Тақырыбы: Ватикан теократиялық мемлекетінің ұстанымдары



бет4/6
Дата11.03.2022
өлшемі62,9 Kb.
#135212
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ватикан

Шіркеулік жүйе
Ортағасырлық мәдениеттің басты ерекшелігі — мәдениеттің діннің ықпалында болуында, яғни христиан діні мен христиан шіркеуінің қоғамда ерекше рөл атқаруында. Рим империясы құлағаннан кейінгі мәдениеттің жаппай құлдырау процесі етек алған жағдайда, діни шіркеулер Еуропа елдері үшін жалғыз әлеуметтік институт болып қалды. Христиан шіркеулері үстемдік етуші саяси институт болуымен қатар, адамдар санасына да мейлінше ықпал етті. Өмірдің қиын жағдайында қоршаған дүние туралы білімнің шектеулі болуы, тіпті оған қол жете бермейтіндей жағдай орын алған кезде христиан діні — халыққа дүние жөнінде, онда үстемдік ететін күштер мен заңдар жайында біртұтас білімдер жүйесін ұсынды. Бұл тарихи дәуірде шіркеу соборларында христиандық діни-уағыздардың басты қағидалары — сенім-белгілері қабылдана бастады. Бұл қағидаларды барлық христиандар орындауға міндетті деп жарияланды. Христиандық ілімнің негізі — Иисус Христостың тірілгеніне, о дүниедегілердің тірілетініне, құдіретті «Үштіктің» бар екендігіне көміл сену болып саналды. «Үштік» ұғымы құдайдай дөріптелді. Ол өзінің үш бейнесінде де біртұтас: өйткені дүниені жаратушы: құдайәке, құдай-бала, касиетті Рух және күнәларды өтеуші Иссус Христос — әрі мәңгілік, әрі бір-біріне тең. Христиан діні адам өзінің табиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға бейім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің коғамдағы ықпалы әр елде әртүрлі болғанымен тұтастай алғанда өте күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяси доктринаға, құқықтар жүйесіне, моральдік ілімге айналды. Алғашқы кезде рұқсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285—337 жылдар) бүкіл Рим империясының мемлекеттік діні — деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласына жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византия қаласына көшірілуі де әсерін тигізбей қалған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына өкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамайақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да, өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті, өшекейлі болып келді. Тек, 756 жылы Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қалалардың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Щығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империясында христиандық шіркеу күшті императорлық билікке төуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы өркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік-діни өмірде басты рөл атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мөселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлеміндегі католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ-та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс-әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана – М.Б.) тоқтаусыз үгіт-насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары мен басылымдары бар екенін айта кетелік.
Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы – протестанттар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан-баптистер, жетінші күннің Адвентистері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10-15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын да ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70-тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһәбтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917-1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде.Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе, тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс-қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды өз қатарына тарта білді. Олар негізінен АҚШ-та орналасқан протестант миссионер ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі – АҚШ, Флорида уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо уилаяты), Қожайындар шіркеуі (АҚШ, Флорида уилаяты), Агапе, Жаңа өмір шіркеуі, Ізгі хабар, Иеһоуа куәгерлері (АҚШ) т.т. Елімізде протестанттықтың 20 шақты сектасы және мыңнан астам діни бірлестіктері мен қоғамдарының қызмет етіп жатқаны біраз нәрсені аңғартса керек. Күн сайын шетелдердегі протестант шіркеулерінің жаңа тармақтары елімізге миссионерлерін жөнелтуде. Олардың ең басты мақсаты – Қазақстанды інжілдендіру (евангелизация) және қазақ халқын түгелдей өз нанымдарына инандыру болып табылады. Осы арада АҚШ-тағы діни фундаментализмнің негізін қалаған протестант шіркеулері екенін есте сақтаған жөн...
Қазақстанда мұсылмандар мен христиандар жалпы халықтың шамамен 97 пайызын құрайды. Бұларға қоса елімізде көптәңірлі (политеистік) және атеистік бағыттағы нанымдарды ұстанатын шағын топтармен қатар біртәңірлі (монотеист) йаһұдилік (иудаизм) дінінің уәкілдері де бар. Әсіресе, йаһұдилер (еврейлер) мен олардың діни бірлестіктерінің саны тәуелсіздік жылдарында шектен тыс артқан. Тәуелсіздікке дейін бірде бір діни ұйымы болмаған йаһұдилердің бүгінгі күні 25 діни бірлестігі және барлық облыс орталықтарында дерліктей синагогалары жұмыс істеп жатыр. Орталық Азия бойынша ең үлкен синагога жуырда Астана қаласында ашылған. Израил, АҚШ және өзге елдердегі бас раввиндер елімізге жиі келіп, ресми адамдар, кәсіпкерлер және жамағат уәкілдерімен кездесулер өткізуде. Қазақстан йаһұдилері құрылтайы «Шалом» деп аталатын газет шығарады. Йаһұдилердің елімізде санының артуы және діни іс-шараларының бұдан да дамуы күтілуде...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет