Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет331/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   565
Байланысты:
2

 
Ключевые слова:
технология, методология, инновации, компетентность, навыки, бизнес, 
эффективность, критическое мышление, дифференциация, духовное пространство. 
 
Annotation: 
The article discusses innovative technologies and their kind of training. The effectiveness of 
teaching methods and techniques that contribute to the formation of knowledge, skills, and professional 
competencies is described. Based on specific examples, the author of the article analyzes the methods of 
transferring innovative methods. 
Keywords:
technology, methodology, innovation, competence, ability, business, efficiency, critical 
mitigation, differentiation, spiritual space. 
Қазіргі кезеңде білім беру саласында және еліміздің рухани өмірінде елеулі өзгерістер болып, 
жаңалықтар еніп жатыр. Бүгінгі жас ұрпақтың рухани кеңістігін қалыптастырудың алғышарты мектепте 
жасалатыны мәлім. Хакім Абайдың «...Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген 
нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де-ақымақтық», - деп отырғаны 
тегін емес. Бүгінгі ақпарат ғасыры теңдесі жоқ білімді, іскерлікті, озық ойды, ұлт алдындағы жауапкер-
шілікті талап етеді. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, зейінді, дарынды, талантты, ұлтжанды тұлғасын 
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның 
Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістікке ену, білім беруді одан әрі демократия-
ландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік 


210 
жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарас-
тыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, инновация-
лық технологияларды қазіргі уақытта әрбір пәннің ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына 
жетудің бірден-бір жолы.
Қазақстан білім стандартының жасалуы, жаңа оқулықтардың жазылуы, жаппай компьютерлендіру, 
инновациялық технологияды қолдану, білім сапасын арттыру, әлемдік білім кеңістігіне ену, кредиттік 
технологияға көшу мақсатындағы жұмыстардың бәрі – еліміздің жаңалыққа талпынысының куәсі. Қазіргі 
таңда жалпы орта білім беретін мектептерінде қазақ тілі пәнінің берілу сапасына заман талабы артып 
отырғаны мәлім. Қазіргі жас ұрпақ өз Отанына адал қызмет ететін талабы мен біліктілігі, білімі мен мәде-
ниеті жоғары, бәсекеге қабілетті, әлемдік өркениетке ұмтылған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, өз 
пікірін еркін айта алатын маман болуы қажет. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігі мен танымдық 
іс-әрекеттері арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай 
алатын жеке тұлғаны қалыптастыру, осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып, білім 
беру мен тәрбиелеу-мұғалімдер алдындағы басты міндет. 
Инновация – жаңалыққа талпыну, бұл жай ғана сөз емес немесе еліктеушілік емес, қатал шындық, 
өмір қажеттілігі. Мемлекеттік тілді жан-жақты меңгертуде ақпараттық технологиялардың мүмкіндігін 
тиімді қолдана білу, сабақ жүргізудің жаңа оқыту әдістерін әзірлеу – қазіргі кезеңде ең өзекті мәселелер-
дің бірі. Үйретілетін тілдік материалдарға, жалпы оқу бағдарламасына өзгерістер еніп, бұрынғыға қара-
ғанда күрделеніп, тілді үйретудің әдіс-тәсілдерінің де жетілдіріліп жатқаны да белгілі. Қазір әдістеме 
ғылымында «оқытудың жаңа технологиясы» деген ұғым кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы мен 
әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланыста. Екеуінің де мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдары. 
Инновация
 
дегеніміз – білім, тәрбие жұмысына жаңалық енгізу, яғни, жаңа әдістемелік амал-тәсілдерді, 
құрал-жабдықтарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану және оның тиімділігіне назар аудару. 
Білім беру саласының қызметкерлері алдына қойылатын мақсат – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі 
жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушы-
лар, мектеп мұғалімдері сабақ барысында инновациялық және интерактивтік технологияларды пайдала-
нып, сабақтың сапалы және жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етіп отыр. «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана 
шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп өткен ғасырда айтқан Ж.Аймауытов пікірінің 
жаны бар [1,85]. Сондықтан оқыту әдістерін жетілдіру арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушы-
лығын, ұғуын, ойлауын, іскерлігін арттыратын тапсырмаларды көптеп іздестіріп жүргізуіміз қажет. 
Сабақты дұрыс ұйымдастыру, әдіс-тәсілдерді орынды қолдана білу-мұғалімнің алдында тұрған ең басты 
мақсат. Білім беру жүйесінде инновация деп жиі айтамыз, жаңалықтың да жаңалығы бар. А.Байтұрсынов-
ша айтсақ «...ұлт тіліне лайықтысы бар, лайықсызы бар» қажетіне қарай қолданып, тиімді тұстарын 
пайдалануымыз керек [2,240]. Қазіргі заман талабына сай өтетін сабақтар білім берудің жаңа мазмұнына, 
өмір талабына сай, оқушылардың ой-өрісіне ықпал ететіндей болуы қажет. 
Оқытудың бірден-бір тиімді технологияларының бірі – инновациялық технологиялар. “Инновация” 
ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латын тілінен аударғанда «жаңа», «жаңа-
лық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе "инновация" - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алын-
ған жаңа нәтиже. Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация – нақтылы бір адамға жаңа 
болып табылатын идея” Майлс: “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің 
жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз” - дейді [3,69]. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері 
жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана 
қолданысқа енгізілді. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, 
берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға 
жетелейді. Осыған орай, Р.Масырова мен Т.Линчевская “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: 
“Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақы-
тынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея», - дейді, яғни инновациялық технология-
ның негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, практикада қолдану, жүзеге асыру және оның тиімділігін 
айқындау [4,119].
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым 
Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің 
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі”,- деген анықтама-
ны ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие 
жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде 
инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байла-
ныспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық 
қамтитын) [5,17]. Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге 
бөлуге болады. Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен 
айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалім-


211 
дердің пайдалануы мысал бола алады. Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі 
әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. 
Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім 
беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін 
қалыптастырады [6,12].
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізінде тұлға тәрбиелеуде назар 
аударатынымыз: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері 
мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптас-
тыру. Инновациялық технология түрлеріне: білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалық оқыту 
технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру, басқарып оза оқыту техноло-
гиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту 
технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы; сын тұрғысынан ойлау 
технологиясы; ірі блогты шоғырландыра оқыту технологиясы, қатысымдық технологиясы, сатылай 
кешенді талдау технологиясы және т.б. 
Қоғам талабына сай инновациялық технологияны меңгеруде ғалым В.Максимов өз зерттеулерінде 
келесі инновациялық технологиялардың түрлерін ұсынады: 

құрылымдық логикалық технология; 

интеграциялық технология; 

ойындар технологиясы; 

тренингтік технологиясы; 

ақпараттық технология; 

сұхбаттық технология.[7]. 
Оқу процесініңдегі негізгі инновациялық технологиялар: 
1. Кейс-технология. 
2. Web- 
технология. 
3. Коммуникациялық технология. 
4. Ақпараттық технология. 
5. Интерактивтік әдіс технологиясы. 
6. Мультимедия технологиясы. 
7. Телекоммуникация немесе электронды оқыту технологиясы. [8] 
Қазақ тілі пәні сабағын оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, деңгейлеп 
оқыту технологиясына ерекше көңіл бөлу қажет. Өйткені бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне, 
жеке тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған.
Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолданылып жүрген әдістердің 
бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Бұл технология 18 елдің тәжірибе-
сіне енгізілген. Бұл әдіс оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, 
тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Бұл технологияда бұрынғы 
білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта 
алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын 
қалыптастыратынын атап өту керек. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегия-
ларды қолданғаны дұрыс “Мен не ұқтым?” және “Мен нені білгім келеді?” деген сұрақтарды есінен 
шығармауы керек. 
“Мағынананы тану” кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, 
стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға 
оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылады 
немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда “Ашық және жабық сұрақтар” стратегиясын мұғалім жүзеге асыра-
ды. Осы кезең бойынша жұмыс істеу барысында қорытынды шығаруға болады.
Бұл технологияның келесі бір кезеңі – «ой-толғаныс». Мұнда “Венн” диаграммасын қолдану арқылы 
тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде оқушылардың тілдік 
дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немес 
“5 жолдық өлең” (синквейн) жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын 
қалыптастыру. Сол бес жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі үш-төрт 
сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушының сабаққа деген қызығушылығының 
артқаны болып табылады. Бұл технологияның тағы бір артықшылығы «Миға шабуыл» сратегиясын 
қолданып, оқушыларды ойлауға жетелеу және өз пікірін еркін айтуға мүкіндік беру. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны 
ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі страте-
гияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын 
ашық айта білуге тәрбиелейді [9,215]. 


212 
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндер-
дің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, 
пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану-
да оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығу-
шылығы артады.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны қолдануда басты назарда бола-
тын тұстары төмендегідей: 
– 
әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу 
керек; 
– 
өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, іскерліктерін дамыту; 
– 
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту; 
– 
оқушының танымдық қабілетін қалыптастыру және дамыту; 
– 
оқушыны ізгілікке ұмтылдыру; 
– 
шығармашылық икемділігін дамыту; 
– 
әр оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыту; 
– 
оқушының жан дүниесін тәрбиелеу; 
– 
жеке тұлғаны қалыптастыру; 
– 
кретивті ойлайтын жас ұрпақты тәрбиелеу; 
Ойымызды түйіндейтін болсақ, инновациялық технологиялар оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, 
әрі әдісі ретінде дербес категория болып табылады. Бүгінгі таңда, жалпы орта білім беретін мектептерде 
қазақ тілінің берілу сапасына ерекше мән беріліп, оқыту үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық 
технологияларды енгізу уақыт талабы десек те болады. Инновациялық, заманауи әдіс-тәсілдер сабақ 
барысында ұтымды қолдану мұғалімнен шеберлікті, ізденісті қажет етеді. Инновациялық технологиялар 
оқушылардың шеберлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікір-
лесуге ықпал жасайды

Оқушылардың танымын кеңейтіп, ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбек-
қорлығын жетілдіруге, олардың сөздік қорын дамытуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Жалпы, педагог ғалымдар жаңаша тәсілдердің бірнеше түрлерін оқыту үрдісінде қолдану мәселесіне 
ерекше көңіл аударып келеді. Ғалым А.Қыраубаеваның пікірінше: «Нағыз мұғалімнің еңбегі – суреткер-
дің еңбегі сияқты шығармашылық еңбек» [10,65]. Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі реформалар 
әрбір пән мұғалімінен үнемі ізденісте, шығармашылықта еңбек етуді талап етеді. Осы тұрғыдан алып 
қарағанда оқыту үрдісінде инновацияны қолдану тиімді әдіс- тәсілдердің бірі болып табылады. Бірнеше 
жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі әдіс-тәсілдерден де қол үзіп қалмауымыз керек. Олардың да тиімді 
тұстары бар, кейбір жаңалықтарымыз мазмұны сақталған, тек формасы ғана өзгеріске түскені кейде 
байқалып жатады. 
Білім беруді ізгілендіру, демократияландыру бағытын өрістеудің мәні пәндерді оқыту жүйесін жеке 
тұлғаны қалыптастырудың жолдарымен, оның даму траекториясымен сәйкестікте ұйымдастырудан 
көрініс табады. Оқушылардың өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне, оның дара тұлға ретіндегі 
қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызу жаңа педагогикалық парадигманың өзегін құрайды. Қазіргі 
кезеңде «педагогикалық технология» – оқытушының практикалық қызметінде жүзеге асатын педагоги-
калық жүйенің логикалық негізделген жобасы. Қазір дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары, жаңа 
технологиялар мен жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру процесі жүріп жатыр. Бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі 
жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелерін беруде. Сондықтан оқытудың жаңа педа-
гогикалық технологиясын зерттеу әрі қолдану – қазақ тілін оқыту әдістемесінің де еншісіндегі басты 
мәселелердің бірі. 
Ұрпақ тәрбиелеу мәселесі – қоғам дамуының талабына қарай өзгеріп, дамып жетіліп отыратынын 
ескерсек, оқушыларға тек пәнді игертіп қана қоймай, оны болашақта қажетіне жарата алатын, мемлекет-
тік тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеуге ерекше мән беріледі. Оған жету 
үшін білім беру үрдісіне оқытудың инновациялық технологияларын енгізіп, сол арқылы оқушының 
шығармашылық ойлауын, рухани-мәдени дамуын, танымдық деңгейін жетілдіруде, интеллектуалдық 
өсуін қалыптастыруда айрықша көрініс береді. 
Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінің негізін салушылардың бірі, ғалым-ағартушы 
А.Байтұрсынұлы: "Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Әдіс керектіктен шығатын нәрсе. 
Әдістің жақсы жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай. Әдістің де озығы бар, тозығы 
бар, әрбір ұлт тіліне лайықты - лайықсызы бар, қолайлысын таңдап алу күрделі іс" - деп түйін жасайды 
[1,240]. Ғалымның жоғарыда келтірілген пікірінің күні бүгінге дейін өзектілігі жоғары және ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан тәрбиелік, тәлімдік мәні көкейкесті екенін байқаймыз. Әрбір педагог кез-келген 
инновациялық технологияны қажеттілігіне қарай ұтымды, тиімді қолданғанда ғана белгілі бір нәтижеге 
қол жеткізе алады.


213 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет