Тақырыбы: Зерделінің ойы озық (сайыс)



Дата04.07.2018
өлшемі63 Kb.
Тақырыбы: Зерделінің ойы озық (сайыс)

Талюкенова Қ.Ә.,

Қарағанды қ. №68 МИББ кешені
Мақсаты:Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.

Барысы:Сайысқа 7 кластың қыздарынан 3 адамнан тұратын 2 топ қатысады. Сайыс 6 турдан тұрады.

Салтанат: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, тәрбиешілер мен білімге құштар жас өрендер!!

«Зерделінің ойы озық» атты сайысқа хош келдіңіздер! Ойынымыздың алдында әділқазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.

1.Интернатымыздың әдіскері: Қасымова Гүлмира Бағынтаевна.

2.Рахымжанова Айгүл Халеловна

3.Есказинова Бейбіткүл Ағанасовна

Алдарыңызда өз білімімен,ақыл-ойымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары.Ендеше кезек оқушыларда (Әр топ өз аты мен ұранын таныстырады).



«Болашақ»

Ұраны:

Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

«Өркен»

Ұраны:

Тапқырлық таныту мақсатымыз,

Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.

(слайд көрсету)



Тәрбиеші: Назар аударыңыздар!

Суретте ел билеушілер,шахтерлер, еліміздің ғарышкерлері.

Оқушыларға сұрақ:Осы кісілердің барлығы бірдей сұлу деп айта аламыз ба?(Оқушылар жауабы)

Күнделікті өмірде біз олардың қастарынан тіпті көз салмай да өтіп кетеміз. Ал, шындығында олардың бәрінде асқан әсемдік бар.Бұл әсемдік – олардың күнделікті істеп жатқан еңбегінде. Мысалы: шахтерлерді алайық, мыңдаған тереңдіктегі жер астынан әкелінген көмірдің түйірі біздің пайдамызға асып жатыр, үйімізді жылытады. Ал , ел билеушілерді алайық, бұл азаматтардың еңбегін ең қиын деп түсінемін. Олар күнде бүкіл ел, халық үшін жауап береді, тыныштығымыз, татулығымыз үшін еңбек етеді. Немесе ғарышкерлерді алайық, олар жаңа ғылымның прогресін жүргізушілер,сондықтан үлкен қауіп-қатерде,ашық ғарышта жұмыс істеуден тайынбайды. Сонда адам сұлулығы неде деп түсінесіңдер? (Оқушылар жауаптары тыңдалады). Ендеше, адамның сұлулығы атқарып жатқан әрбір ісінде. Халқымыз «Еңбек – адамның көркі, адам заманның көркі» деп жай айтпаған.Адам сұлулықты өнер, еңбек арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді дей келе, «Шеберлік бастауы – ізденіс» атты І турды бастайық.



Бибісара: Сонымен, «Із қалдырып өрнегіндей шебердің,

Әрбір адам еңбегімен танылар», - деп әр топты шығармашылық жұмыстарын көрсетуге шақырамыз.



Салтанат: Ақылдылық аруға жарасады,

Көзі ашық кім бүгін санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында,

Ақылына көркі сай арулардың

Сыналар білімі мен парасаты.

ІІ тур«Білім сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт – 1 минут. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғарғы қасиеті» деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен «Болашақ » тобынан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт!

Сұрақтар :

1 – топ:


  1. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой биші қызы – Шара Жиенқұлова

  2. Отанды қорғаймын деп ұрыс даласына аттанған халқымыздың батыр мерген қызы – Әлия Молдағұлова.

  3. Құрманғазы домбырасын мұра етіп қалдырған,күйші ана – Дина Нүрпейсова.

  4. Ел билеудегі шеберлігі мен асқан ерлігінің арқасында даңқты қолбасшы ретінде тарихқа еңген, сақтардың қолбасшысы – Томирис (Тұмар)

  5. Абай Құнанбаевтың анасы - Ұлжан

  6. Халық қаһарманы, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш ұшқыш кім - Хиуаз Доспанова

  7. Мұқағали ағамыз ән арнаған, халық жазушысы, ақын апамыз – Фариза Оңғарсынова

  8. Ана туралы бір мақал айт

  9. Болгарияда өткен халықаралық конкурста «Алтын Орфей» жүлдесін «Әлия» әнімен жеңіп алған Қазақстанның халық әртісі – Роза Рымбаева

  10. Ауыр атлеттен Әлем чемпионы атанған – Жазира Жаппарқұл

Бибісара: Жарайсыңдар қыздар! Кезекті «Өркен» тобына береміз. Дайынсыңдар ма? Бастайық!

2 – топ:

  1. Қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіби суретші – Айша Ғалымбаева

  2. Отанды қорғаймын деп ұрыс даласына аттанған, халқымыздың батыр пулеметші қызы – Мәншүк Маметова

  3. Қарағанды көшесінің біріне аты берілген, ғарышқа алғашқы ұшқан әйел – Валентина Терешкова

  4. Ұлы Отан соғысы кезінде ұрыс майданындағы жауынгерлердің алдында ән шырқаған күміс көмейлі қазақ қызы – Роза Бағланова

  5. Қазақтың намысын көркем гимнастикадан Олимпиадада қорғаған , Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азия­ның абсолютті чемпионы атанған қазақ қызы – Алия Юсупова

  6. Шоқан Уәлихановтың анасы - Айғаным

  7. Біржанмен айтысқа шыққан айтыскер қыз – Сара

  8. Ана туралы бір мақал айт

  9. 15 жасар, шахматтан 4 дүркін Әлем чемпионы, Халықаралық әйелдер арасындағы гроссмейстер – Жансая Әбдімәлік

  10. .Әлемдік деңгейде Қазақстанның намысын теннис спортынан жоғарғы дәрежеде қорғап жүрген теннисші қыз – Зарина Диас.

ІІІтур«Жүйрік ой» деп аталады. Бұл бөлімде екі топқа «БАЛМҰЗДАҚ» сөзі беріледі. Осы сөздің құрамында бар әріптермен жаңа сөздер құрастыру қажет. Қанша сөз құрастырса, сонша ұпай еншілейді.

Бибісара:

Қыздар сөз құрастыра берсін,ал біз көрермендермен «Сыйлықтар» ойынын ойнаймыз. Біз сіздерге жұмбақ жасырамыз, жұмбақтың жауабы дұрыс болса – сыйлық сіздікі.



Көрермендерге жұмбақ жасыру.

Салтанат: Халқымыз әйел-ана, қыз дүниеге тіршілік әкелуші, барша тіршіліктің бастауы, көркемдік пен жылылық көзі, шуақ пен мейірім әлемі, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, оған көңілінің төрінен орын беріп, ардақтап аялаған, сәулетті ана болғанда, дана ұрпақ болады.

ІV тур«Ақылдылық аруға жарасады» деп аталады. Халық аузында қыздар туралы мақал-мәтелдер аз емес. Сол мақал-мәтелдерді 2 топ кезектесіп айтыңыздар.

Салтанат: Рахмет қыздар!

Vтур«Қанатты сөздер». Алдарыңызда берілген ойшылдардың нақыл сөздерінен өздеріңіздің ой-пікірлеріңізді айтып, осы сөздің мағынасын ашып, айтып жеткізіңіз. Бұл сөзді естігенде сіз не жайында ойланасыз? Әр топ өз пікірлерін, ойларын ортаға салады.

  1. «Адам мақсатына, арамдықпен жете алмайды». (К. Маркс)

  2. «Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге». (Абай)

Бибісара: Қыздар өз ойларын жинақтағанша, Бегайым мен Айнұрды өлеңдерімен ортаға шақырамыз.

Бегайым: Ошақ басын ұмытпа

Дүниеден дүбірлетіп өтерсін,

Саспашы тек, мақсатына жетерсің.

Өмір – теңіз, желкеніңді көтеріп,

Әлі ертең-ақ өрге жүзіп кетерсің.

Тек бір сылтау іздей көрме сыныққа,

Өзің өскен Ошақ басын ұмытпа!

Жылжи берші, кезең емес жасқанар,

Бөгей алмас білім атты тас қамал.

Отаныңның аяулысы боларсың,

Отан деген отбасынан басталар.

Қадыры жоқ құр қызыққа құнықпа,

Қайткенде де Ошақ басын ұмытпа!

Жолың жарқын, жүгініп сен намысқа,

Самғарсың-ай алыстардан алысқа.

Ұшқан ұяң сонда да ыстық көрінер,

Оған деген жүрек сыйын тауыспа.

Оған деген көңіліңді суытпа,

Ешқашанда Ошақ басын ұмытпа!

Айнұр: Достық туралы

Достығымыз достар арылмасын,

Пейіліміз кеңейсін тарылмасын,

Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек

Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Күніміз күлкілі бола берсін,

Қуанышқа көңіліміз тола берсін,

Нұрлы аспан астында, аясында,

Басымызға бақ келіп қона берсін,

Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,

Адалдықты сүюді үйренейік,

Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,

Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

Берсе берді, бермесе санаспайық,

Болмайтынға ұрысып, таласпайық,

Арамызда алаяқ біреу болса

Оны қатар ортадан аластайық

Жасамайық қиянат кісі кетім

Байлық, мансап кісіні ісіретін

Қанағатсыз ағайын ойласаңдар

Абыройын кісінің түсіретін.

Салтанат: Қыздар, кезек өздеріңізде. Сіздерді ой-толғауларыңызбен ортаға шақырамыз.

Бибісара: Сіздерді ойларыңызды сергітуге шақырамыз.

VІ тур «Мақал-жауап ойыны».

1-топ:


  1. Еңбек түбі не? /Зейнет/

  2. Әдепті бала қандай бала? /Арлы бала/

  3. Сөз неден өтеді? /Сүйектен өтеді/

  4. Тіл нені жарады? /Тас жарады/

  5. Айтылған сөз немен тең? /Атылған оқпен тең/

2-топ:

  1. Ұрлық түбі не? /Қорлық/

  2. Қаһарлы сөз не бұзады? /Қамал бұзады/

  3. Талпынған неге жетер? /Мұратқа жетер/

  4. Талаптыға не жауар? /Нұр жауар/

  5. Бірлік болмай не болмайды? /Тірлік болмас/

Салтанат: Рахмет, қыздар. Әділқазылар алқасы сайысты бағалағанша Аня мен Динаны «Қос алқа» күйімен ортаға шақырамыз.

Күй «Қос алқа».

Бибісара: Ендігі сөз кезегін Әділқазылар алқасына береміз.Оқушыларды марапаттау.



Тәрбиеші:Сіздердің алдарыңа қойған басты мақсаттарың – білім шыңына талпыну, өз бетінше әрекет ету, қиындықтарды жеңе білу.

Шен-шекпенге жасыңнан,

Құмар болма депті Абай.

Милары жоқ масылға,

Сыңар болма депті Абай.

Бүкіл абзал адамның,

Баласы бол депті Абай.

Атаң менен анаңның,

Панасы бол депті Абай.

Өсиетін Абайдың,



Орындап жүр кім-қалай? Ұлы Абайдың қалдырған өсиетімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ойынымызға келіп, қатысып, ортақтасып, бірге көңіл көтергендеріңізге мың-да бір рахмет!
Каталог: uploads -> doc -> 0b2e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b2e -> -


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет