Тақырыбы:«Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы» Мақсаты



бет1/4
Дата11.01.2017
өлшемі0,52 Mb.
#7033
  1   2   3   4
Тақырыбы:«Адамгершілік – рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін  қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздері.

Әдісі: Пікірталас, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Тәрбие сағатының барысы:

I-кезең: Тәрбие сағатымен таныстыру

II-кезең: Оқушылардың Адамгершілік жайлы түсінігі

III-кезең: Саяхатқа шығу ойыны

IV-кезең:  Адамгершіліктің негізгі қағидаларын білесің бе? (Өз ойын ортаға салу)

V-кезең: Пікірсайыс (қорытындылау)

Кіріспе сөз. Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.

«Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше, - деп жазды В.А. Сухомлинский, - бұл да бір, ақаулы двигательмен ұшырылған самолет те бір, өзі өледі, өзгені де ала кетеді».

Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді.

Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті.

Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан, 72 тараудан тұратын «Құтты білік» дастанында көрсетіп берді.

Шығыстың ұлы ғалымы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп ой бөлісеміз. Ал балалар, сөз кезегі өздеріңде.

Адамгершілік бастауы неде?

1-оқушы.Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.

2-оқушы.Отбасындағы тәрбиені адам өз өмірінің «Алтын бесігі» мектеп қабырғасында жалғастырып, өмір заңдылықтарын үйренеді. Мектепте халқымыздың әдептілік, әдемілік, имандылық, қайырымдылық, яғни рухани адамгершілік тағылымдарын  – еліміздің дәстүрін ата-ана мен ұстаз тағылымдарын өз білімдерімізбен жалғастырамыз.

3-оқушы.Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.

Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс.

Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.

 

Мұғалім.Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде үлкен қалалар бар:



Астана, Алматы, Ақтау, Жезқазған, Көкшетау, Ақтөбе, Семей, т.б.

Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қима қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.

Сұрақтар:

–     Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? 

–     Үлкен кісімен амандасып жол беремін.

–     Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?

–     Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.

–     Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.

–     Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

–     Асықпай түсіндіріп беремін.

–     Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?

–     Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.

–     Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

–     Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.

–     Әдептілік деген не?

–     Адамдардың жүріс-тұрысы мен өзара қарым-қатынасының ережелері.

Мұғалім.«Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?

4-оқушы.Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.

Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

5-оқушы.Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

6-оқушы.Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

7-оқушы.Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

8-оқушы.Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Мұғалім.Адамгершіліктің басты қағидаларын орындай адам құқықтарын қастерлеу шарттарының бірі. Оның баптары қандай?

9-оқушы.Барлық адамдар тең құқықты, ерікті, қадірлі. Азаматтар нәсіліне, жынысына, тіліне, тегіне, дініне, мүліктік және лауазымдық жағдайына қарай заң алдында бірдей. Өмір сүру құқығы, адамның бас бостандығы мен жеке өмір сүру еркі қасиетті болып табылады.

Қорытындылау.Адамгершілік қағидалары туралы бірталай мағлұмат алдық. Егер сен бала күніңнен әдепті болып өссең, есейе келе ата-ананың, өз Отаныңның мақтанышы боласың. Алған мағлұматтарды қорытындылай келе, «Адамгершілік – асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз.

Ортаға алғашқы қонағымызды шақырамыз.

Оның пікірінше, «Адамгершілік қасиеттерді барлық адамның бойынан байқай аламыз» дейді. Қарсы алыңыздар ортада _______________.

1.     Жалпы адамгершілік қасиеттерге не жатады?

2.     Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады?

3.     Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі неде деп ойлайсың?

Ортаға екінші қонағымызды шақырсақ, оның пікірінше «Адамгершілік қасиеттер адам бойынан алшақтап бара жатқан сияқты». Қарсы алайық, өз пікірін ортаға салушы – _____________.

1.     Бұлай ойлауыңның себебі неде?

2.     Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің?

 

Үшінші қонағымыздың пікірін ортаға салайық, ол «Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалау керек» дейді. Қарсы алайық, ортада – __________.



1.     Адамгершілік қасиеттерді қаншалықты бағалап жүрміз?

2.     Сен өзің жіберген қателігіңді мойындай аласың ба?

3.     Адам адамнан несімен ерекшеленеде?

Қызу пікірімізді жалғастыратын келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Әр адам өзінің адамгершілік қасиетімен таныла біледі» деген пікірде. Ортада – _____________.

 

1.     Адам бойындағы қандай адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайсың?



2.     «Адам адамға дос, жолдас және бауыр» деген сөздің мағынасында не жатыр?

3.     Адамгершілік асыл қасиеттер жайында қандай мақал-мәтел, нақыл сөздер білесің?

Келесі қонағымызды ортаға шақырайық, ол «Адамға үш алуан мінез жұғады. Ата-анадан, ұстаздан, құрбысынан, әсіресе солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады » деген пікірде. Ортада – ______________.

1.     Өз пікіріңізді ортаға сала отырсаңыз.

2.     «Жақсы жігіт ақылына жеңдіріп іс қылар, жаман жігіт оңай істі күш қылар» дегеннен нені байқауға болады?

3.     «Сөйлесе сөз әдепті» дегенді қалай түсінесіз?

Сарапшы қонақтарға сөз кезегі берілді.

«Адамгершілік»  тақырыбында сөзжұмбақ шешілді. Сұрақтары:

1.     Ақыл және сана, бостандық иесі болып табылатын табиғаттың бір бөлігі (адам).

2.     Жеке адам ұғымын білдіретін сөз (индивид).

3.     Адамды аңдар қауымынан ажырататын сөз (сана).

4.     Адамның өмір сүру ортасы (қоғам).

5.     Адам бойындағы жарамсыз қасиеттердің бірі (қатыгездік).

6.     Ішкі рухани адамгершілік қасиеттердің бірі (сенім).

7.     Адамды билейтін де, илейтін де нәрсе (орта).

8.     Адамгершілік қағидаларының бірі (шыншылдық).

9.     Адам іс-әрекетін қозғайшы күші (қажеттілік).

10.  Адам дарынының қасиетін анықтайтын сипаты (психология).

11.  Адам бойындағы асыл қасиет (әділдік).

12. Ең асыл қасиеттердің бірі (ерлік).

                                                                                        

Сынып жетекшісі: Хайса Наркес

 

 

Тарыдай боп кіріп ем,



Таудай болып шығамын

                                                     «Жаса сен мәңгі!

Жаса сен мәңгі!

                                                                                                       Жарық күн!»

М.Мақатаев

 Мұқағали Мақатаев  ақының    поэзиясын дәріптеуге физика сабағында мүмкіндігінше өз үлесімізді қосып,  11 сыныпта өткізілген «Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттері» тақырыбын қайталау сабағының жоспары.

1. Тақырыбы: Жарықтың  қасиеттері.

2. Мақсаты:

а) Жарықтың толқындық және кванттық қасиеттерін сипаттайтын фактілерді қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

ә) Оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері пайдалана отырып, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, есеп шығару дағдысын дамыту.

б) М.Мақатаев поэзиясынан үзінділер келтіру арқылы кәсіби бағдар беру,ұкыптылыққа,ыңтымақшылдыққа,ізденуге тәрбиелеу.

3.Типі:Білімді жинақтау,жүйелеу сабағы.

4.Түрі: Жарыс сабақ.

5. Әдісі:жарыс, оқытудың инновациялық технология элементтерін қолдану.

6.Формасы: топпен жұмыс, жекелей жүмыс.

7. Көрнекілігі:кұралдар, ралиометр, сызбалар,карточкалар, кодоскоп, слайдқа жазылған сызбалар.

8.Эпиграфы:

«Жаса сен маңгі!

Жаса сен маңгі!

Жарық күн!»

                               М.Мақатаев

1-ші жүргізуші:

Өмір дегенге

Тіршілікте, сірә жетер ме ой

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой

Бекер ғой бәрі

Бекер ғой бәрі, бөтен ғой

Өмір дегенің бір күндік сәуле екен гой

Тымшыдай ғана нұрына,міне зарықтым

Өмір осы екен сарыңа, міне қанықтым

Жаса сен мәңгі

Жаса сен мәңгі жарық күн!

Осы өлең туралы оқушылар пікірін айтады.

Күн-тіршіліктің көзі, жарықтың көзі, өмірдің өзі- жарық екенін қорытындылайды.сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан, әр жарыстың өз шарты болады.

Шартым осы

Осыған шыдайсың ба?

Шыдамасаң, тынасың, құлайсың да

Болсаң сосын боларсың, қол бастарсың.

Шыдайсың ба?

Бағыңды сынайсың ба?

Оқушылар 2 топқка бөлінді.

 Бірінші топ «Толқын»

Танысуы:   Армысың жиналған топ бұл саыйсқа

                     Келдік біз сәлем беріп алдыңызға.

                     Шыққан тегім оптика патшалығы.

                     Құрметтейді ғалымдардың барлығы

                     Әкеміз Христиан Гюйгенс

                    Толқындардан алдық біз үлкен жеміс.

Екінші топ «Квант»

Танысуы:  Жаныма жақсылықты жиып келген

                     Көрінген әрқашанда биіктерден.

                     Достықтың туын тіккен «Квант» тобының

                     Түлегіміз осындай  сүйікті елдің.

Сабақты қай топтан бастауды анықтау үшін жұмбақты шешкен топ сұрақтарға жауапты бірінші болып бастайды.

Жұмбақ: «Нені сандыққа тыға алмайсың?»

(«Күн сәулесі»)

№1 тапсырма: «Сырлы сандар» ойныны арқылы оқушылардың теориялық білімдері сыналады.Бұл тапсырма сұрақтары суретгідей баспалдақ түрінде орналастырылады.Әр баспалдаққа карточкаға сұрақтар жазылып ілінген.

 

              Көк баспалдақпен «Толқын», қызыл баспалдақпен «Квант» тобы жүріп отырады. Өз карточкасына жауап беріп болған оқушы, оның екінші жағын аустырып, орнына іліп кетіп отырады. Сонда суреттегідей сандар шығады.Жауап берген әрбір оқушы үстел үстінде тұрған құралдарды, сызбаларды пайдаланады. Оқушыларға сұрақ: Бұл сандар  нені білдіреді?



 Ол сандар ақынның туған,қайтқан және ғасыр атағын алған жылдар. Келесі баспалдақтағы сандар мектептің ашылған, оқушылардың тарыдай болып бірінші сыныпқа келген, енді таудай болып мектепті бітірейін деп отырған жылдары көрсетілген.

№2 тапсырма:

I-деңгей. «Толқын» тобына: инфрақызыл сәуле үшін фотонның энергиясын, импульсін есептеу.

«Квант»тобына: рентген сәулесі үшін фотонның массасың, энергиясын, импульсін есептеу.

II- деңгейлік тапсырмаларәр оқушыға бөлек жеке карточкаларға жазылып үлестіріледі.Бұл оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.Оны орындаған оқушы үшінші деңгейлік тапсырманы орындайды.

III- деңгейлік тапсырмаерекше құрылған.Ондағы сұрақтар күрделілеу және әр карточка сыртына  сөздер жазылған.Тапсырманы орындап болған оқушы өз карточкасының сыртындағы сөзді тақтаға жазып кетіп отырады.

Сөздерді ретімен қойғанда ақынның:«Тарыдай боп кіріп ең, таудай болып шығасың»  -деген сөздері шығады.

Сол арқылы сабақ қорытындылады.

Мұғалім сөзі: «Толқын»  «Квант» бөлшек тобымыз

                          Жарысып та болдық -  біз

                          Аяқтайық осымен 

                          Жарық әрі «Толқын»  әрі«Квант» сонымен

                          Келісейік айтыспай

                          Бірігейік ренжіспей

                          Бөлінгенмен жан-жаққа

                          Мақсатымыз бір жақта

                          Оптиканың заңдары

                          Табиғатта, ғылымда

                          Осы алған біліміңді

                          Өз бойыңа жинақта

                         Дәріс берген ұстаздарды

                         Әрқашанда  ардақта.       

Сабақтың соңғы түйіні – «Жарық ағашын өсіру» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.

Сабақтың соңғы түйіні – «Жарық ағашын өсіру» арқылы тараудың тірек конспектісін жаздыру.

 Оқушылардың білімі төменгідей бағаланады: 3-ші деңгейлік тапсырманы орындап, саббақа белсене қатысқандарға «өте жақсы», 2-ші деңгейлік тапсырманы орындағандарға «жақсы», ал қалғандарына «орташа» деген баға қойылып, оқушылар түгелдей бағаланады.

Соңынан жұмыс корытындысы шығарылып, озған топ басшысына алдын-ала қойылған «Жарық тәжі» кигізіледі.

 

 

Пән мұғалімі:             Бакытова Қымбат Қазбекқызы



 

 

Сабақтың тақырыбы: Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Астық тұқымдасына жататын өсімдік түрлерінің

морфологиялық,анатомиялық ерекшеліктері,көбеюі,

табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы туралы

білім қалыптастыру.

 2. Дамытушылық:  Даражарнақтылар класына жататын өсімдіктер түрлеріне байланысты білімдерін жалғастырып,дамыту .Оқушыларды шығармашылық  ізденіске баулу, өз бетінше жұмыс істей білу, танымдық логикалық қабілеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік:  Астық тұқымдасына жататын өсімдіктердің бағалы екендігіне көз жеткізу арқылы ас атасы-нанды қадырлеуге,адамгершілікке,салауатты өмір салтын ұстануға, ізденімпаздыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

1.      «Астық тұқымдастар»плакат-суреттері

2.      Кеппешөп  үлгілері

3.      Бидай гүлінің моделі

4.      Оқулық суреттері,интербелсенді тақта материалдары

5.       Нан өнімдерінің түрлері

6.      Таразы

7.      Ыбырай Жақаев,Шығанақ Берсиевтің портреттері

Сабақтың типі:Жаңа білім қалыптастыру

Сабақ түрі:Аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Проблемалық,дифференциалдық

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын

ІІ. «Ер дәулеті - еңбек»

Үй тапсырмасын қайталау.

ІІІ. «Ырыс алды – ынтымақ»

Жаңа білім қалыптастыру.

1.     Қызығушылықты ояту

2.     Мағынаны ажырату

ІҮ. «Екпей егін бітпес,үйренбей білім бітпес»

Жаңа білімдерін бекітіп, қорытындылау.

Ү. «Жердің сәні-егін,ердің сәні -білім»

Оқушылардың білімдерін бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру

ҮІІ. Шығу парағын толтыру

-         Бүгінгі сабақта маған жаңалық болды.

-         Бүгінгі сабақта басты ой не болды?

-         Менің ұсынысым.  

Мұғалім:биология пәні мұғалімі

Ташимова Әлима Нүриденқызы

 

 



Қазақ тілі пәніннен сабақ жоспары

Педагогикалық ұстанымым: «Әр сабақ өмірге сабақ болсын»

Сабақтың тақырыбы:Құрмалас сөйлемді  қайталау.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу біліктерін тексеру.

Құрмалас сөйлемдердің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу.

Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.

Сабақтың түрі: қорытынды шығармашылық сабақ

Сабақтың әдісі:СТО, талдау, салыстыру, іздендіру.

Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

«Ой қозғау»сатысы. Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Осы ойларын атап жазыңдар.

Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемдер.

Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.

1.      Кез келген адамда  қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын  жеткізу үшін  құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...

2.      Адам  өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің  пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам  ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...

3.      Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...

 

Сергіту сәті:Өмірлік  ұстанымыңды анықта:



Өмірлік ұстаным:

Шартты бағыныңқы сабақтас: Адам туған тілін құрметтемесе,  өзін де құрметтемейді.

Қарсылықты салалас: Ғалым болу  - міндет емес, білімді болу - парызың.

Мақсат бағыныңқы сабақтас: Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін, біз білімді болуымыз керек.

Себеп-салдар салалас: Біз қазақ тілін дамытуымыз керек, себебі ұлт болашағы тіліне тәуелді.

Мезгіл бағыныңқы сабақтас: Менің ойымша, мақсатқа жетудің үш жолы бар: білім жолы, еңбек жолы, сенім жолы.

«Ой жалғау» сатысы

І.  Қайталау – білім анасы,

ІІ. Талдау – табыс кілті,

І. Қайталау – білім анасы.

Шарты: Құрмалас сөйлемнің салалас, сабақтас сөйлем түрлерін «Венн диаграммасы» бойынша ерекшелігі мен ұқсастықтарын анықтайды.

 

2. «Графикалық сызба»  бойынша мағыналық түрлерін анықта.



Құрмалас сөйлемнің түрі

Мағыналық түрі

Жасалу жолы

 

 

 

1.      Салалас құрмалас сөйлемдер:

Түсіндірмелі салас:

 Адамды екі нәрсе қартайпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.

 Қарсылықты салалас: Көз – қорқақ, қол – батыр.

 Себеп-салдар саласа: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.

 Ыңғайлас салалас: Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра

 Талғаулы салалас:Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

 

2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер:



Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес (шартты бағыныңқы сабақтас)

Тұрмысың жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.(мақсат бағыныңқы)

Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол. (қарсылықты бағыныңқы)

Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас.)

Адам болып туғандықтан, адамдықты бағала. (Себеп бағыныңқы сабақтас)

Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. (Қимыл- сын бағыныңқы сабақтас).

 

«Кім жылдам?»   Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).



      Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (қимыл-сын) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты)

    Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. (мақсат) Ербол да сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, досы Абай сияқты сөзін таза,  мінсіз шығаратын еді. (шартты) Абай шошыған кісідей ұйқысынан оянғанда, қараңғы түнді таң жарығы жеңіп, терезе бозара бастап еді. (мезгіл) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де әбден титықтап шаршады. (себеп) Бетінен оты шықса да , Құнанбайдың сөзіне көнбесіне  Тәкежанның шарасы  болмады. (қарсылықты) Абай әкесіне сәлем бермек болып, әжесінен рұқсат алды. (мақсат) Ошаққа аққайыңның қабығын салмайынша, қазандағы ет көп қайнаусырайды. (шартты)

ІІ. Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге  толық синтаксистік талдау жаса.

                    Синтаксистік  талдау:

1.      Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.

2.      Сөйлемдегі мүшесі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

3.      Құрылысына қарай : жай сөйлем (жалаң,жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы);   құрмалас (салалас, сабақтас, аралас, )

4.      Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі, жасалу жолы.

5.      Сөз тіркестері: тұрақты, еркін.

6.      Сөздердің байланысу түрі:(қиысу,  меңгеру, матасу, жанасу, қабысу

7.      Байланысу тәсілі: интонация,   жалғаулар, шылау, орын тәртібі)

«Ойтолғау» сатысы

І. Шығармашылық – білімді адам жететін шың.

Әр топқа суреттер таратылады.

Тапсырма: Суретті  сабақтас құрмалас сөйлеммен байланыстырып,

 қорытынды ой шығар

(Өз сабағымда оқушылардың айтқан пікірлерін жазып отырмын)

  «Ми»  суреті

Жауап:Адамның миы, басы жалғыз болғанмен, ойы сан қырлы болады, сол ойын құрмалас сөйлемдер арқылы сыртқа шығарады.

«Алтыбақан»суреті

Жауап: Адамның өмірі  алтыбақан сияқты қимыл -қозғалыс пен  іс-әрекет тұрады. Сол қимылын бақылап тұратын алтыбақан сияқты, салалас пен сабақтас сөйлемнің мағыналық түрлері арқылы  адам іс-әрекетінің мезгілін, себебін, шартын т.б. білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет