6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 2 курс студенті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Педагогика және психология институты
Кіріспе Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз ұстаз мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз». Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді тың, мазмұнды, жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен даму үрдісі. Жас өскелең ұрпақтың тағдыры олардың бойына ізгілік нұрын себуші ұстаздың қолында, демек, ұстаз – балаларға білім ғана емес, оларды өмір бойы үйрететін біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Жоғары педагогикалық мақсаты - білім жас мамандарға жоғары сапалы білім берумен қатар практикалық іс-тәжірибелерін ұштастырып, оларды бәсекеге қабілетті, ұлттық болмысымызды әлемге танытатын өскелең ұрпаққа терең білім бере алатын маман даярлау.
Практика - жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық процестен бөлінбейтін бөлігі бола тұрып, мұғалімді дайындаудың теориялық және практикалық бірлігін қамтамасыз етеді.
Мен Жүсіпова Айдана, 24.01.2022-14.05.2021 аралығында Алматы қаласы, №15 Гимназия мектебінде үздіксіз психологиялық-педагогикалық практикадан өттім. Маған 2 «Ә» сыныбы берілді. Сыныпта 26 оқушы бар. 1 оқушы онлайн оқиды. Сынып жетекшісі Қувонишова Рита Абайқызымен таныстым. Практикамның алғашқы күнінде мұғалімнің сабақ өту барысын, әдістерін бақылап отырдым.
Сыныптағы оқушылармен таныстым. Оқушылардың психологиялық тұрғыдан сабаққа деген белсенділігін зерттедім. Сынып жетекшінің сынып жоспары және сабақ кестесімен таныстым. Оқушылар сабақты 8:00-де бастайды, екінші сабақтан соң тамақтануға барады. Сабақ беру барысында балаларға сергіту сәтін ұйымдастырдым. Сабақ аяқталған соң оқушыларды ата-аналары қол қойып алып кетеді екен. Оқушыларды үйлеріне тарату кезінде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктелетінін аңғардым.
Білім алушының іс - тәжірибенің өту мерзіміндегі жұмыс барысы Интерактивті тақта - бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін ресурс.
Өз тәжірибемде «Activstudio» бағдарламасымен қамтамасыз етілген Activord интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін барынша қолдандым. Сонымен бірге бұл сабақтарда электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор.
Мен жаңа сабақты түсіндіру барысында сабақтың мазмұнын дайын күйінде бермеуге тырысамын. Оқушылардың өздігінен танып-білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын.
Балалардың сабаққа белсене қатысатынын байқауда қандай қосымша тапсырмалар беруге болатынын меңгердім. Әртүрлі әдістемелер үйреніп жатырмын. Өзіме керекті әдістемелерді түртіп алып отырдым.
ҚМЖ, ОМЖ, ҰМЖ-мен таныстым.
Күнтізбелік тақырыптық жоспармен таныстым. Ол мемлекеттік стандартпен бекітіледі. Онда барлық тақырыптар беріледі, күнін мұғалім есептеп қояды, бір жыл толық қамтылу керек.
Балалармен жұмыс жасауда негізгі қағидаларды үйрендім. Мұғалімнің жазуы қандай болуы керектігі жайлы білдім. Оқушылардың ақпаратты қабылдау дағдысын байқадым. Оқылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын қалыптастыру жолдарын меңгердім. Оқушының күн тәртібіне деген жоспарды қарадым. Оқушылардың үй жұмысын, дәптер тексеруді үйрендім. Оқу бағдарламасымен, Kundelik.kz-пен таныстым.
Наурыз мерекесі Балалардың салған жұмыстары Жаңа үлгіде сабақты жоспарлау ерекшелігі Жаңа үлгіде сабақ беру бойынша Блум таксономиясымен таныстым. Жалпы сабақтың құрылымын Блум таксономиясымен құру көптеген мәселелерді шешеді. Себебі онда оқушының түсінік алғанынан бастап, бағалау кезеңіне дейін түгел қамтылады. Жеңілден қиынға кезеңімен өтіп отырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен бұл оқу тәжірибем арқылы болашақта өзіме қажетті көптеген құжаттармен таныстым. Әртүрлі әдістемелерді меңгердім. Оқушылармен қалай жұмыс жасау керектігін және балалармен дұрыс қарым-қатынас орнатуды үйрендім. Мамандығыма деген құштарлығым артты.