Тақырыбы;Әрекеттесуші массалар заңы – сапалық талдаудың теориялық негізі. Гомогенді және гетерогенді жүйелер. Басты сұрақтары



Дата03.10.2023
өлшемі27,35 Kb.
#183542
Байланысты:
Аналитика рекеттенушіМассаларЗа ы


Тақырыбы ;Әрекеттесуші массалар заңы – сапалық талдаудың теориялық негізі.Гомогенді және гетерогенді жүйелер.
Басты сұрақтары:

  1. Қайтымды реакцияларға әрекеттесуші массалар заңын қолдану.

  2. Химиялық тепе – теңдіктің константасы..

  3. Электролииттік диссоциация теориясы.

  4. В.Освальдтың сұйылту заңы.

  5. Күшті электролиттер қағидасы.

  6. Ертіндінің иондық күшін, активтілік, активтілік коэффиценттерін есептеу.

  7. Қышқыл, негіз, тұз ертінділеріндегі рН – ты есептеу.

  8. Буфер жүйесі, буфер ертінділерінің рН – ын есептеу.

  9. Гетерогенді жүйелерге түсіндірме.

  10. Ерігіштік көбейтінді, оны есептеу.

  11. Тұзды эффект, бөлшектен тұндыру.

  12. Тұнбаның түзілуі, еруі.

Аналитикалық реакциялар әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Реакция жылдамдығы әрекеттесетін заттар концентрациясының уақыт аралығында өзгеруімен анықталады.
Реакция жылдамдығының концентрацияға байланыстылығын ең бірінші 1867 жылы Бекетов Н.Н, К.М.Гульдберг, П.Вааге зерттеген.
А+В= С реакциясына әрекеттесуші массалар заңын қолдансақ
V = K * [ A] * [ B]
Химиялық реакция кезщінде әрекеттесу жүру үшін әрекеттесуші молекулалардың бір-бірімен соғысуы қажет немесе бір уақытта бір нүктеде кездесуі қажет. Молекулалардың соқтығысу мүмкіндігі әр молекулада оның концентрациясына тура пропорционал.
WA= a [A]; WB = b [B]
Осыдан жалпы соқтығысу саны, уақыт ішіндегі тең:
U = WA * WB = a [A] * b [B]
Химиялық реакция жүру үшін соқтығысқан молекулаларда кинетикалық энергия сапасы болу қажет. Мұндай артық энергия реакцияның толық жүруіне қажетті энергия, ол активизация энергиясы деп аталады.
V = a * V = a * a [ A] * b [ B]
Біріктіріп ( а, а, в) бір К-мен белгіленген. Онда V = K * [ A] * [B]
Егер [ A] *[B] – концентрациялары тең болса, 1 моль/л-ге онда V1= K1. Кері реакция жылдамдығы V2 = K2 * [C] * [D]
Химиялық тепе-теңдік константаның мәні температура өзгергенде өзгереді, бірақ концентрацияға байланысты емес.
Сапалық талдауда тұздың, қышқылдың, негіздің сулы ерітіндісімен жұмыс жасалады. Электролит ерітінділердің қасиеті неэлектролиттерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Электролиттер суда ерігенде екі процесс жүреді. Біріншісі - иондық, гетерополярлы кристалды құрылымдағы электролиттердің еруі. Оны диссоциация десек, екіншісі – гемополярлы байланыспен байланысқан заттардың еруі. Оны ионизация процесі дейді. Ионизация процесі қайтымды, себебі ерітіндіде иондармен бірге , иондалмаған молекулалар болады.
Kt An – K t+ + An-
Ku OH = [Kt+] [An-]
[K An-
K t+, An – иондар концентрациясы.
[Kt An] – ионданбаған молекула саны.
Ионизация дәрежесі ( L) – дегеніміз жалпы еріген электролиттің қандай бөлігі ионға ыдырағанын көрсететін мән.
L = ионданған молекула саны
жалпы еріген молекула саны
L – бірнеше тәсілдермен анықталады. Берілген ерітіндідегі судың қату температурасының төмендеуімен немесе ерітіндінің электроөткізгіштігімен.
L = y v
y
L – иондану дәрежесі y v – эквивалентті электроөткізгіштік
Y 8 – шексіз сұйытылған ерітіндінің электр өткізгіштігі.
Эквивалент электрөткізгіштік деп үлестік электр өткізгіштіктің 1 г. Экв заты бар ерітінді көлеміне көбейтіндісі:
У = K * 100
C
Эквивалентті электрөткізгіштік электролиттің ионизация дәрежесіне тура пропорционал. Кольрауш заңы бойынша эквивалентті электр өткізгіштік шексіз сұйытылған ерітіндіде сол электролиттің катиондары мен аниондары суммасына тең:
Y 8 = L K t + + l An-
Ионизация дәрежесі мен константасы молекуланың ионға ыдырауын көрсетеді. Егер электролиттің молярлы концентрациясы С, ал иондалу дәрежесі L болса, ,әр ион концентрациясы С* L, ал ионданбаған молекуланың концентрациясы С-СL не С* (1- L).
Онда
CL * CL= K CL2= K
C * (1-L) 1- L
Бұл теңдеуді В.Октивалдтың сұйылту заңының формуласы.
Егер электролит әлсіз болса,
CL2= K
L = ^ K
C
K = CL2
I - L
Еріткіш пен еріген зат арасында иондардың өзара тартылуы активтілікке де байланысты. Активтілік (а) – химиялық реакция кезінде әсер ететін ионның эффекті концентрациясы.
Активтілік коэффицент электролиттегі ионның концентрациясының ғана емес, ерітіндідегі барлық ион концентрациясына байланысты.
f- мәні ерітіндінің иондық күші артқанда төмендейді.
Ерітіндінің иондық күші (М) – дегеніміз ерітіндідегі электролистикалық әсерлесу күшінің шамасы. Ол 1921 жылы Г.М.Льюис пен М.Рендель енгізген формуламен есептеледі.
М = 1 ( C1 * I2 1 + C2 * I22 + ...)
2
C1 , C2 – жеке ион концентрациясы
I1, I2 – квадратпен алынған ион зарядтары
Сапалық талдауда тұнбалану және тұнбаның еру процесстерінен жиі кезігеміз.
Сондықтан ерігіштік көбейтінді түсінігін қолданамыз.
Ba SO4 – Ba 2+ + SO42-
қатты зат тұнбалану ерітінді
Қарама-қарсы процесс динамикалық тепе-теңдік күйге әкеледі.
Тепе-теңдік туғанда ерітіндіде гидратталған иондардың концентрациясывның артуы тең болады, тұнба азаяды. Қанық ерітінді пайда болады.
Әрекеттесуші массалар заңы бойынша қатты заттың еру жылдамдығы, қатты дене бетінің мәнінен тура пропорционал.
V1 = K1 * P
K1 – Пропорционалдық коэффиценті.
Р – қатты бетінің мәні.
Тұрақты температурада қатты беті = 1. ОндаV1 = K1
P = 1-ге болғанда тұнбалану жылдамдығы (V2) ион жылдамдығы мен концентрациясы арқылы немесе ион активтілігі арқылы анықталады. Тепе-теңдік туғанда
V2 = V1
А Ва 2+ * SO42-= K1
K2
Егер K1 = EK десек,
K2
а Ва 2+ - а SO4 2- = EKВа SO4
EK – константасы электролиттің еру қабілетін сипаттайды және ерітіндідегі иондардың активтілік көбейтіндісіне тең болады. Оны ерігіштік көбейтінді деп атайды.
Тұрақты температурада ерігіштік көбейтінді тұрақты мән.
Мысалы:
EK Mg NH4 PO4= a Mg 2+ * a NH4+ * a po43-
EK Pb 3 (PO4)3 = a pb2+ 3 * a Po4 2- 2
Егер электролиттің қанық ерітіндісіне басқа аттас ионы бар электролит қосса, ион концентрациясының көбейтіндісі, ерігіштік көбейтіндіден артады, ерітінді қанық болады.
Электролиттердің ерігіштігі басқа аттас ионы бар күшті электролит қосқанда төмендейді.
Тұзды эффект – дегеніміз аз еритін тұздардың басқа электролит қосқан уақытта ерігіштігінің артуы.


Тақырыпты бекіту сұрақтары:
1.Ионизация дәрежесін қалай анықтауға болады.
2. Иондық тепе-теңдікке бір аттас иондар қалай әсер етеді?
3.Ертіндінің иондық күші артқанда активтік коэффициент қалай
өзгереді.
4.Күміс катионын анықтау кезінде азот қышқылының рөлі қандай.
5.Электролиттердің ерігіштігіне бір аттас иондардың және басқа
иондардың әсері қандай.
6.Аз еритін электролиттерді басқа элекетролиттерге қалай
ауыстыруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет