Әдебиеттік оқудан қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақ: 2
|
Мектеп:№ 25
|
Күні:12.05.16
|
Иманбаева Ж Е
|
СЫНЫП:2 «а»
|
Қатысқандар: 8
|
Қатыспағандар: 0
|
Сабақ тақырыбы:
|
М. Байдолдаұлы «Ақ көгершін»
|
Оқу мақсаттары
|
оқушылар оқыған мәтінді түсінеді,
өз ойларын еркін айта алады,
сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланады,
өз-өздерін бағалай алады
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар айта алады:
Бала мен көгершін арасындағы арақатынасқа өз ойларын білдіре алады
Кейбір оқушылар орындай алады:
Сабақта істеген ірекетіне, алған біліміне пікірін білдіре алады, өз-өзін реттеуге дағдыланады
|
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы (0-6минут)
|
«Кім жылдам?» ойыны.
Бойлары бойынша, шаш ұзындығы бойынша, аяқ киім размері бойынша, туған айлары бойынша т. б
Топқа бөлу: есімдері алфавит ретімен бойынша
|
А3 парағы
Проектор
Оқулық
Рольдер жазылған парақтар
Чемодан, еттартқыш, себет суреттері, стикер.
|
Ортасы (7-30 мин)
|
«Көгершін» сөзіне ассоциация
Ассоциацияларды тізіп жазамыз
АКТ «Көгершін- бейбітшілік құсы»
М. Байдолдаұлы «Ақ көгершін» Мәтінді оқыту. Топта мазмұнын талқылау
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Қолымызды жаяйық.
Көгершінге ұқсайық
Ұшып, ұшып алайық.
Зейінге арналған ойын.
Экранға бес құстың суреті шығады, бірнеше секунд көрсетіледі, есте сақтап қалу керек.
Тексеріледі
«Ар-ождан аллеясы» стратегиясы
Оқушыларға парақтар таратылады, онда рольдері жазылған: бала, баланың анасы, мұғалімі, көгершін, ата, Ертай досы, тілші, сыныптасы. (оқушыларға ойлануға уақыт беріледі)
Балалар аллея жасайды, бала ортасымен өтеді, әр бірі өз пікірін баланың қылығы туралы айтады
« Любовь и голуби» кинофильнен үзінді
Осы кинофильмнің үзіндісінен нені байқадыңдар ?
Көгершіннің қандай керемет адами қасиетін байқадыңдар?
Осы тақырыпты қалай қорытындылай аласыңдар?
|
Соңы (30-35 минут)
|
«Чемодан, еттартқыш, себет»
-өте пайдалы, көп білім алып, қызықты өтсе стикерге жазып, чемоданға жабыстырады.
-егер нашар, қызықсыз, ештеңе түсінбей қалған жағдайда стикерді себетке жабыстырады.
-ал егер сабақтың әр кезеңі оқушыға әр түрлі әсер етсе, бір жұмыс ұнап, бірі ұнамай жатса еттартқышқа жабыстырады.
Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді
|
Достарыңызбен бөлісу: |