Ветеринарлық-зертханалық зерттеулердің нәтижесін алар алдында өліктер, еттері немесе ішкі ағзаларымен және терісімен қоса, барлық тұшасы қатаң оқшаулау жағдайында сойған жерде қалады
4. Ветеринарлық-зертханалық зерттеулердің нәтижесін алар алдында өліктер, еттері немесе ішкі ағзаларымен және терісімен қоса, барлық тұшасы қатаң оқшаулау жағдайында сойған жерде қалады.
5. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, патологиялық материалдарды ветеринарлық зертхана жібереді. Ветеринарлық зертханада материал микроскопиялық әдіспен – материалдың келіп түскен күні, бактериологиялық – үш тәулік бойы, биологиялық – он тәулік бойы зерттелуге тиіс.
6 Микроскопиялық зерттеудің оң нәтижелерін алған кезде ветеринарлық зертхана тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына және жануардың иесіне алдын ала жауап береді.