«Сағат»Адам өмірі сағаттың айналымындай қысқа, сағат тілі он екіге жеткенше адамның өмірінде түрлі ойлар туындап, түрлі істер іске асады. Біздің тілегіміз адамның сағаты тоқтамай, әр минуты мағыналы болсын демекпіз.
Үй жұмыс: І топ «Қазақтың ырымдары мен тыйымдарындағы құрмалас сөйлемнің қолданысы»
ІІ топ «Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтелдердегі құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы»
Бағалау кезеңі:
№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
А.Ш. Мухаметжанова.
Сабақтың тақырыбы: Асан қайғының Жерұйықты іздеуі.
Сабақтың мақсаты: Асан қайғы туралы деректерді білу,
ақын - жыраулық дәстүрін тану.
Асан қайғының өмір сүрген ортасын тарихи деректермен дәлелдеу..
Асан қайғының толғауларының өміршеңдігінің сырын ашу.
Сабақтың түрі: ізденіс, шығармашылық сабағы.
Сабақтың көрнекілігі:Асан қайғының портреті, өлеңдерінің жинағы , «Бес ғасыр жырлайды» І том, слайд «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі».
Сабақтың әдіс-тәсілі:талдау, СТО, шығармашылық, сөз әдісі,
Сабақ барысы:
Интербелсенді тақтаға мына өлең жолдары жазылады:
Қамын ойлап халқының,
Қайғы жұтқан қария.
Жайлы қоныс іздеген
Қазақ деген халқына.
Әділдікті жырлаған,
Ел бақытын ойлаған,
Желмая мініп шарлаған
Жерұйық іздеп жалғанда...
Оқушылар осы өлең жолдарынан бүгінгі тақырыпты анықтайды.Сабақ тақырыбы анықталған соң, сабақ барысы тақтадан көрсетіледі.
Сабақ барысы:
Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап)
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)
Сергіту сәті
Ақын айнасы... (Толғауларын талдау)
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады. (Шығармашылық сәт)
1. Кіріспе бөлім: Суреттер сөйлейді... (сұрақ-жауап).
Тақтаға Асан қайғының өміріне байланысты суреттер ілінеді. Оқушылар сол суреттер арқылы Асан қайғығаның өмірі жайлы деректерді айту керек (оқушылар үйден өздері қосымша деректер әкеледі.).
2. Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқыса шығады.(Көрініс қою)
Сыныпты үш топқа бөліп , оларға Асан қайғының толғауларының жазылу тарихы туралы мәліметтер таратамын.
1-топ. «Асан қайғының Жерұйықты іздеуі» слайд. Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп, “Жерұйық” дейтін қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. . Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады.
Алматыны көргенде:
“Үш Алматы деген жер бар екен.Сарымсағы сабаудай, бүлдіргені бүйректей, алмасы бар жүректей. Сол жерді қимадым.”
Шымкент, Сайрамды көргенде:
“Екі басы бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басы бір мазар, баста береке болмайтұғын, базары жақын – байымас, мазары жақын - көбеймес”
Семейтауды көргенде:
“Төс табаны төрт елі
Атан жүрер жер екен.
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жар екен”
Шідертіні көргенде
“Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос жылқы шідерлеп қойғанда тоқтайтын жылқының жері екен”
Үшқараны көргенде:
“Он екі тұтам-тұтам қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік, қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен”- деп артына үш қараған екен.
Ерейментауды көргенде:
“Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде құлын тұрмас ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі жағындағы ел бай болар да қақортасындағы қоныс қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бір-бірімен төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын, панасы жоқ дала секілді тау екен.”
Терісаққанды
“Уа шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен: тек анда –санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жер екен”
Баянды көргенде
“Баянға жаймай, қой семірмес...”
Ертісті көргенде:"Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.
Талас өзенін көргенде:
Екі Келес, бір Талас,
Бал татыған жерін-ай,
Ағайының аралас,
Тату екен елің-ай.
Желмаяға өңгертіп,
Алып кетер едім-ай,
Сыймаған соң алдыма,
Әттең, дүние, дедім-ай! -
депті.
Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.
Қорытынды сөз:
Аңыз бойынша Асан қайғы шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты –мыс.
2-топ. 2- көрініс:
Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, -
деп бастаған екен дейді ел. Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жұрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:
Әділдіктің белгісі,
Біле тұра бұрмаса.
Ақылдының белгісі,
Өткен істі қумаса.
Жамандардың белгісі,
Жауға қарсы тұрмаса;
Залымдардың белгісі,
Бейбіттің малын ұрласа.
Надандардың белгісі,
Білгеннің тілін алмаса.
Шамаңша шалқып көре бер,
Қабірге әзір қоймаса.
Артыңда қалар атақ жоқ,
Тіріде данқың болмаса,-
деп термелепті.
3- топ. 3-көрініс:
Осы аста халықтың ішінен тағы бір сұрақ туындапты:
Енді бірі "Асан Ата, осы халық бірлігіне не жетіспейді, бұл заманда не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:
Бұ заманда не ғаріп?
Ақ қал алы боз ғаріп.
Жақсыларға айтпаған,
Асыл шырын сөз ғаріп.
Замандасы болмаса,
Қария болар шын ғаріп.
Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен қыз ғаріп.
Ел жағалай қонбаса;
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз, үйрегі болмаса,
Айдын шалқар көл ғаріп.
Мүритін тауып алмаса,
Азғын болса пір ғаріп.
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп.
Ғалымды хатим еткендер,
Мақсатына жеткендер,
Жас көрілер отырып,
Алдынан сабақ алмаса,
Қарамаса жүзіне,
Ғалым да болса ол ғаріп, -деп термелепті.
Бірде ас барысында Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Осыны сезген Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:
Көлде жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсің?
Қырда жүрген дуадақ,
Су қадірін не білсін?
Көшіп-қонып жүрмеген,
Жер қадірін не білсін?
Көшсе кона білмеген,
Қонса көше білмеген,
Ақылына көнбеген,
Жұрт қадірін не білсін?-деп тура ханға айтқан екен.
Сергіту сәті:
Асқар биік тауларды,
Алыс-алыс белдерді,
Арнасы кең көлдерді,
Ойлы, қырат жерлерді,
Желмаямен ол кезді.
Оңды-солды шарлады,
Жерұйықты іздеді.
Жұмақ болар мекенді
“Қазақ жері” деп білді.
(Өлеңді қимылмен келтіріп, денемізді, ойымызды сергітеміз)
3. «Ақын айнасы»Оқушыларға Асан қайғының толғаулары таратылады. Олар мәнерлеп оқып, тақырып, идеясын анықтайды. Ақын позициясын ашып, сөздік қолданысына сипаттама береді.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады. (Шығармашылық сәт)
Оқушыларға екі сауал қойылады.
1. Қазіргі заманың Асан қайғысы...
2. Асан қайғының Жерұйықты Қазақстан жерінен іздеуінің себебі, менің ойымша, ...
Бағалау кезеңі:
Суреттер сөйлейді.
|
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқыса шығады.
|
Ақын айнасы.
|
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады...
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
Үй жұмысы:
Міндетті деңгей: “Жерұйық болған мекенім...” эссе жазу
Мүмкіндік деңгей:
“Асан қайғы толғауларының философиялық мәні” реферат жазу.
№ 25 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
А.Ш. Мухаметжанова.
Әдебиет пәні сабағынан сабақ жоспары
Мақсатым: Оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге , барлықоқу-әдістемелік жүйеге жаңа талап қойылуда. Осы талаптарды ескере отырып, алдыма қойған мақсатым - әр сабақта оқушыларды оқуға қызықтыратын,қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оныңнегізгісі оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,оқушылардыңойлау дағдыларын жетілдіру, өздігінен білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.
Сабақтыңтақырыбы:«Қорқыт ата кітабы» – ұлт мәдениетініңбас кітабы.
Сабақтыңмақсаты:Оқушыларды өзіндік ізденіске бағыттау барысында Қорқыт туралы білім-біліктерін арттыру.
Оныңөмірі мен күй өнерініңөзара байлансы, күйлерініңжазылу тарихы туралы мәліметтерді жинақтап, меңгерту.
Қорқыт шығармаларындағы өзекті мәселелерді анықтап, күй өнері туралы пікірлерін анықтау.
Сабақтыңтүрі:ізденіс сабағы
Сабақтыңәдіс-тәсілі:СТО стратегиясыныңэлементтері, талдау, салыстыру, пысықтау.
Сабақтыңкөрнекілігі:Қорқыт ата портреті, қосымша материалдар, «Қорқыт» күйі.
Сабақтыңөзектілігі: Өнер – өшпес,өлмес мұра.
Сабақбарысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. І топ «Қорқыттанушылар»,
ІІ топ«Күйтанушылар».
«Ой қозғау»сатысы.Интербелсенді тақтаға төмендегідей өлеңшумақтарын жазамын.
Жыраудыңүлкен пірі Қорқыт ата.
Бата алған таман бақсы асқан ата.
Таңқалып жұрттыңбәрі тұрады екен.
Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.
Осы кезде «Қорқыт» күйі ойналады. Оқушылар күйді тыңдап, алған әсерлерін ортаға салады. «Күй» және «Қорқыт ата» деген сөздерге тірек ойларын жазады.
Мысалы, Қорқыт ата – күй атасы, жарау, сұңғыла дана, асқан абыз , т.б.
Күй – өнер, асыл мұра, адамныңішкі дүнисінің сыры, рухани азғымыз, т.б.
«Ой жалғау» сатысы. Оқушыларға Қорқыт туралы мәлімет таратылады.
Олар өздеріне берілген тақырып төңірегінде негізгі мағұлыматтарды жинақтап, өзіндік ойларын ортаға салады.
І топ «Қорқыттанушылар»
Зерттейтін мәселелері: Қорқыт ата туралы аңыздардыңсыры
ІІ топ. «Күй танушылар»
Зерттейтін мәселелері: Күйдіңшығу тарихы.
Осы мәселерді оқушылар зерттеп, ойларын ортаға салады.
«Қорқыттанушылар» тобы
Аңыз бойынша:Дүниеге келуі
Қорқыттыңдүниеге келуі де өзгеше. Анасы Қыпшаққызы құланныңжаясына жерік болыпты-мыс. Бір жыл ішінде жерігін әреңқойыпты. Ана құрсағында 3 жыл жатыпты. Жыл сайын бір рет толғаққысыпты. Дүниегее келерінде арасы тоғыз күн көз шырымын алмай толғатқан. Үш тәулік тастай қараңғылықбасқан. Жаңбыр жауып, дауылдатқан. Сөйтіп, жарықдүниеге Қорқыт сөйлеп туыпты-мыс. Кейбіреулер Қорқытты қу терісін жамылған перініңқызынан немесе аққудан туды дейді.
Есімініңқойылуы
Қорқыт есімінің қойылуы да бір аңыз екен. Мәселен, Қорқыт дүниеге келер алдында үш тәулік қараңғылықжер бетін басып, далада дауыл соғып, жаңбыр жауған екен. Сонда елдіңбарлығы қорқыпты. Осы оқиғаныңсебебінен нәрестеніңатын «Қорқыт» деп қойса керек.
Зерттеуші Ә. Марғұлан пікірі:
«Ол- бір туар ақын, әрі бақсы. Осы ұғымдар сәуегейлікті, емшілікті, күйшілікті сыйғызады. Демек, Қорқыт – «керемет иесі», ұлыстыңұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жырау».
Қорқыттыңөліммен күресуі туралы аңыздар көп.
М. Әуезов былай дейді: «Аңызда тамыры қурап қалған бәйтерек ; «мені тапқан ажал сені де табады» дейді Қорқытқа. Айдалада өсіп тұрған шөпте осыны дәлелдейді. Қаусап құлағалы тұрған құз-тас та Қорқыттыңажалы таяп қалғанын дәлелдейді». Енді бір аңызда: «20 жасқа жеткенде , түс көріп, түсіндегі ақкиімді кісі: «Қырықтан артықөмір сүрмейсің», - деген соң, нағашылары сыйлаған желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздейді.Сонда қасиетті Желмая желдей есіп небір шөл даладан тау мен құздардан, өзендер мен көлдерден құстай ұшып жердіңбір шетіне келеді. Шексіз мұхиттыңжағалары екен. Желмаясынан түсіп, теңіздіңсуымен жуынып, тынығады. Бір кезде құлағына бір сыбыр естіледі., неткен сыбыр деп соған қарай жөнеледі. Келсе бір жігіт жер қазып жатыр екен.Қорқыт:
– Жігіт, не істеп жатырсың? дейді. Жігіт:
- «Саған көр қазып жатырмын» -дейді. Қорқыт қайда барса да алдынан жер қазып жатқан адамдар шығады. «Бұл не?»-деп сұраса, олар: «Бұл-Қорқыттыңкөрі »- деп жауап береді. ». Осыдан «Қайда барсаңда Қорқыттыңкөрі» деген мақал қалыптасса керек.
Қорқыт көр қазушылардыңбәрінен қашып құтылдым деп бір жерге тоқтаған кезде, жанына қараса, тереңкөр жатыр, ішінен сақалы аппақшал шығып:
- Қорқыт, өлімнен құтылмайсың, көріңдайын, кел, жат! – дейді.Осы кезде Қорқыт есінен танып, ұйықтап кетеді. Сол кезде түс көреді. Түсінде ақсақалы беліне түскен, ақтаяғы көк тіреген әулие қарт : «Е, Қорқыт, өлімнен құтылудыңамалын іздеп жүрсіңбе? Өлімнен құтылудыңбір-ақамалы бар. Ол өлімнен тек саз арқылы ғана құтыласың, ол үшін сен аспап жаса. Аспабыңнар атанныңжілігіндей болсын, шанағы бақырдай болсын, ішегі бесті аттыңқұйрығынан болсын, аспабыңныңатын қобыз қой. Өлімнен араша болатын тек қана сол қобыз. Тұр, жатпа!» дейді.
«Күйтанушылар»
... Қорқыт шошып оянады.. жалма жан қасиетті тау басында өсіп тұрған киелі қарағайды шауып, аспап жасауға кіріседі. Аспаныңбиіктігі 6 жасар нар атанныңжілігіндей қылып ойып, қасиетті тау басындағы ортекеніңмүйізінен тиек жасап, Желмаясын сойып, терісін қобызына көн қылып қаптайды, үстіне мінбеген бесті аттыңқұйрығынан ішек жасап, қобызын қолына алып Қорқыт:
Қарағайдыңтүбінен
Қайырып алған қобызым,
Үйеңкініңтүбінен
Үйіріп алған қобызым,
Желмаяныңтерісін
Шанаққылған қобызым,
Ортекеніңмүйізін
Тиек қылған қобызым,
Бесті айғырдыңқұйрығын
Ішек қылған қобызым,
Құлағын да бұрайын
Осы айтқаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын,-дейді
Суда көр қазушы болмас , тереңағыс-иірімдерге ажал, өлім келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, аспандағы құстыңұшуын, самал желдіңсоққанын тиятын толқынды күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп ғасырға жуықөмір кешіпті.Қорқыт қобызын күні-түні тартады екен. Сонда Қорқыттыңтартқан күйін тыңдайық. ( «Қорқыт» күйі ойналады).
Ә. Марғұлан: «Қорқыт туралы аңыздар көп. Қорқыт – бір кездегі қауым тіршілігіндегі белгілі адам. Ол жайындағы мәліметтер аңыз болса да, Қорқыт тарихи адам болғанына ешкім таласпауы тиіс.» Қорқыт ата 8-9 ғасырларда Сыр бойындағы Жанкент қаласында өмір сүрген. Ол кісініңмазары Қармақшы стансасынан 18 шағырымдай жерде екен.
Қобыздыңтарихы
Тарихшылар: «Қобызбен күй, сарын тарататын бақсы, жыраулар, не Қорқыт жолын қуған атақты күйшілер көп. Қорқыт- жыраулардыңатасы, олардыңпірі болып табылады. Қорқыт қобыз аспабын алғаш жасап, тартқан адам» - дейді.
Қобыздыңбейнесі туралы да көптеген пікір-таластар бар екен. Соныңбірі – кейбір ғалымдар қобыздыңбейнесін адамға ұқсатады екен. Мысалы, бас, құлақ, мойын, кеуде.
Ал Ә. Марғұлан: «Қазақтыңескі дәуірдегі қобызыныңформасы аққудыңбейнесіне ұқсайды, мойны ұзын, құйрығы сопақ, ұзынша келген аққудыңқұйрығы сияқтанып тұрады. Сыртынан қарағанда аққудан еш өзгешелігі жоқ.». Оған дәлел ретінде үш деректі үсынады: біріншіден, халықаққуды еңсұлу құс деп санаған, екіншіден, аққудыңдауысы құлаққа әдемі естілетін еңсұлу үн, үшіншіден, аққу – ерекше қадірлейтін киелі құс, оны атуға болмайды.Мүмкін, көне заманда аққу түркі тайпаларыныңбір төтемі болуы тиіс.
Ш. Уалиханов: Өзініңағасы Уалиханов тартқан күйлердіңаттарын ғана жазып алған. Олардыңсаны 14 екен.Олар: «Тәңір күйі»,«Саймақтыңсары өзені», «Қорқыт күйі», «Ақсаққұлан», «Жошы хан», «Азамат қожа», «Жеті қыз», «Бозінген» т.с.т.
«Ойтолғау» сатысы.
1. Оқушыларға жеке-жеке Қорқыт атаныңнақыл сөздері таратылады.
Олар нақыл сөзді оқып өзіндік пікірін ортаға салады.
Қанатты сөздер:
Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас,
Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес;
Дәулетті ұлыңболса, ошағыңныңқоры болар,
Дәулетсіз ұл болса, ошағыңныңқоры болар;
Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;
Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;
Көңілі пасықерде дәулет болмас;
Қар қаншама қалыңжауғанмен - жазға бармас;
Ата даңқын шығарып, өзініңтегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б.
Сабаққорытындысын шығару үшін пікір-талас ұйымдастырамын,
Өзекті тақырыбы: Дүниеде не өлмейді?
Бағалау кезеңі:
р/с
|
Оқушыныңаты-жөні
|
«Ой қозғау» сатысы
|
«Ой жалғау» сатысы
|
«Ойтолғау»
сатысы
|
«Пікір-талас»
|
Қорытынды баға
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |