Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет234/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   565
Байланысты:
2

Keywords:
creative disciplines, assessment, verification, teaching methods, method. 
Бүгінгі таңда бұл кемшіліктерді жоюдың бірден-бір жолы – білімді де білікті және дағдыны 
қалптастыру нәтижесін бағалаудың жаңа түрлерін және оқытудың жаңа түрін меңгерген яғни, кредиттік 
оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы мен білімді тиімді тексеру жүйелерін жетік білетін: 
баллдық, рейтингтік оқыту үдерісіне дәстүрлі тексеру түрлерімен әрі оқыту жүйелерімен үйлесімде енгізу 
болып табылады. 
Соңғы кезде студенттердің білімдерін тексеруде көптеген мамандықтар тесттік бақылау түрін 
қолданып жүр. Бірақ, тесттік бақылау түрі өнер мамандықтары үшін өте тиімсіз.
Біздің елімізде жоғары оқу орындары мен колледждерде білімді бағалаудың дәстүрлі ерекшелігі 
игерудің қандай да бір деңгейінде анықталатын білім көлемін ғана бағалау болып табылады. Сонымен 
бірге, оқыту барысында білімнің белгілі бір мінсіз құрылымын жоспарлау қарастырылатыны бәрімізге 
мәлім. Білімнің дара құрылымының оқытуда жоспарланатын білім құрылымына сәйкестігі өлшемін 
анықтау шығармашылық пәндерді орындаған жұмысына қарай бағаланғанда ғана мүмкін болады.
Білім беру жүйесінде оқыту процесін жетілдіруде білім алушылардың танымдық қызметін басқару 
маңызды роль атқарады. 
Басқару үдерісіне сай оқытудың тиісті нақты мақсаттарын ұйымдастыру және дидактикалық 
үдерістің шарттарын басқаруда есепке алу тәсілдерін таңдау жүзеге асырылады. Басқару кең мағынады 
білім алушының оқу-танымдық қызметін бақылау жүйесі және оқытудың белгіленген мақсатына жету 
ретінде қолданыс табады. Бақылау оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады және бағдарла-
маның белгілі бір тарауын оқығаннан кейін және оқытудың нақты деңгейін аяқтағаннан кейін ол 
айрықша маңызға ие болады. Қазіргі шығармашылық пәндер бойынша білімді тексеру мен оқыту 
нәтижесін бақылаудың дидактикалық ұғымдарының аясы өте кең. Оқыту нәтижесін бақылауды, тексеруді 
дидактика педагогикалық диагностика ретінде қарастырып жүр.
Шетелдерде педагогикалық диагностика даму мен тәрбиелікті жан-жақты бақылау, игерген білім-
дерді тексеру және сараптау, талдау, оқу үдерісін нақтылау және жалпылау, білім алушыны оқытудың 
келесі сатысына көшіру туралы қорытынды жасау, педагогтардың және білім беру ұйымдарының жұмыс-
тарының нәтижелерін қорытындылау үдерісі ренітде түсіндіреді. Біздің педагогикада оқытуды бақылау 
екі мағынада қолданылады: біріншіден, ол басқару шешімдерін қабылдауға қызмет ететін жұмысты 
тексерудің әкімшілік түрі, екіншіден бағалауды жүзеге асыратын басқару жүйесі. 
Жоғары оқу орындарының білім беру жүйесін дамытудағы басты бағыттардың бірі – кредиттік оқыту 
жүйесін енгізу арқылы сапалы білім берумен қатар, бағалау мен тексеру сапасын да жетілдіру болып 
табылады. Білім сапасының объективті рейтингін анықтайтын ғылыми дәлелденген әдістемесі осы 
ұғымның міндетті құрамдас бөлігі болып келеді. Білім сапасының нақты көрсеткішкін тура анықтау үшін 
жоғары оқу орындарының материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілу деңгейіне, оқу әдістемелік кешен мен 
көмекші оқу құрал жабдықтарының жеткілікті болуына, оқытушының сабақ беру шеберлігіне, педагогика 


148 
ғылымының жетістіктерін, инновациялық әдіс-тәсілдерді өз қызметінде жан-жақты қолдана білуіне, 
студенттердің өздіктерінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге деген талап-талпыныстарының болуы да қажет. 
Оқу үдерісінде білім сапасын анықтау үшін студенттің алған білімін тексеру мен бағалау нәтижесін 
саралау ең маңызды роль атқарады. Ал, бағалаудың дәлдігі мен толықтығы білім берудегі көздеген 
мақсаттарға жетудің тиімділігін анықтайды. 
Білімді тексерудің басты құрамдас бөліктеріне жататындар: 
-
білімді тексеруге қойылатын талаптар; 
-
білімді тексеру мақсаттары; 
-
тексеру құрылымының міндеттері; 
-
тексеру құрылымының сапасы; 
-
білімді тексеру сапасы. 
Білімді бақылаудың негізгі компоненттеріне жататындар: 
-
білімді тексеру; 
-
білімді бағалау; 
-
бағаны анықтау және қою; 
-
білім мен іскерлікті есепке алу; 
Студенттердің сабақ үлгерімдерінің бақылау объектілеріне жататындар: 
-
шығармашылық пән негізін құрайтын түсініктерді білуі; 
-
шығармашылық пәннің әдісі мен тәсілін жан-жақты білуі; 
-
логикалық және шығармашлық ойлай алу біліктіктерінің болуы; 
-
теориядан алған білімдерін оқу үдерісінде және практикада қолдана білуі; 
-
өз ойларын, тұжырымдамаларын сауатты жеткізе білуі; 
-
негізгі шығармашылық құзіреттіліктердің қалыптасуы. 
Білімді тексерудің келесідей дидактикалық принциптерін атап көрсетуге болады: 
-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет