Медициналық қамтамасыз етудің қағидалары - Зардап шеккен адамдардың көптеп түсуі көптеген медициналық бригаларды ұйымдастыруды талап етеді, олардың саны зардап шеккен адамдардың санына байланысты.
- Зақымданулардың ұқсастығы (уланулар, күйіктер, механикалық жарақаттар, суға батулар, радиациялық зақымдану және т.б.), жұмысты жеңілдететін, зардап шеккен адамдарға біркелкі емдеу жолын талап етеді. Бірақ, бір жаманы, біртектес дәрі-дәрмектердің, трансфузиялардың, құрал-саймандардың, аппаратуралардың шығындары артады.
- Зардап шеккен адамдар топтарын жағдайларының ауырлығы бойынша түсті белгілер қоюмен жіктеу:
- 1 топ- белгі түсі- қызыл: реанимация немесе ҚЕ керек, себебі, бұл топтағы зардап шеккен адамдардың 30% 3 сағат ішінде өледі.
- 2 топ – сары: осы сәтте өмірге қауіп жоқ, бірақ операция, бөгеу, ем жасауды керек етеді; 2-12 сағат бойы көмек көрсетілмесе олар 1 топқа ауысуы мүмкін.
- 3 топ- жасыл: жедел емес амбулаториялық көмекті керек етеді.
- 4 топ- қара: өлгендер немесе жанталасушы науқастар.
Достарыңызбен бөлісу: |