Тақырыбы: Құзыреттілік ұғымы және оны қалыптастыру жолдары Орындаған



бет1/7
Дата13.01.2022
өлшемі47,75 Kb.
#111518
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құзыреттілік ұғымы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті



Тақырыбы: Құзыреттілік ұғымы және оны қалыптастыру жолдары

Орындаған: М ПИП-11 тобының магистранты Сералиева М.К.

Тексерген: п .ғ. докторы, доцент Ерғалиева Г.А.

Орал, 2021



МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ........................................................................................................................3

II. ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ


    1. «Құзырет», «Құзыреттілік» ұғымдарының психологиялық-педагогикалық тұрғыда зерттелуі ............................................................................................................4




    1. Құзыреттілік түрлері...............................................................................................8




    1. Кәсіби құзыреттілік және оның ерекшеліктері ..................................................12



    1. Құзыреттілікті қалыптастыру жолдары және оның тиімділігі.........................16

III. ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................18
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................19

Кіріспе
Еліміздегі орта білім беру реформасы шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Осыған орай қазіргі білім беру мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып, әлемдік жүйеге жақындастыруда құзыреттілікке бағдарлану бағытын қарастырып отыр.

Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт – 2020» жобасында қазіргі заманғы білім берудің болашақтағы міндеттерін атай келе, жас қазақстандықтар бастапқы интеллектуалдық әлеуетпен және терең ақылмен, шексіз қызығушылықпен және өмірлік күш-қуатпен ерекшеленуге тиіс деген. Бүгінгі ақпарат заманында ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолданатын қызмет көрсету саласы рөлінің арта түсуіне байланысты еліміздің бәсекеге қабілеттілігі, адам капиталы туралы мәселесі күн тәртібіне қойылуда. Қазіргі уақытта көптеген саяси және мемлекеттік қайраткерлер адамзат өркениетінің сақталуы мен дамуының кепілін білімнен көреді, білім берудің басқа да мемлекеттік үдерістердегі басымдылығын мойындайды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін мамандар қорын қалыптастыруда осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, ауқымды жаңаша ойлай білетін инновациялық экономика құра аламыз», – деп атап көрсетеді.

Қазіргі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Адамның болашағы оның алған біліміне, ғылыми таным қабілеті мен белсенділігіне байланысты. Қоғамдағы жоғары қарқынды өзгерістер, қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдар, Республикамыздың қуатты елдер қатарына қосылуға деген ұмтылысы ғылым мен білім саласын әлемдік деңгейге көтеруде қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Сондықтан бүгінгі күні білімнің әр саласында біліктілігі жоғары, өзін, елін танытатын құзіретті тұлға даярлау мәселесі өзекті, әрі күрделі болып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет