Қартаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы
Қартаю
Ағза денесінде
Қартаю кезеңінде адам
50 жастан кейін адам терісінде тұрақты өзгерістер — тыртықтар, меңдер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май қабаты бірте-бірте жұқарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.
Ас қорыту жүйесінде мынадай өзгерістер байқалады
Тістер босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды. 40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар қабырғасына холестерин сіңіп жинақталып,
оның иілімділігі төмендейді. Кәрілік кезенде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды. 40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам тез шаршайтын болады.
Ішкі секреция бездерінің қызметіңде де айтарлықтай өзгерістер байқалады — кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз. Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалық иммунитет төмендейді. Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген. Кәрілік сатыда адамдардың барлық сезім мүшелерінің қызметтері төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |