73
сын қалдырған қаламгерлердің бірі. Талаптан Ахметжан 1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім
ауданы, Теректібұлақ ауылында туған. 1979 жылы Өскемен құрылыс-жол институтына оқуға түседі. 1985
жылы оқу орнын бітіріп, құрылыста мастер, облыстық телерадиокомитетте редактор, республикалық
«Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, ҚР баспасөз және БАҚ министрлігінде бас маман,
«Егемен Қазақстан» газетінде бөлім редакторы, «Парасат» журналында бас редактордың орынбасары,
республикалық «Әдебиет айдыны» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма
төрағасының орынбасары, «Ан Арыс» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Мамандығы
инженер бола тұра, әдебиетке өзінің таланты арқылы білек сыбана араласқан көпқырлы кісілік
келбетімен, адамгершілік ар-ожданының биіктігімен көптің көңілінен шығып, жүректерден орын алған
қазақ әдебиетіндегі сырбаз тұлға, жазушы-драматург.
Талаптан Ахметжан
«Тұма» («Жалын» 1995 ж.),
«Сұлу мен суретші» («Білім» 1997 ж.), «О дүниенің қонағы» («Елорда» 2001 ж.), «Ақиқат жолы»
(«Қазақпарат» 2003 ж.), «Мұң» («Қазақақпарат» 2003 ж.) прозалық кітаптары, Таңдамалы шығармалары-
ның үш томдығы («Жалын» 2006, 2007, 2008 жж.) жарық көрген. Республика театрларында қойылған
«Тазша бала», «Қараторғай», «Екі жүрек», «Сұлу мен суретші» қойылымдарының авторы. Драмалық
шығармалары республикалық театр сахналарында қойылуда. «Қараторғай» атты спектаклі он шақты
жылдан бері Батыс Қазақстан облыстық театрының сахнасында қойылып келеді. Ол Қазақстан жазушы-
лар Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының («О дүниенің қонағы» атты кітабы үшін, 2002), Халықара-
лық Валентин Пикуль атындағы сыйлықтың (шығармашылықтағы жетістіктері мен халықаралық әдеби
байланысқа сіңірген еңбегі үшін, 2008) лауреаты.
Енді Т.Ахметжан шығармаларындағы концептілерге келсек, бұлардың саны өте мол. Дегенмен,
жазушы өз шығармашылығында үнемі қайталап отыратын басты концептілер шоғыры жиі кездеседі.
Атап айтқанда, жазушы шығармашылығында «Туған жер», «Сағыныш», «Сұлулық», «Ар-ұят» концепті-
лері жиі қолданылады.
Қ.Т. Жанұзақова және А.Әбдібаеваның «Т.Ахметжан туындыларындағы көркемдік-тілдік ерекше-
ліктер» атты мақаласында былай деп жазады: «Қорқыт ата аңызынан тамыр тартатын «өнер-мәңгілік»
философиясы – «Сұлу мен суретші» шығармасының да алтын арқауы. Шығарма шешімінде шалдың
ажалының суреттен келуінің сыры бар. Суретшінің қазасы өзі салған «Қуғыншы» суретіндегі сойылдың
соққысынан болады. Бұл суреттің символдық мәні бар. Ол оқиға өрісіне қарай сәл құбылып мәтінде
бірнеше рет қайталанып беріледі: «...Көз алдына ақ шағи көрпесін қымтана бүркеніп, бұйығып жатқан
Алтайдың қыземшек жоталары елестеді. Үкідей үлпілдеген ұлпа қардың үстінде соңына түскен қуғын-
шыдан құтылмаққа жандәрмен күш салып, бар айла-тәсілін сарп еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып
барады. Бірде оңға, бірде солға бір бұлт етіп, одан қалды жалт бұрылып, кері қашқанымен де жарау ат
міеген қуғыншы қыр соңынан қалмай діңкелетіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсықтан ала темірдей
қатты сойылмен сілтеп өткенде түз тағысы екі бүктетіліп барып омақаса құлады. Қара тұмсықтан қып –
қызыл қан дірдектеді... Әппақ қарға қып-қызыл қан тамды... Қып – қызыл қан...»[1, 117]» [1, 67].
Кeйбip aқиқaт дүниeлep aдaм caнacындaғы эмoциoнaлды, aффeктивтi көңiл-күй apқылы,
Достарыңызбен бөлісу: