Тақырыбы Трансформатор. Электр энергиясын өндіру,тарату,және түтыну Модуль\ пән атауы: Физика Педагог: Шераздин Ақерке дайындаған 2023 жылғы «28» ақпан


Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында электр қуатын үнемдеуге ерекше назар аударатын



бет4/5
Дата05.03.2023
өлшемі337,86 Kb.
#171164
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
план уроков
Бақылау МБ, матем пропись, тәрбие бағыттары
Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында электр қуатын үнемдеуге ерекше назар аударатын кездің келгенін айтып өтті. Энергияның тапшылығы экономикалық өсімді тежейтін факторлардың бірі болуы ықтимал. Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік бағдарламалар қабылдап, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, электр энергиясының сараланған тарифтерін енгізу, энергия таратушылардың тұтыну және есепке алу жүйесін дамыту бағытында заңнамалық актілер қабылданды.
Сутегін отын ретінде пайдалану.
Қазір планета бойынша пайдаланатын энергияның 80 пайызын жылу электрстанциялары өндіреді. Дегенменде осы жылу электр станцияларының көптеген кемшіліктеріде бар. Біріншіден, жылу электростанцияларының пайдалы әсер коэффициенті (КФД) өте төмен небәрі 40-42 пайыздан аспайды. Сондықтанда тұрақты әрі мол энергия өндіру үшін байырғы отын түрлерін, яғни көмір, мұнай және газды өте көп жағуға тура келеді. Ал, табиғатта бұл отын түрлерінің қорлары шексіз еместігі жөнінде айтып келеді. Яғни, 2050 жылға қарай жер ресурсы түгесіледі деген сөз бар. Мұнымен қоса әлгі жағылған отындардың ауа тазалығын яғни, өзімізді қоршаған ортаны ластауға үлкен әсер ететіні белгілі. 1970 жылы дүниежүзінің барлық жылу электр станциялары 80 млн. тонна күкірт газын, көмірқышқыл газын, сынап буын, т.б залалды қалдықтарды атмосфераға бөліп шығарған. Онымен қоса олардың жағу пештеріне қаншама тіршілікке қажетті ауа құрамындағы оттегі шығын болады. Жәнеде миллиондаған тонна күл, шлак қалдықтарын тау-тау қылып үйіп, пайдалы жерлерді жарамсыз етеміз, ауылшаруашылығына қажетті жерлердің көлемін азайтып, қалалар мен елді мекендердің ауа бассейндерін ластайды. Міне, сондықтан ғалымдар алдында тұрған келелі мәселелердің бірі – бүгінгі және келешектегі энергияны миллиондаған тонна органикалық отын түрлерін жақпай-ақ, отынның жаңа түрін пайдаланып өндіру яғни, қоршаған ортаға бөлінетін залалды қосылыстар мөлшерін азайту т.б болып табылады. Міне, осыған сәйкес ғалымдардың болжауларынша, келешекте органикалық отын түрлерін сутегі элементімен алмастыруға әбден болады екен. Сол сияқты тіпті, байырғы отын түрлерінің орнына сутегін отын есебінде пайдалану үшін көп техникалық өзгерістерде қажет емес. Демек, сутегін отын есебінде пайдалануды іске асыру үшін соңғы жылдары көптеген елдерде едәүір жұмыстар жүргізілуде. Сутегі табиғи ортаны ластамайтын отын түрлерінің бірі саналады, ал оның ең басты қасиеті сутегінің жану температурасы кәдімгі бензиннен үш есе артық. Онымен қоса сутегінің жану кезіндегі жалынының таралуы өте шапшанда, бірақта тұтыну энергиясы бензинмен салыстырғанда 10-12 есе төмен. Міне, осындай қасиеттері сутегін келешектің энергия көзі есебінде пайдалануға мүмкіндік береді. Дегенмен, сутегін отын есебінде игерудің әліде шешілмеген проблемалары көп. Біріншіден, ол тез жарылып, қопарылыс тудыратын заттар қатарына жатады, сондықтанда оны үлкен сақтықпен пайдалану қажет. Екіншіден, оның өзіндік құныда әзірше бензинмен салыстырғанда қымбат. Міне осындай қиыншылықтарына қарамастан сутегін өндіру жыл сайын артуда. Статистикалық деректерге қарағанда, сутегін өндірудің көлемі 1970 жылы 18 млн. тоннаға жеткен, бұл 1915 жылмен салыстырғанда 5 000 есе көп екен. Қазіргі кезде сутегі табиғи газдардан алынады, бірақ оның дені аммиак дайындау үшін қолданылады. Демек, сутегінің сарқылмас көзі-өзен, теңіз және мұхит сулары. Ал бұл сулардан өндіру үшін термохимиялық цикл – процестерін жүргізеді. Жалпы алғанда, сутегін келешек энергия көзі есебінде қарастырған көптеген елдер әртүрлі салада ғылыми жұмыстар жүргізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет