Тақырыбы: тпү-тің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру



Дата14.12.2021
өлшемі23,5 Kb.
#126848
Байланысты:
11 апта сөж
Портфолионы педагогикалы міндеттері. Портфолионы , тест по матем, TESTY OSEN, vyjivanie

Тақырыбы:ТПҮ-тің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру

СӨЖ

Процесс («processus» - «ілгерілеу» латын сөзі) - күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәрсенің даму жүрісі; қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы.



«Педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф.Каптерев ендірді.

«Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Педагогикалық процесс - білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс – бұл арнайы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.

Тұтас педагогикалық процесс(ТПП)

Оқушылар мен мұғалімдердің,тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің келісілген қызмет жүйесінен тұратын ғылыми талаптарға сәйкес құрылған оқу-тәрбие процесі

ТПҮ—ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті,ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге,оқушының дамуға және өзін еңбекте,қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Педагогикалық процестің заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады:

педагогикалық процес әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай болуы;

нақты мақсатқа бағыттылығы; педагогикалық процестің екі жақты сипаты;

оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы мен ойластыруы;

оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру;

оқушылардың даму деңгейінне лайықты ұйымдастыру;

педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтығы.

Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан педагогиканы А.С. Макаренко диалектикалық ғылым деп санайды. Оқыту жəне тəрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында жəне қарама-қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К. Бабанскийдің, И.Я. Ленердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.

Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мəнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Педагогикалық процестің заңдылықтары оның тұтастығын дəлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға болады.

Оқыту мен тəрбие қоғамның мұқтаждығына жəне жағдайына байланысты. Орта мектепте бұл заңдылықты іске асыру елдің əлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты болды. Неғұрлым қоғамның экономикалық

мүмкіншілігі ғылыми-техникалық прогреске сəйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу-материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді

ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі əсер етеді.

1

Тəрбиенің, оқытудың, білім берудің жəне дамудың өзара байланыс



заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тəрбие жəне даму процестерімен

байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру тəрбие жəне даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызды. Л.С. Выгодскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ал бала дамуының «ең таяу даму аймағын» жасайды, баланы ізденуге талаптандырады жəне дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы», одан əрі «актуалды даму аймағына» көшуі тиіс, яғни бұл аймақта оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды. Оқытусыз тəрбиені іске асыруға болмайды, себебі адам баласы белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана өмірге игі əсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы ұйымдастыруға болмайды.

2

Тəрбие мен өзін-өзі тəрбиелеудің бірлігі.



Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына белсенділіктін ролі өте зор. Іс-əрекеттің барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады.Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі жəне өзін-өзі тəрбиелеу белсенділігі

3

Педагогикалық процестің заңдылықтары – педагогикалық процесс құбылыстары мен аспектілері арасында объективті өмір сүретін, қайталанып тұратын, тұрақты, мəнді байланыстар.



Заңдылықтар: ішкі жəне сыртқы болып бөлінеді.

Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтары:

1. Тəрбие мен əлеуметтік жүйе байланысы.

2. Оқыту мен тəрбие байланысы.

3. Тəрбие мен іс-əрекет байланысы.

4. Тəрбие мен тұлға белсенділігі байланысы.

5. Тəрбие мен қарым-қатынас байланысы.

Байланыстар негізінде принциптер анықталады.

Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік

беретін негізгі идеялар, ережелер.

Принциптердің атқаратын қызметтері:

1.Олардың көмегімен мақсат анық, дəл тұжырымдалады.

2.Педагогикалық процестің мазмұнын, əдісін, құралдарын, формаларын

анықтау үшін қолданылады.

3.Тəрбиелік қатынастардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді

Педагогикалық принциптер – қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік

беретін негізгі идеялар, ережелер.

Педагогикалық процесті дамыту заңдылықтары ретінде қолданылады.

Педагогикалық процесс принциптері:

1. Табиғатпен үйлестіру.

2. Ізгілік əрекет ұйымдастыру.

3. Тұтастықты жүзеге асыру.

4. Демократиялық негізде ұйымдастыру.

5. Мəдениетпен үйлестіру.

6. Кəсіптік мақсаттылықты жүзеге асыру.

7. Политехнизм принципі

Педагогикалық процестің заңдары

1. Бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері – тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады;

2. Индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік – азаматтық дәрежесі бар тұлға.

3. Мұғалімдер мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс - әрекеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер

https://yandex.kz/turbo/studopedia.info/s/4-87349.html



А.М. БАЙМУХАНОВА, М.А. ҚҰСАЙНОВА: ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА(Қарағанды 2011)

http://netref.ru

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет