Тақырыбы:§37-38 Қазақстанның көлік кешені. Мақсаттары: Білімділік



Дата06.07.2018
өлшемі40,5 Kb.
#47564
түріСабақ
Күні: 31.01.17
Сынып: 9 А, Ә
Тақырыбы:§37-38 Қазақстанның көлік кешені.

Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстанның көлік және коммуникация кешендері туралы толық ақпарат алуға, еліміздегі маңызды көлік тораптары мен олардың экономикадағы атқаратын рөлін білуге. Қазақстандағы әлеуметтік инфрақұрылым қызметінің даму деңгейін анықтау. Еліміздегі «Нұрлы жол» жолдауында айтылған көліктік –логистика кешендеріне және болашақта салынатын жолдардың стратегиялық маңыздылығын анықтау. Болашақта алған білімдерін өмірлерінде қолдана алуға бейімдеу.
Дамытушылық. Кескін картаға Қазақстанның маңызды көлік жолдарын түсіру арқылы Қазақстанның инфрақұрылым кешені туралы білімдерін бекітіп, картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін арттыру, қоршаған ортаны қорғау қасиеттерін арттыру, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді, топтық.
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық, СТО технологиясының «Жигсо» әдісі.
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның экономикалық картасы, интерактивті тақта, көлік суреттері салынған карточкалар, кескін карта салынған плакат.
Пән аралық байланыс: Тарих, саясаттану, әлеуметтану, әдебиет, экономика.
Сабақтың жоспары:
І.  Қызығушылығын ояту Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Оқушылар автомобиль, пойыз, құбыр, ұшақ бейнеленген карточкаларды тарату арқылы 4 топқа бөлініп топ басшысын өздері сайлайды.
II.Үй жұмысын тексеру «Ортадағы қалам» әдісі арқылы үй тапсырмасына ауызша сұрақтар қойылады..

1.Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі мақсаты

2.АӨК құрамында неше буын бар.

3.Ауыл шаруашылығы неше салаға бөлінеді.

4.Мелиорация дегеніміз не

5.Табиғат жағдайларына ең тәуелді сала

6.Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер

7.Егін шаруашылығының дәнді дақыл түрлерін ата

8.Техникалық дақылдарға жататын түрлері

9.Мал шаруашылығының таралуын ата

10.Қой шаруашылығының қандай түрлері Қазақстанда дамыған.
III.Жаңа сабақ
1. Электронды оқулық арқылы дәріс
2. Түртіп алу стратегиясымен оқулық мәтінімен танысу
3.Мағынаны тану.
«Жигсо» әдісі бойынша өтіледі.
Әр «жанұя» (әр топ) өз топтары ішінде 1 , 2 ,3,4 деп санайды да «жанұядан» бөлінген топтарға кітаптан тапсырмалар беріледі
Топтар өздеріне берілген тақырыптарды меңгергеннен кейін қайтадан бастапқы өз жанұяларына (топтарына) оралады. 
1-топқа Теміржол көлігі
2-топқа Автомобиль көлігі
3-топқа Су мен әуе көлігі
4-топқа Құбыр желісі мен телекоммуникация кешенін мәтіннен өзіне берілген тақырыпшаларын оқып , мұқият түсініп өз жанұя мүшелеріне қайткенде де ұғынықты жеткізудің жолдарын қарастырады.
Оқушылар қайтадан бастапқы бөлінген топтарына оралып әрқайсысы өздерінің түсініп үйренген тапсырмаларын бір-біріне үйретеді.
Әр топқа Қазақстанның кескін картасы салынған плакат беріліп топтарға тапсырмалар беріледі.
Әр топтың топ басшысы мұғалімнің алдыңдағы әр түрлі көліктердің суреттері жасырылған қағазды алады. Топ басшысының таңдаған көлік түрі сол топтың қорғап түсіндіретін тапсырмасы болып саналады.
1-топқа Автомобиль көлігі
2-топқа Теміржол көлігі
3-топқа Құбыр желісі мен телекоммуникация кешенін
4-топқа Су мен әуе көлігі
Оқушылар берілген тапсырмаларын алдарындағы карта салынған
плакатқа әр көліктің маңызды жолдары мен бағыттарын салып, көлік түрінің артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып кетеді. Жобасын тақта алдында қорғап басқа топтар тарапынан сұрақтар қойылып, барлық топтар осылай жобаларын қорғап шығады. Әр топтың тапсырмасы соныңда мұғалім бекітіп отырады.

IV. Сөзжұмбақ шешу

1.Каспий теңізіндегі порт

2.Ел ішіндегі порттар арасындағы теңіздік тасымал

3.Мұнай және басқа сұйық заттар тасымалдайтын кеме.

4.Трансқазақстан теміржол магистралінің соңғы стансасы

5. Транспорт қызметі

6. Саған газет,журнал,хат жеткізеді.

7.Саған реферат жазуға көмектеседі.

8.Комуникация жүйесінің бөлігі.


V.Ой толғау.

1.Қазақстан,көлік,жол,ұлы жібек жолы, түрксіб,әлем сөздерін пайдаланып қысқаша эссе немесе төрт шумақ өлең жазу.
VI.Бекіту сұрақтары

ОЖСБ сұрақтары

1.Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзындығы 95 мың км.Оның 22,2% республикалық 12,4 мың км халықаралық маңызы бар жолдар Жергілікті автомобиль жолдарының ұзындығы қанша?61510 км

2.Көліктің негізгі міндеті?Жүк пен жолаушы тасымалдау

3.Еліміздің экономикалық тұрғыдан арзан,әрі экологиялық таза электр станциясы? Жел СЭС

4.Электр энергиясын жақсы өткізеді?Алюминий

5.Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы?Эйр Астана

6.Елімізде көлік жүйесінің қаңқасын құрайтын көлік түрі? Теміржол

7.Қымбат әрі экологиялық жағынан лас көлік түрі?Автомобиль
Оқушыларға интерактивті тақтадан Қазақстанның көлік –логистикасы туралы бейнеролик көрсетіледі

VІ.Қорытындылау
Жақсы жол ұзақ та болса жақын,
Жаман жол жақын да болса алыс – деп мұғалім сабағын қорытындылайды.
Көлік-инфрақұрылымының салалары ең ірі әрі еңбекті көп қаражатты қажет ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен тығыз байланысты..
VІІ.Бағалау
Мұғалімнің нұсқауымен әр топтың басшысына бағалау парағы беріледі
Топты топ басшылары бағалайды.
Әр топ басшысы оқушылардың сабақтағы белсенділіктеріне байланысты топтарындағы балалардың бағасын өз шешімімен бағалау парағына бағалайды. 
VІІ.Үйге тапсырма : Тақырыпты қайталау,кескін картаға көлік кешенің түсіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет