4. «Ыстық картоп» ойыны
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Алдын-ала дайындалған сұрақтар қағазға жазылып, дөңгелек пішінде умаждап, ыстық картоп дайындаймыз. Қарқынды әуен қосылады да, қатысушылар ыстық картопты жылдам бір-біріне береді. Әуен тоқтатылған кезде ыстық картоп кімнің қолында болады сол адам тез қағазды ашып, жазылған сұраққа жылдам жауап беруі тиіс.
Сұрақтар:
Бүгінгі көңіл-күйіңіз қандай?
Сүйіктітағамыңыз қандай?
Сіздің хоббиіңіз?
Спорттың қай түрін ұнатасыз?
Қандай киім үлгісін ұнатасыз?
Жылдың қай мезгілін ұнатасыз? Не үшін?
Қай түсті ұнатасыз?
Жылдың ең қысқа айын атаңыз?
Кактус гүліне ұқсайтын жәндік?
Сүйікті әніңіз?
«А» дыбысынан басталатын бес затты атаңыз?
Адам нені бұзғанда қуанады? (Рекорд)
Шикідей жемейді, піскенде алып тастайды? (Лавр жапырағы)
Сүйікті әншіңіз?
Бала кезіңіздегі «Лақап атыңыз» қандай?
Көзбен көрмейміз, қолмен ұстамаймыз? (Ауа)
Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
Өміріңізде болған ең қызықты оқиға?
Егер сізде уақытты кері шегіндіру мүмкіндігі болса нені өзгертер едіңіз?
Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? (сабақ)
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе? (Есіміміз)
Күн мен түн немен аяқталады? ("н" әріпімен аяқталады)
Қандай сағат тәулігіне екі рет қана дұрыс көрсетеді? (Бұзылған, тоқтаған)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не? (Өмір)
Достарыңызбен бөлісу: |