 топ ағаш,шөп, бұта)

-Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелдеңдер.

Слайд көрсету арқылы өткен тақырыптарды қайталау?

-Өсімдік мүшелерін ата

-Тамыр қандай қызмет атқарады? Қандай түрлері болады(Жақсы жетілген өсімдіктің негізгі тамыры кіндік тамыр деп аталады.)

-Сабақ қандай қызмет атқарады?

Жұмбақ айту:

Ешкім де жемейді,


Тәтті екен демейді.
Сарғайып піседі,
Үзіліп түседі. (Жапырақ)

Гүлдердің түрлерін көрсету.

Сергіту сәті

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін дәмдісін,

Әжемізге сыйлайық.


  1. Жаңа тақырып

Жұмбақтар айту.

Алыстан көрсем ақ тас

Жақынна көрсем -дәмді ас.(Күріш)

Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз)

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні,

Құйрығынан суырып,

Әкеледі әжем бір күн. (Сәбіз)

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. (Бидай)


Бақшамызда жалғыз аяқты

Сарыбас өсіп тұр.

Күн қай жаққа жылжыса

Сарыбас сол жаққа бұрылады. (Күнбағыс)

Қауын, қарбыз дей алмайсың,

Піскенімен жей алмайсың.

Жарғанымен, қап-қатты,

Ал асқанда, тәп-тәтті. (Асқабақ)

Осы жұмбақтардың шешуіне қарап, бүгінгі тақырыпты кім айтады?

Жеміс пен тұқым

5. Практикалық жұмыс . Зерттеу лабораториясы. Жұппен жұмыс.

-Алдарында жемістер соларды зерттеп, байқағандарынды жазыңдар.

Әр жұп өз жұмыстарын қорғайды.

Слайд арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.

Флипчартта: құрғақ жемістерді бір себетке, ал шырынды жемістерді екінші себетке салу.

Әр жемісті тұқымымен сызық арқылы қос.

-Жеміс ол не?

-Ол өсімдік мүшесі.

Өсімдік мүшесі Жеміс пен шырын. Оқулықты оқу.

Оқып болғаннан кейін бекіту.

-Не ұқтыңдар?

-Қандай жемістер болады?

-Тұқым мен жеміс өсімдіктердің қандай мүшесі?

-Шырынды жемістерге мысал келтір.Олардың тұқымы туралы айт

-Құрғақ жемістердің тұқымы туралы айт. Оларға мысал келтір.

-Өсімдіктер тұқымы таралуы жайлы әңгімеле.



  1. Қорытындылау. Бағалау.

  2. Үй тапсырмасы:Өз бақшаларында қандай жемістер өсіресіңдер жазып келу. Оның түрін, сипаттау, пайдасы айту.

Бекітемін:______________


Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Ергалиев
Сыныбы: 2
Пәні:Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке топырақ керек
Сабақтың мақсаты: Топырақ түрлерімен таныстыру, құнарлылығын сақтау жолдарын үйрету
Міндеттері: Топырақтың не екенін ұқтыру, топырақтың негізгі қасиеттерін ажырату
Күтілетін нәтижелер: Топырақтың не екенін ұқты, топырақтың негізгі қасиеттерін ажыратты
Көрнекіліктері: суреттер, кестелер, интернет материалдары, ыдыстағы су, топырақтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу
Психологиялық дайындық.
Сыныпты білім ағашынан алма теру арқылы төрт топқа бөлемін.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Өсімдікке су керек тақырыбындағы берілген мәтіннің мазмұнын 2 - 3 оқушыдан сұрау. Талантты дарынды балалардың дайындап келген таныстырылымдарын қорғауға уақыт беру

III.«Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша берілген сұрақтар бойынша сәйкестендіру.


1 - топ Өсімдікті неге тірі ағза деп атайды?
Өсімдік тірі ағза: қоректенеді, өседі, қурайды, көбейеді, тыныс алады
2 - топ Өсімдіктің қандай пайдасы бар?
Өсімдік: Сусын, ем, ауа, тағам, жеміс, дәрі, кітап
3 - топ Жапырақтың қызметі қандай?
Жапырақ: Өсімдік бойындағы суды буландырады, ауаны тазартады көмірқышқыл газын сіңіреді, оттегін шығарады, қант, крахмал жасалады, жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады
4 - топ Өсімдік қалай көбейеді?
Өсімдіктің көбеюі: тұқымнан, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс

IY. Жаңа сабақты меңгерту. Өсімдікке топырақ керек. Ол өзіне керек қоректік заттарды топырақтан алады. Сондықтан құнарлы топырағы бар жерде өсімдік көп, әрі тез өседі. Топырақтың құнарлығын адамдар оған тыңайтқыштар қосып жақсартады.


Өсімдікке ауа, жарық, жылу керек.
Өсімдік ауаны тамыр арқылы да жапырағы арқылы да ала береді. Сондықтан топырақты қопсытып отырған дұрыс болады. Тығыз топырақ ауаны нашар өткізеді. Күннің жылуы көктемде жеткілікті бола бастайтындықтан өсімдіктер көктемде өсе бастайды.
Көктем мен жаз өсімдіктің өсуі үшін өте қолайлы мезгілдер.

Y.«Миға шабуыл» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар беремін.


Топырақ деген не?
Топырақ дегеніміз жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.
Топырақтың негізгі қасиеттерін ата.
Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болады және өсімдік жақсы өседі. Топырақтың ең басты қасиеті құнарлылығы.

YI Мәтінмен жұмыс


Өзім оқып мәтіннің мазмұнын түсіндіремін.
Оқушыларға жеке - жеке оқытамын, тізбектеп оқытамын. Электрондық оқулықтан тәжірибе жасалу жолдарын тыңдаймыз
Тәжірибе жасау үшін оқушыларға қауіпсіздік ережесін айтып түсіндіру.
Тәжірибе жасап оқушылар өз көзімен көріп, қолымен жасап түсінеді.
Топырақ түрлерімен таныстыру
Қара топырақ орманды - дала және дала белдемдерінде көп жылдық шөпті өсімдіктер астында, негізінен, ләсті борпылдақ жыныстарда түзілген аса құнарлы топырақ. Қ. т. қабаты қалың (20 – 40 см), оның құрамындағы қарашірік 4 – 12%, кейде одан да көп болады.
Сор топырақ орманды дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі көп болады.
Тұздың топыраққа жиналуы мен жиналу жағдайлары, сортаңданған топырақ қалыптасуы, тұздардың ыза және топырақ құраушы жыныстар тұздылығы мен тұздардың топырақ кескінінде шоғырлануына байланысты. Тұздар негізінен тау жыныстары бұзылуы нәтижесінде ерімтал күйінде пайда болады. Көптеген тұздар жанартау шөгінділерінде пайда болады.

YII.«Ойлан бірік талқыла» әдісі бойынша топтық жұмыс.


1 - топ Топырақ неліктен бұзылады?
2 – топ Топырақты қорғау үшін не істеу керек?
3 – топ Топырақтың құрамына нелер жатады?
4 – топ Топырақтың түрлерін білеміз бе?

YIII.«Құм, тас, су» ойынын ойнау


Ойынның шарты: Басы «құм»дегенде әр жерде оқушылар шашыраңқы болып отырады, «тас» дегенде өз қолымен мүсін жасап қатып қалады, «су» дегенде толқын болып қозғалады.

IX.«Даналық қоржыны» әдісі


Оқушылар өздері сұрақ дайындап сол сұрақтарын «Даналық қоржынға» салады,. сол сұрақтарды оқушылар суырып жауап береді

X. Бағалау. Бағалау бетшесі арқылы оқушылар өзін - өзі бағалайды.


Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма беріледі

Бекітемін:______________


Оқу ісінің меңгерушісі: Б.Ергалиев
Сыныбы: 2
Пәні:Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа, жылу, жарық керек

Сабақтың мақсаты: Тақырып мазмұнын ұғындыра отырып, түсінгендерін өз

сөздерімен жеткізе білуге үйрету

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап

Көрнекіліктері: топ аттары, тапсырмалар жазылған карточкалар

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі


  1. Сабақты бастауға сыныпты ұйымдастыру

  2. Сабақ жүрісімен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлім

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

Ол ауырса сенің де ауырғаның,

Ол сауықса сенің де сауыққаның.

Табиғаттың қабағы қашанда ашық,

Сезбесе егер адамнан қауіп барын-деп өлең жолдарында айтылғандай табиғаттың бізге берер сыйы мол. Бұл сөзді мен неге айтқанымды сабақ барысында өздерің дәлелдеп шығасыңдар,-деп ойлаймын. Ал енді осы табиғат сыйларының бірі жемістерді таңдау арқылы сынып топқа бөліне қояйықшы.

І топ «Ауа»

ІІ топ «Топырақ»

ІІІ топ «Жылу»



  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдікке су және топырақ керек»

3 топтан 3 оқушы айтады.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырып: «Өсімдікке ауа, жылу, жарық керек»


  • 3 топ жаңа сабақты өздері оқып түсіндіреді.

  • Практикалық бөлім

Жақсы өскен және ауырып өсе алмай тұрған 2 өсімдікті салыстыртып әңгімелету. «Ұяшық таңдау» ойыны 3ұяшық

  1. ұяшық тапсырмасы: Жаз мезгілінің суреті Осы жыл мезгілінің өсімдікке әсері туралы әңгімелеу 2 ұяшық тапсырмасы: Қыс мезгілі 3 ұяшық тапсырмасы: Күз мезгілі «Гүлге көмек» ойыны

Адасқан әріптер арқылы сөздерді дұрыс тауып, гүлдердің бастарын жоғары қарап өсуіне көмектесу. Сергіту сәті

Мәтін оқу(оқушылар көздерін жұмып елестетеді) Мен көк майса шалғынды жап жасыл бақ ішінде келе жатырмын. Жан – жағым құлпырған жұпар иісті гүлдер. Сан алуан әдемі гүлдерді басуға да қимаймын. Бірақ мен осы бір әдемі гүлді мені өмірге әкелген ең жақын адамым анам үшін жұлып алайыншы. Иісі қандай керемет. Енді осы гүлді анама тез жеткізу үшін үйіме асыға қайтайын,- деп сендер де көздеріңді ашып сыныпқа орала қойыңыздар.



Өсімдікке керекті жағдайлар

1 Жылу

2 Жарық

3 Су

4 Ауа

5 Құнарлы топырақ

6 Тазалық

Өсімдікке керексіз жағдайлар

1 Жел

2 Құрғақшылық

3

Менің өсімдікке көмегім

1 Су құямын

2 Тазалап тұрамын

3 Жарық жерге қоямын

4 Жылы жерде тұруын қамтамасыз етемін

Қорытынды

  • Сұрақ- жауап:



  • Қортындылау:

киім тағам баспана

Өсімдік

көлеңке сусын дәрі



Бағалау

Көршілерін бағалау әдісімен жүргізіледі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет