Альвеолярлы өсіндінің орташа атрофиясы кезінде Ванкевич (1945) шендеуіші қолданылады. Ол төменгі жақ сынығы кезінде және сүйектік пластика кезінде қолданады, сондықтан ол әмбебап. Төменгі жақ сынықтарын түзеу және ұстау үшін қолданылады.
Ванкевич шендеуіші – жоғарғы жаққа тіс қызылиектік шендеуіш, одан пелоттар шығады, олар ауызды ашқан кезде төменгі жақ тістерінің тілдік беттерімен байланыс сақтайды, тістер жоқ кезде – альвеолярлы өсіндімен. Ауызды жапқан кезде және тістерді қабыстырған кезде олар орталық окклюзия қатынасын сақтау керек. Степанов шендеуіші — Ванкевич шендеуішінің модификациясы, таңдай күмбезі аймағындағы негіз доғамен алмастырылған.