Тақырыбы: Тұқым қуалайтын микросфероцитарлы Минковский-Шоффар гемолитикалық анемиясы


Мебгидролин (Mebhydrolinum) - диазолин



бет3/5
Дата06.12.2023
өлшемі1,73 Mb.
#195286
1   2   3   4   5
Байланысты:
аллергия
алгортм сд , Чек лист Аускультация сердца 2

Мебгидролин (Mebhydrolinum) - диазолин.

  • Мебгидролин (Mebhydrolinum) - диазолин.
  • Мебгидромин - Н1- гистаминді рецепторларының тежегіші. Аллергияға қарсы, қышымаға қарсы, экссудацияға қарсы және әлсіз тыныштандыратын әсер көрсетеді.
  • Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеуі.
  • Аллергиялық ринит (маусымдық, созылмалы), поллиноз, аллергиялық конъюктивит, есекжем, терінің созылмалы ауруы (экзема), жәндіктердің шағуына тері реакциясы; қышыма дерматоздарға және бронх демікпесіне үйлесімді емді ішке және тамақтан кейін тағайындайды. Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға: күніне 100-300 мг (таблеткалар, дражелер 50; 100 мг №10; 20 ). 5-10 жастағы балаларға: күніне 100-200 мг. 2-5 жастағы балаларға: күніне 50-150 мг. 2 жасқа дейінгі балаларға: күніне 50-100 мг.
  • Кері көрсеткіштері.
  • Жоғары сезімталдық, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы (қозу сатысында),
  • АІЖ-ның қабыну аурулары, қуық асты безінің гипертрофиясы.
  •  
  • Жанама әсері.
  • Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, ауыз қуысының құрғауы болуы мүмкін; агранулоцитоз.
  • Шығарылу түрі.
  • 50 және 100 мг таблеткада және дражеде N. 10, 20.

Квифенадин (Quifenadinum) - фенкарол.

  • Квифенадин (Quifenadinum) - фенкарол.
  • Квифенадин - аллергияға қарсы әсер көрсететін гистаминге қарсы зат. Гистаминнің әсерін әлсіретеді (оның бронхоспастикалық әсерін, ішектің бірыңғай салалы бұлшық етінің спазмогенді әсерін және тамырлардың өткізгіштігіне әсерін төмендетеді). Инактивациялайтын гистамин Н1-рецепторларын тежеп қана қоймай, тіндердегі гистамин шоғырымын төмендетеді және фермент – диаминоксидазаны белсендендіреді. Серотонинге қарсы әлсіз М – холинотежеуші әсер көрсетеді. ОЖЖ-ін тежемейді.
  • Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
  • Поллиноз, есекжем, ангионевротикалық ісік, аллергиялық ринопатия, дерматоздар (экзема, псориаз (теңге қотыр), атопиялық дерматит, тері қышымасы), бронхоспастикалық құрамы бар инфекциялық-аллергиялық реакциялар. Ересектерге 25-50 мг күніне 3-4 рет (таблеткалар 25; 50 мг №20). Балаларға: 3 жасқа дейінгі 5 мг күніне 2-3 рет; 3-7 жастағы 10 мг күніне 2 рет; 7-12 жастағы 10-15 мг күніне 2-3 рет; 12 жастан жоғары 25 мг күніне 2-3 рет.
  • Кері көрсеткіштері.
  • Сезімталдықтың жоғарлауы, жүктілік (І үш айында).
  • Жанама әсері.
  • Ауыз қуысының шырышты қабығының құрғауы, диспепсия, жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық.
  • Шығарылу түрі.
  • 10 мг балаларға арналған таблеткалар және ересектерге арналған таблеткалар 25 және 50 мг N. 20.
  • Прометазин (Promethazinum), дипразин, пипольфен.
  • Препараттың гистаминге қарсы белсенділігі жоғары (димедролмен салыстырғанда белсенділігі жоғары). Н1-гистамин рецепторларын тежейді. Тыныштандыратын әсер көрсетеді.
  • Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.
  • Аллергиялық аурулар, айқын аллергиялық құрамымен жүретін ревматизм ауруы, дәрілік заттармен шақырылған аллергиялық асқынулар, қышыма дерматоздар (тері аурулары), Меньер ауруы. Сонымен қатар хирургияда наркотикалық анальгетиктер және жергілікті анестетиктердің әсерін арттыру, наркоз әсерін ұзарту үшін литикалық қоспаның құрам бөлігі болып табылады. Ішке 0,025 гр (драже 25 мг №10) күніне 2-3 рет, бұлшық етке және көктамырға 2,5 % 1-2 мл ерітінді.
  • Кері көрсеткіштері.
  • Алкогольді мастық жағдайы, көлік жүргізушілерге жұмыс барысында тағайындауға болмайды.
  • Жанама әсері.
  • Ауыз қуысының құрғауы, жүрек айнуы. Бұлшық етке енгізгенде ауырсыну шақыратын инфильтраттар, ал көктамырға енгізгенде артериялық қысымның күрт төмендеуі байқалады.
  • Шығарылу түрі.
  • 25 мг драже N. 20; 2,5% 2 мл егуге арналған ерітінді.
  • Рецепт үлгісі. Rp.: Dragee Promethazinі 0,025
  • D.t.d N. 20
  • S. 1 – 2 дражеден күніне 2 – 3 рет.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет