Эндоскопияда (колоноскопия және сигмоидоскопия) кілегей қабықта патологиялық өзгерістер болмайды, кейде процесс өршіген кезде орташа дәрежелі беткей қабыну өзгерістері анықталады
Эндоскопияда (колоноскопия және сигмоидоскопия) кілегей қабықта патологиялық өзгерістер болмайды, кейде процесс өршіген кезде орташа дәрежелі беткей қабыну өзгерістері анықталады.
Эндоскопияда (колоноскопия және сигмоидоскопия) кілегей қабықта патологиялық өзгерістер болмайды, кейде процесс өршіген кезде орташа дәрежелі беткей қабыну өзгерістері анықталады.
Диагнозын қою және іріктеу диагнозы 1988 жылы Римде халықаралық сарапшылар ұсынған “Тітіркенген ішек синдромының ” критерийлері:
тұрақты күйде сақталатын және кем дегенде үш ай ішінде қайталанып отыратын симптомдар:
Дәретке отыру жиілігіне тәуелді
Дәреттің консистенциясының өзгеруіне тәуелді
Төмендегі шағымдардың пайда болу мерзімінің кем дегенде 1/ 4 уақытын екі және одан да көп симптомдар алады:
Дәреттің жиілігінің өзгеруі (тәулігіне 3 реттен көп немесе аптасына 3 реттен аз)
Нәжіс консистенциясының өзгеруі («қой құмалағы», тығыз, қалыптаспаған немесе сұйық)
Дефекация актісінің өзгеруі (қиналып болатын, еріксіз дәретке отыру сезімі, ішектің толық босамау сезімі )
Кілегейдің бөлінуі
Іштің кебуі, іштің толып кету сезімі
Тітіркенген ішек синдромын тоқ ішектің рагінен, Крон ауруынан, бейспецификалық жаралы колиттен , тоқ ішектің дивертикулезінен айыра білу керек.
Тітіркенген ішек синдромын тоқ ішектің рагінен, Крон ауруынан, бейспецификалық жаралы колиттен , тоқ ішектің дивертикулезінен айыра білу керек.
Тоқ ішек рагінен тітіркенген ішек синдромынан өзгешелігі онда қан кету, анемия және дефекация актісінде қиналудың болатындығында. Шешуші диагнозды ректальдық және эндоскопиялық тексерулердің нәтижесіне қарап қояды.
Тоқ ішектің дивертикулезі дивертикулит қосылғанда ғана белгі бере бастайды және ол іштің, әсіресе оның сол жағының күшті ауыруымен, ауырсынудың күш түскенде күшейе түсуімен, дене қызуының көтерілуімен сипатталады.