Тақырыбы:«Жақсы көңіл-күй – жан азығы» Мақсаты


І. Кіріспе  1. Амандасу



бет2/5
Дата07.09.2020
өлшемі22,55 Kb.
#77575
1   2   3   4   5
Байланысты:
ұжым тренинг

І. Кіріспе 

1. Амандасу.«Бумба-Юмба» жаттығуы 

Психолог: Біз сіздермен Бумба-Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасу керек. Қазір екі топқа бөлінеміз. 1-топ 2-топқа барып бір-бірлеріңіздіңаяқтарыңызды сол аяқ пен оң аяқты, оң аяқ пен сол аяқты түйістіру арқылы. Ал, екінші топ бірінші топқа барып, бір-бірлеріңізбен арқаларыңызды түйістіресіздер. 

2. Әдістеме: «Менің мінезім» 

Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау. 

Әрбір қатысушыға алдын-ала дайындалған, төрт бөлікке бөлінгеншеңберлер таратылады. 

Әр бөлікке төмендегі жануар,аң, құс аттарын жазып шығады. 

Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш, Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа,Жылан, Балық. 

Соңында: 

1. Үйде;  

2. Жұмыста;  

3. Жолдастарының арасында; 

4. Өзіндік баға, деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады. 

Жауабы: 
1. Түйе- шыдамды 
2. Жылқы- тектілік 
3. Сиыр- өкпелегіш 
4. Қой- жайдарлылық 
5. Ешкі- ұйымдастырушылық 
6. Ит- адалдық 
7. Мысық- биөрісі басым адамдар 
8. Тауық- шығармашыл 
9. Қаз- тазалық 
10. Аққу- сезімтал 
11. Қарлығаш- бауырмал 
12. Үйрек- ұқыптылық 
13. Бұлбұл- әнді жақсы көретін 
14. Арыстан- қайратты 
15. Қасқыр- жігерлі 
16. Түлкі- бейімделгіш 
17. Маймыл- әртістік қабілеті бар 
18. Қоян- елгезек 
19. Тауешкі- талғамы жоғары 
20. Тасбақа- мейірімді 
21. Жылан- салқынқанды 
22. Балық- еркіндікті қалайды 
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма? 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет