Оқушы: 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
Оқушы: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының «Ата Заңы» қабылданды.
Оқушы:1996 жылы 20 қаңтарда Қазақтан Республикасының І сессиясы болып өтті.
Оқушы: 1997 жылы «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
Оқушы: 1998 жылы 6 мамыр Астана күні.Қазақстан Республикасының Астанасы бұрынғы Ақмол қаласына көшті.Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.
Оқушы: 1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті. Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Оқушы: 2000 жылы «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Шежірелі
Түркістанға 1500 жыл толды.
Оқушы: 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. Осы жаңа ғасыр тұсында тәуелсіз мемлекетімізге 10 жыл толды.
Оқушы: 2002 жыл. «Денсаулық жылы» деп жарияланды.
Оқушы: 2003-2005 жылдары «Ауыл жылы» деп жарияланды.
Оқушы: 2004 жылы «Қазақстан – Ресей» жылы болды.
Оқушы: 2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
Оқушы: 2006 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды. Атақты Желтоқсан көтерілісене 20 жыл толды.
Оқушы:2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
«Алға, Қазақстан!» Хормен 3 рет. Қазақстан Республикасының Әнұраны хормен орындалады.
І-жүргізуші: Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
І-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ендігі сөз кезегін тәрбие сағатымыздың арнайы қонақтарына береміз.
Сонымен, сабақ бітті!