Сұрақ-жауап ұйымдастырылады
1. Балалар қазір қай мезгіл?
2. Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
3. Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?
4. Аяз ата бізге не береді?
Балалар Аяз ата бізге келем дегенше көп күн бар, базар аралап сыйлықтар алып жүр екен, бізге мына бір кішкене қалтасын беріп жіберіпті. Ішінде сыйлықтар бар, ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларға таратып берем.
- Сыйлық алғыларың келе ме?
Олай болса ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысыңдар. Мына терезелермен жұмыс жасаймыз:
-Аққала неше бөліктен тұрады?
-Мұрнын, көзін неден жасайды?
-Түстері қандай?
-Аққаланы неден жасайды?
Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көрейік.
Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету.
-Бұл қарды қайдан алдым?
-Қар қайдан пайда болды?
Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып, жерге жауып түседі екен. Олар әртүрлі болып жауады:
Сергіту сәті
-Балалар, қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші.
Ендеше біз бүгін түрлі-түсті қағаздан аққаланы құрастырамыз
|