Тақырыбы: Толқындық қозғалыс Мектеп



Дата08.02.2022
өлшемі405,91 Kb.
#98009
Байланысты:
қмж фоә


Қысқа мерзімді жоспар


Тақырыбы:Толқындық қозғалыс



Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Абдуллаева А.

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.10 Толқындық қозғалысты сипаттайтын физикалық шаманы есептеу
9.2.5.11 Механикалық толқын түрлерін ажырату
9.2.5.12 су бетіндегі толқынның таралу жылдамдығын эксперимент түрінде анықтау.

Сабақтың мақсаты

1.Толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды анықтау.
2.Механикалық толқын түрін ажырату.
3.Толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды,тәжірибе жасауда есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийі

1.Толқындық қозғалысты сипаттайтын
шамаларды анықтайды .
2 .Механикалық толқындардың түрін ажыратады
3. Толқындық қозғалысты сипаттайтын шамаларды
қолданып есептер шығарады ,және тәжірибе түрінде анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік терминдер:
Толқын, жиілік, энергия, период



Құндылықтарға баулу


Білім алушылар бір –бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға және өмір бойы білім алу



Пәнаралық байланыс


Математика,информатика

Алдыңғы білім



3 зертханалық жұмыс
Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау




Сабақтың басы



  • Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру:

- Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
-Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
-Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

  • Топқа бөлу: 1, 2, 3 санағы

1 - топ – механикалық толқын
2- топбойлық толқын
3- топ – көлденең толқын
Үй тапсырмасын сұрау :,,Миға шабуыл,,
1. Маятниктің түрлерін атаңыз.?
2.Математикалық маятник деп нені айтады .?
3.Серіппелі маятник деп нені айтамыз .?
4.Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тең.?
5.Маятник қай жерлерде пайдаланылады?
,,Микрофон,, әдісі арқылы бағалау




Сабақтың ортасы

,,Ментальді карта ,, топпен жұмыс
1-топ. Механикалық толқын
Тапсырма :Барлық топқа.
«Ойлан -жұптас -бөліс» әдісі бойынша әр топ өзіне берілген есептерді жеке өз бетінше ойланып, ой қорытады, екеуара жұппен пікірлеседі, содан соң топта бірігіп талқылайды, ортақ қорытынды жасайды
25-жаттығу 137 бет
Тапсырма:1
1.Су айдынына тас тастағанда толқындар пайда болады .Су бетінде қалқып жүрген кішкене дене 15 с ішінде 6рет жоғары көтеріліп, төмен түсті.Егер толқын өркештерінің арақашықтығы бір-бірінен 40 см қашықтықта болса,онда су айдынында тарайтын толқын жылдамдығы неге тең болады ?
2.теңіз бетіндегі қатар екі толқынның арақашықтығы 4м.Толқында тербелген қайық тербелісінің периоды 1,5 с.Толқын жылдамдығы неге тең?
3.Серпімді жіпті бойлай 20 м\с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады .Тербеліс периоды 0,5 с.Толқын ұзындығын табыңдар.
Ауызша Бағалау: «От шашу»


  • Дескриптор:



  • Толқындық қозғалысты формуласын қолданып есептейді

  • Толқындық қозғалыстың өмірде қолданылуын және оның маңызын айтады


Тапсырма:2
Толқындық қозғалысты өмірмен байланыстыру. 

1.Механикалық толқындарды біз өмірде қай жерлерде кездестіреміз ?


  • Дескриптор:

Толқындық қозғалыстың өмірде қолданылуын және оның маңызын айтады
Қалыптастырушы бағалау: Өзара бағалайды
Тәсілі: Басбармақ

Тапсырма:3 Жеке жұмыс “Шағын ,, тест
Бұл тапсырмаға оқушылар толық жеке қатысады. тест
1.Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі не деп аталады?
А)толқындар Б)механикалық толқын В)жиілік
2.Толқын дегеніміз не?
А)серпімді ортада таралатын тербеліс Б)көлденең толқын В)бойлық толқын
3.Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді?
А) Б) В)
4.Көлденең толқындардың неше түрі бар?
А)2 Б) 5 В) 3
5.Толқын жылдамдығының формуласын көрсетіңіз?
А) Б) В)


Жеңімпазды:,,От шашу ,, әдісі арқылы бағалау



Тақырып бойынша дайындалған ресурстар.

Постер қорғау.










Сабақтың соңы



Бағалау :БББ әдісі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді










Үй тапсырмасы: Толқындық қозғалыс эссе жазу.




Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап. Деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым


.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім



«Екі жұлдыз-бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс жасалады.
Кері байланыс. Әңгімелесу тәсілдерін қолдандым

Тапсырмаларды орындау кезінде құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.
Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау







Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:


2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет