Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Тақырыбы: Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
Өз елін, жерін қорғайтын елжандылық рухқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Еліміздің туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Отан, Туған жер туралы нақыл сөздер, буклеттер.
Б А Р Ы С Ы:
1. Кіріспе.
2. Тәуелсіз ел – Қазақстан.
3.Тәуелсіздік жолында күрескен тұлғалар.
4. Тарихи оқиғалар тізбесі.
5. Желтоқсан құрбандарына тағзым.
6.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қол жеткізген жетістіктер.
7. Қорытынды.
І.Кіріспе
Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшіп, қонып өмір сүрген ата-бабаларымыз үш нәрсені бойтұмардай сақтап қадірлеген. Ол ел мен жер және ана тілі. Қандай халық болмасын осы үшеуінсіз егемен ел екенін дәлелдей алмайсың. Ал енді біз халқымыздың сан ғасырлар күресіп армандап жеткен Тәуелсіздік жолын жырлайық.
І-жүргізуші:
Армысыздар, Отандастар!
ІІ- жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
І- жүргізуші:
Еліміздің егемендік алуы, халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол – баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
ІІ-жүргізуші:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!
Оқушы:
М.Шаханов «Төрт ана»
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқалы,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сарқылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Құдіреті жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған.
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана – тағдырымның тынысы.
Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы!
Достарыңызбен бөлісу: |