Тақырыбы: Ватикан теократиялық мемлекетінің ұстанымдары



бет3/6
Дата11.03.2022
өлшемі62,9 Kb.
#135212
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ватикан

Ватикандағы діни ахуал
Католик шіркеуінің басшысы – Рим папасы. Ол апостол Петрдің мұрагері, сол арқылы Ғайсаның жер бетіндегі өкілі болып танылады. Оны кардиналдар коллегиясының жиыны – конклав сайлады. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық қатынас жасайды. Өткен ғасырдың аяғында Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмәнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды. Бұл христиандықтың өзге салаларынан католицизмнің басты айырмашылықтарының бірі болып табылады.
Бірақ, католицизмнің ең басты айырмасы – Қасиетті Рухтың Әке – Құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен де таралуы (филиокве – сөзбе-сөз-ұлынан да) туралы түсінік. Бұл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды. Сол сияқты католиктер Көне Өсиеттің көптеген кітаптарын бұлжымас қасиетті ілім ретінде қабылдайды. Яғни, Інжілдің редакциясы православиеден гөрі өзгеше. Аса маңызды догмат – “шамадан артық қажет істер” туралы ілім. Католиктердің түсінігінде шіркеудің ұзақ тарихында Ғайса, Құдай-ана және әулиелер жасаған игі істер шамадан артылады. Ал Рим Папасы құдайдың жер бетіндегі өкілі болғандықтан ол құлшылық үстіне осы “жақсылықтарды” өзгелерге үлестіріп, құдай атынан кешірім жасайды. Бірақ таубаға келу күнәдан біржола арылта алмайтындықтан игі істердің қажеттен артықтығы теориясына индульгенция беру тәртібі орнықты. Индульгенция латын тілінде қайырымдылық деген сөз. Индульгенция немесе Папаның арнаулы грамотасы осыған дейін жасаған және болашақта жасауы мүмкін күнаға да кешірім береді. Табыныушылардың мақсаты – діншілдердің сана- сезіміне әсер ету. Сондықтан христиан діні басқа діндер сияқты табыну салттарына көп көңіл бөледі. Оның әдеп ғұрыптары “Жеті құпия сыр” деген атпен белгілі. (шоқыну, хош иісті май жағу, жалбарыну, құдаймен қатысу, некелесу, қол қусырып мінәжәт ету және шырша майымен тазарту.) Шоқындыру — құпия сырлардың бріншісі. Дін иелері бұл ғұрыпты адамның болашақ қасиетті рухани өтуінің салтанатты кезеңі дейді. Тек христиан дініне тән деп уағыздайды. Шын мәнісінде шоқындыру ғұрпының ертедегі магиялық сиқырлық сенімдерден алғанын көреміз.Судың тазартқыштық қасиетіне сену Христиан дінінен кейіннен енген. Ватикан Еуропада орналысқан ел. Ватикан — бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел.Рим католик шркеуінің орталығы болып табылады. Ватикан қала-мемлекеті –католик шіркеуінің орталығы,Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км²). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері:латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялы монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар). Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.

Он бір ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы - Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы - Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Куриясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы король Войтыл Папа атағына сайланды.II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел II шынында «үлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордың шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды.Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жүмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында Орта Азия мен Қазакстан жерінің Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері аралығында Рим папасы Иоани Павел П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп кетуі католик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетеді.Протестантизм, шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Құдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.Лютердің көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті адамның енді қайырымдылық жасау қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Құдайға қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың сенімі мен догматикасының көзі ретінде Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады. Лютерандық шіркеу иерархиясын және қүлшылық ету күпиясын теріске шығарады. Қүдай мен адамның тікелей байланыстығын мойындайды.Дүние жүзінде бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар. Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.XVI ғ. бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пайда болды. Бүл ағымның негізін салушы - шаруа отбасынан шыкқан Швейяария реформаторы Ивингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.Лютеран шіркеуіне караганда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библия тек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтіріп және баска да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторлар барлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен және причащениені діни символикалық әдет деп қарастырады. Діни уағыздың екі түрін қалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни үғымында фаталдық көзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Қүдай біреулерді жарылқады, біреулерді қарғады, кейбіреулері жүмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осы мәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет