Аннотация
: Автор в статье делится своим опытом, мнениями по интегрированным урокам. В статье
делается вывод, что на интегрированных занятиях учебные материалы анализируются комплексно, что
тема полностью впитывается в сознание.
Ключевые слова
: интегрированное обучение, интерактивный метод, компетенция, групповая
работа, межгрупповая работа, метод вопрос-ответ, дискуссия, активная лексика, пассивная лексика.
Annotation:
The author in the article shares his experience, opinions on integrated lessons. The article
concludes that the integrated training materials are analyzed comprehensively, that the topic is fully absorbed into
the consciousness.
Keywords
: integrated learning, interactive method, competence, group work, intergroup work, question-
answer method, discussion, active vocabulary, passive vocabulary.
Қазіргі кезде «мүлде бір-біріне қатысы жоқ» пәндерді кіріктіріп өткізу дәстүрі кең етек алып келеді.
Әдетте, бұл әдіс, музыка, хореография, бейнелеу т.с.с. шығармашылық пәндерге тән деп танылып келді.
Алайда кейінгі кезде сан түрлі пәндерді кіріктіріп өткізу тәжірибелері күн санап көбейе түсуде. Аталған
әдісті тіл үйрену сабақтарында да қолдануға болатындығын өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Тіпті кез келген тілді
шет тілі ретінде оқытуда кіріктіруге болатын пәндердің қатары аз емес екеніне көз жеткіздік. Тіл үйрену де-
геніңіз, белгілі бір халықтың күнделікті өмір-тіршілігінен бастап, бүкіл тарихы, салт-санасы, өнері, ділі, діні,
рухани және материалдық мәдениеті туралы ақпараттар ағыны астасып келетін күрделі процесс дер едік.
Кіріктірілген сабақтарда білім алушы дүние, қоршаған орта, түрлі құбылыстар, өмір шындығы
туралы білімдерді бөліп, жармай, тұтас меңгеруге мүмкіндік алады. Мұндай сабақтар білім алушылардың
қызығушылығының артып, өз бетінше белсенді әрекет етуіне ықпал етеді. Ойлау қабілеттері дамиды,
белгілі бір тақырыпты түрлі салалар аясында, әр қырынан саралау, талдау, қорытынды жасауға дағды-
ланады. Сол әрекеттер арқылы олардың тілдік құзіреттіліктері де дамиды.
Кіріктірілген сабақтарда бірнеше пәндер қамтылатындықтан, ондай сабақтар түрлі әрекеттерге толы
болады да, білім алушыдан жоғары белсенділікті талап етеді. Сол арқылы білім алушының танымдық
қызығушылығы артып, қиял, ой, елес, жады дамиды. Тіл байлығы артады.
Аталған әдістің тағы бір артықшылығы, мұндай сабақтарда білім алушы өзін еркін сезініп, өз
мүмкіншіліктері мен қабілеттерін барынша ашып көрсетуге мүмкіндік болады. Сонымен қоса, тек оқушы
ғана емес, ұстаздар да өздерінің білімі мен біліктіліктерін шығармашылық тұрғыда көрсете алады.
Осы тұрғыдан келгенде кіріктірілген сабақта
интербелсенді (жоғары белсенділікті дамыту) әдіс,
оздыра оқыту әдісі, сұрақ-жауап, пікірталас, топтық жұмыс, топ аралық жұмыс т.с.с. әдістерді қолдану
тиімді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |