Тақырыбы: Тұқым қуалайтын микросфероцитарлы Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы



бет4/5
Дата06.12.2023
өлшемі1,73 Mb.
#195286
1   2   3   4   5
Байланысты:
аллергия
алгортм сд , Чек лист Аускультация сердца 2

Клемастин (Clemastinum), тавегил.

  • Клемастин (Clemastinum), тавегил.
  • Клемастин Н1-гистамин рецепторларының тежегіші – этаноламиннің туындысы. Аллергияға қарсы әсері бар, тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді, тыныштандырғыш және М-холинотежеуші әсер көрсетеді, ұйықтататын белсенділігі жоқ. Гистаминмен шақырылған вазодилятация дамуын және бірыңғай салалы бұлшық еттің жиырылуының алдын алады. Капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, экссудацияны және ісіктің қалыптасуын тежейді, қышыманы азайтады, жергілікті анестезиялаушы әсер көрсетеді.
  • Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
  • Поллиноз, аллергиялық ринит, есекжем, қышыма дерматоздары, жанасқан дерматит, дәрілік аллергия, жәндіктердің шағуы, ангионевротикалық ісіну, анафилактикалық шок және анафилактоидты реакциялар, аллергиялық және псевдоаллергиялық реакциялар, қан сары сулық ауру, геморрагиялық васкулит, жедел иридоциклит. Ересектерге және 12 жастан асқан балаларға 1 мг (таблеткалар №10, 20, 30), 6-12 жастағы балаларға 0,5-1 мг күніне 2 рет, 1-6 жасқа дейінгі балаларға 1 шай қасықтан (шырын 0,013%); көктамырға және бұлшық етке ересектерге 2 мг (0,1% – 2 мл ампула) күніне 1 рет, балаларға күніне 0,025 мг/дене салмағына.
  • Кері көрсеткіштері.
  • Жоғары сезімталдық, жүктілік, лактация кезеңі, бала жасы (1 жасқа дейін), 6 жасқа дейінгі балаларға таблетка түрінде.
  • Жанама әсері.
  • Жоғары күйзеліс, ұйқышылдық, бас ауыруы, бас айналуы, дірілдеу, әлсіздік, шаршау сезімі, тежелу белгілері, қозғалыстыға бұзылу, аритмия, бронхоспазм, ауыз қуысының құрғауы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, іштің өтуі немесе іш қатуы, гастралгия, зәр шығарудың қиындауы, гемолитикалық қаназдық, тромбоцитопения, агранулоцитоз, аллергиялық реакциялар.
  • Шығарылу түрі.
  • 1 мг таблеткада N.10; 0,01% 60 және 100 мл флакондағы шырын; 0,1% 2 мл егуге арналған ампуладағы ерітінді N. 5.

 

  •  
  • Лоратадин (Loratadinum), кларитин, лоратин.
  • Лоратадин аллергияға қарсы және қышымаға қарсы әсер көрсетеді. Үйренуді шақырмайды. Алкоголь әсерін күшейтпейді, тыныштандыратын және орталық жүйке жүйесіне байланысты әсерлер көрсетпейді.
  • Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
  • Есекжем, Квинке ісігі, қан сарысулық ауру, аллергиялық ринит, конъюктивит, дерматит, бронх демікпесінің инфекциялық емес аллергиялық түрі, медикаментозды аллергия. Жәндіктер шағуынан болған аллергиялық реакцияны басады. Ересектер және 12 жастан асқан балаларға ішке 1 таблеткадан (10 мг) күніне 1 рет. 2-12 жастағы балаларға: дене салмағы 30 кг 1/2 таблетка, ал 30 кг артық болса 1 таблеткадан күніне 1 рет.
  • Кері көрсеткіштері.
  • Жоғары сезімталдық, лактация кезеңі. 2 жасқа дейінгі балаларға таблетка түрінде рұқсат берілмейді.
  • Жанама әсері.
  • Құсу және ауыз қуысының құрғауын сирек шақырады.
  • Шығарылу түрі.
  • 10 мг таблеткада N. 7, 10, 12; 0,1% 50, 60, 100, 120 және 125 мл флакондағы шырын; 0,1% 30 және 100 мл ішке қолдануға арналған флакондағы суспензия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет