Тапсырма №2 Ситуациялық есептер
№ 1 32 жастағы ер кісі дәрігерге 4 жыл бұрын пайда болған жұтынудың бұзылысына шағымданып келді. Қатты тағамды жұтқаннан кейін 2-3 с соң төс сүйегі артындағы қысу сезімін байқайды. Алғашында бұл сезімдер сирек болған, соңғы жылы әрдайым және әрбір тамақ ішкен сайын пайда болады. сұрағанда жылдан астам кеудесінде «толқындау» және оянғаннан кейін жөтел мазасын алатындығы анықталды. Бұл сезімдер су ішкеннен соң азаяды. Науқас тамақ ішу кезінде тұншығу немесе шаршағыштық сезім, мұрыннан, ауыздан тағамның кері қайтуы, жұтқыншақтағы ауыру сезімі, қыжылдау, дене массасының азайғандығы, асқазан-ішек жолдарынан қан кететіндігі – осылардың барлығының болмайтындығын айтады. Науқастың бұлшық еттері ауырмайды, қыжылдау болмайды, өзінде де, туыстарында да жүйелі коллагеноз болмаған. Қарап тексергенде және лабораториялық тексерулер – қанның жалпы анализі, ЭТЖ, қант, креатинин және бауыр мен қан ферменттерін тексергенде, барлығы қалыпты жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |