Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет401/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   565
Байланысты:
2

Keyword
s
:
literary study of a particular region, spiritual revival, national values, fiction, poetry, 
independence, homeland, Motherland.
 
Жалпы құндылық сөзінің халық тілінде қолданылуы бірнеше көпшілік мағына береді. Құндылық 
сөзінің қымбаттауы, бағалануы сол предикатты қолданушы ұлттың, халықтың көзқарас-ұстаным 
бағытына қарай лайықты құрметін иелене бастайды. Содан келіп ұлттық құндылықтар фразасы пайда 
болып, ой мен сөздің екпініне айналады. Ұлттық құндылықтар тіркесінің ауқымы кеңейіп, сол предметке 
назар аударылып, қолданылу аймағы ұлғайған сайын салмақтана түседі. М. Бұралқыұлының «Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде»: «Құндылық - зат. Құнды болу» [1, 349 б.] - деген анықтама берілген.
Жалпы қазақ ұғымында ұлттық құндылықтарға қатысты ұғымдардың құнарлана түсетіндігін де 
ағаруға болады. Мәселен, екінші бір түсіндірме сөздікте: «Құндылық 1. Қымбаттылық, бағалылық; 2. 
Маңыздылық, мәнділік» [2, 542 б.] - деген анықтама беріледі. 
Ел-жұрттың ұлттық құндылықтарына кіретін атрибуттардың қатары мол көрінеді. Айталық, 
біріншіден, ол елдің немесе халықтың мәдениеті мен әдебиеті, тарихы мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы мен 
менталитеті яғни бір сөзбен а айтқанда: «Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, 
тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық 
өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы» [3]. 
Бұдан шығатын қорытынды халықтың, атап айтқанда ұлттың рухани – мәдени құндылығының 
мазмұнын ол елдің әдебиеті де толықтыра түсетіні кәміл анық. Ұлттық құндылықтар тақырыбы қазақтың 
ауыз әдебиетінің нұсқаларында сан алуан мазмұнға ие. Мәселен, лиро-эпостық жырлар мен батырлық 
эпостардағы ел қорғау тақырыбы, әлеуметтік мәселелерді қозғау сынды жаппай бұқаралық сипаттағы 
проблемалар жиынтығының түпкі тіні – ұлттық құндылықтарды қозғай жырлауымен ерекшеленеді. 
Ертегілер мен аңыз әңгімелердің арқау желісінде де ел болу – басты орынды иеленіп, соның негізінде 


274 
ұлттық құндылықтар оқиға сюжетінің әртұсында елес беріп, баяндаушының ой-мұратын аңғартып, 
бағдар сілтейді. Қазақ әдебиеті тарихына деңдеп терең үңіле түссек, жыраулар поэзиясындағы ел мен 
жердің мәселесі Бұқар жырауда өзінің шырқау биігіне көтерілсе, кейіннен Дулат пен Мұратта, Махамбет 
пен Абайда жанр таңдамастан жетіле түсті. Алаш әдебиетінде Ахмет пен Міржақыпта, Ғұмарда мен 
Шәкәрімде, Шәңгерей мен Мағжанда таза ұлттық нақышта тек ұлттың қамын ойлаған өзіндік ерекше-
ліктерімен тың із салды.
Ал кеңестік қазақ әдебиетінде ұлттық құндылықтарды жырлау басқаша өң алып, алғашқы мағына-
сынан алшақтап жаңа түрге көшті. Ол түр – социалистік көп ұлтты қоғамның атынан ғана тіл қатып, 
«кемелденген коммунизмнің» құрылысын, оның сән-салтанатын жырлайтын пафосқа құрылған ұлттық 
реңктен алыстау, интернационалдық құндылықтар еді. Бұл бағыттағы әдеби үдерістің көш басында 
Сәкен, Бейімбет, Сәбиттер тұрды.
Түрі ұлттық, мазмұны социалистік әдебиетте шынайы ұлттық құндылықтарды көтеру қаншалықты 
қиын болса да, сол ырду-дырдуы мол қоғамда да ретін тауып, өз ұлтының, туған халқының рухани 
дүниесін астарлап жеткізіп отырған ақын-жазушылар қатары аз болған жоқ. Солардың бірі қылышынан 
қан тамған социалистік құрылыстың беделді насихатшысы болған Жұбан Молдағалиев. Жұбанның өлең-
жырлары мен поэма-дастандарында өз елінің ұлттық құндылықтары батыл көтеріліп, өзге әріптестеріне 
үлгі болар дәрежеде «Мен – қазақпын!» деп ұлт есімін мадақ жырмен мәпелеп, кеңестік кеңістікпен қоса 
жалпы әлемге паш етті. 
Жұбан – Ұлы Отан соғысында қан кешкен жауынгер-ақын. Оның туындыларының мазмұнына көз 
жіберсеңіз ол әйгілі поэмасын («Мен – қазақпын!») жазбай тұрып, аталған тақырыпқа үлкен дайын-
дықпен келгенін аңдаймыз. Ақынның 1942 жылы жазылған «Туған елге» аталған өлеңінде: 
Қазақстан! 
Сүйікті 
Туғанүй, туған елімсің, 
Асық атып, доп қуып 
Асыр салған жерімсің [4, 13 б.] 

деген шумақтар бар. Осындағы асық ату мен доп қуу – ұлт құндылығының алғашқы нышан-белгілері. 
Ақын сүйікті еліне деген құрметін өмірінің соңына дейін сақтап өтті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына 
баға беруде Отанына деген сүйіспеншілігі, елінің жастарына деген жанашырлық сертінен айнымай, жеке 
басына қауіп төнсе де батырлық үлгісін көрсетті. Ақын Қадыр Мырза Әли «Жұбан Молдағалиев рухымен 
сырласу» өлеңінде: «Желтоқсанда / Жыртып елдің намысын / Шығып едің шыбын жаның шырқырап » 
деп жырлай келе: 
Шындықты айттың 
Шындықты айтқан адамның 
Ғұмыры ұзақ болған емес ешқашан [5, 115 б.] 
– 
деп ой түйеді. Қазіргі поэзияда Жұбан және желтоқсан тақырыбына арналған өлең-жырлар, Жұбан 
Молдағалиев ұлтжандылығын қозғайтын туындылар баршылық. Бәрінің айтары, шығармалар түйіні 
біреу-ақ, ол – қазақта Жұбандай елі, жұрты, Отаны үшін күрескер ақындар санаулы дегенді меңзейді. 
Жұбан шығармашылығында ұлттық құндылықтарға ие, ел ұрпағына өнеге болар, үгіт-насихатына 
айналар туындылар мол ұшырасады. Қазаққа қарата айтылған, ұлттық ұғымның мәнін тереңдеп 
түсіндіріп, ұлы ұлт болуға шақыратын өлеңі «Қазақ» деп аталады. Әдебиет зерттеушілері бұл туындыны 
болашақта жазылатын (жиырма жылдан кейін) «Мен – қазақпын!» поэмасының алғашқы эскиздері деп те 
жүр. Соғыс жылдары майдан даласында екеуара кездескен қандастардың диалогтарына құрылған 
туындының тақырыбы мен идеясы ұлттық құндылықтар өлшемін тереңдетуімен, қайсарлық, намыс, ұят, 
батылдық сияқты жеке адам тәрбиесінде ізгілікке, имандылық пен адамгершілікке шақыратын 
ұлағатымен айрықшаланады. Әскери журналист пен қазақ солдатының қайымдасып сырласуында, бірін-
бірі сынаққа алған астарлы әңгімесінде ұлттың адами сапалық қасиеттері таразыға түседі. Автор өз 
ұлтының құндылық қадір-қуатын өз қандасына сұрақ қою арқылы біліп-барламаққа бекінген әрі бұл 
тактикасы тәжірибеден сәтті өткен. 
Майданның алғы шебінде, 
Жолықтым сотқар солдатқа. 


275 
Айқаста талай 
Тегінде 
Салғандай сірә ол да артқа. 
Қара сұр, қатал пішінді, 
Жазық жаурын, сом дене. 
Омырауында қос орден 
Көз тартпасын ол неге? [4, 14 б.] 
Автор кейіпкерінің қазақ екенін көре тұра, біле тұрып: « - Кімсің? – деп бірақ сонда да, / Орысша 
сөйлеп сұрадым» - деп жалғастырады. Сұрақ қоюшыға оқтай өткір көзімен қараған нағыз қазаққа 
қойылған екінші сауал: « - Қайдағы, - дедім, - қазақсың? / (Қай жерден келдің дегенім) / Естілді сұрақ 
мазақша, / Ұқпады жігіт не мені». 
Бұл туындыда кейіпкер бітімін автор нағыз қазақтың кім екендігін, қандай болғандығымен байланыс-
тыра суреттейді. Қазақтың тұла бойына тұнған жақсы қасиетін майдангер солдат мадақ ете баяндайды. 
Басында қызбалық танытып: 

Кескініңе қарасам, 
Жөн білгендей адамсың. 
Қазақты әлі білмейтін 
Қайдан шыққан надансың? –
– 
деп ашуға булыққан кейіпкер бірте-бірте бауырын жазған жүйріктей қазақ болмысын суреттей сипаттап 
таныстыра бастайды.
– 
«Қайдағы қазақ» дегенге 
Ызамын, қайран қаламын. 
Білмейтін бар ма ел-елде 
Ер халқын байтақ даланың. 
– 
деп басталған намысқа жанылған қайратты да бекем үн оқырманын бей-жай қалдырмай, көңіл 
көкжиегін биіктерден биікке, асулардан асуға бастай жөнеледі.
Түйіп айтқанда «Алдында ажал тұрса да / Қаймықпаған, қайтпаған, / Әр сөзі анттай құрсанған, / 
Ешқашан екі айтпаған, / Өмірін құрбан етсе де, Намысын жауға сатпаған» және де «Атаның ерлік 
дәстүрін / Арындай биік сақтаған, / Анасының ақ сүтін / Кіршіксіз адал ақтаған / Кім еді, сен білемісің? 
Ол - қазақтың баласы» [4, 15 б].
Туынды-толғауда қазақтың ұлтқа тән өзге де сан қилы қасиеттері (батырлық, қаһармандық, 
бірсөзділік, т.с.с.) нақты мысалдар келтіру (мәселен, Исатай, Махамбет, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, 
Әбдібеков Төлеу) арқылы жан-жақты сипатталады. Өлеңнің идеялық мақсаты, автордың көздегені – қазақ 
деген халықтың ұлт ретіндегі құндылықтарын паш ету болса, бұл мұратқа ақын Ж.Молдағалиев 
толығымен жеткен. Өлеңде өрлік пен ерлік қатарлас параллель алынып, бірін-бірі толықтырып, өрістеп 
дамиды. Өз ұлтының артықшылықтарын, кемеңгер қасиеттерін шығарма авторы мадақтай көтеріңкі 
пафоста термелей, санамалай жеткізеді.
Жұбан ақын шығармаларының ұлттық сипаты мен халықтық ұғымға көмкерілген көркемдік ерекше-
лігін әдебиеттанушы ғалымдар да атап өтеді. «Поэзияның ұлттық түр-сипаты деген әр халық поэзия-
сының өзіндік төлқұжаты сықылды нәрсе. Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын 
көреміз. Қазақ жері мен суынан, жер мен көгінен нәр алған даладай тынысты, пәрменді поэзияны 
танимыз. Мұндай өлең өрнегі болмайынша ұлттық поэзия өзіндік сипатынан айрылар еді. [6, 314 б] - деп 
жазады әдебиет зерттеушісі, профессор М.Базарбаев.
Ғалымның бір пікіріне лайық ұлттық нақышты өн бойына сіңірген өлеңдер қатарын ақынның әр 
жылдарда жазылған «Отан», «Ана бақыты», «Қан басқан қағаз», «Шығыста туған елім бар», «Сағындым, 
Жайық», «Өлкем жайлы ойласам», «Ар-ұят туралы» шығармалары байыта түседі.
«Отан» – ел-жұртты құлай сүюдің озық үлгісіндей оқылатын өлең. Сыйынатын ұран – Отан. Әр 
қазақтың, әр өреннің жүрегінде – Отан. «Өрендерін сен дегенде, Өлімге де жүреді» немесе «Сенің досың - 
менің досым, Саған қастар - маған қас». Бұдан артық қандай сезім болуы мүмкін, Отанды сүюде. Отанмен 


276 
бірге қуану, Отанмен бірге ояну, «Үйде болсын, түзде болсын, Мен өзіңмен тағдырлас» - деп жырлау - 
нағыз ұлтжандылықтың белгісі болса керек.
«Ана батасы» – ұлт, нәсіл таңдамайтын ана мен балаға деген махаббатқа құрметпен қарауды қадір 
тұтқан өлең. Шағын өлең шағын сюжетке құрылған. Оқырманына үлкен ой тастайды. Соғыстың қайнаған 
шағы. Долы майдан даласы. Жауынгерлер Беларуссияның бір қаласын жаудан азат етуде. Жас қазақ 
жанарында жас, бейтаныс анаға өз туған анасындай елжірей қарап тұр. Өз баласын күткендей: – Ұлым, - 
деді бір кемпір, / Керіп ашып құшағын, - / Кел, бетіңді бір келтір,/ Құмарлана құшайын», «Өз баласын 
көргендей: / - Неге, - дейді кешіктің?».Көрген қорлығын айтып, зар жылаған ана. «Өз шешеңдей бертінде 
/ Тілекшің боп жүремін». Жауынгер жас қазаққа ақ батасын беріп, шығарып сап тұрған ананың айтқаны: 
«Сені күтіп сарғайған /Алда талай ана бар...» [7, 168 б.]. 
Бұл өлеңнің ұлттық құндылығы халықаралық сипатты иеленіп, бейбіт өмір солдатының анаға, 
ананың балаға ортақ махаббатын көтере дәріптеуімен ерекшеленеді, яки әлем аналарының балаға 
махаббаты ешқандай шекара таңдамайтыны уағыздалады. 
«Қан басқан қағаз» өлеңі де жоғарыдағыдай соғыс тақырыбына жазылған. Бұл туындыдағы ұлттық 
ерекшелік - қаза тапқан солдаттың қалтасынан табылған қағазда:
Қағазы сол қимаған, 
Қызыл қанға боялған. 
Сүйген жары сыйлаған 
Орамалға оралған [7, 166 б.] 
Сүйгеніне есімі жазылған орамал сыйлау - қазақ қыздарының ұлттық символикаға негізделген, еш 
жерде жазылмаған, сілтемесі көрсетілмеген,ешбір заңдылыққа бағынбайтын, халық санасына ғана 
жазылған салт-дәстүрдің бір белгісі. Өйткені бірін-бірі құлай сүйген екі жастың арасын байланыстырушы 
орамал – сертке беріктіктің, уәдеге тұрақтылықтың нышаны. Орамалда кие бар деп, ұлттық құндылықтың 
өлшемі ретінде де халықтық түсінік қалыптасқан.
Жұбанның «Шығыста туған елім бар» өлеңінде Отанды, туған елді құрметтеу пен ардақтаудың ізгі 
үлгісі кестеленген. 
Шығысқа, сонау Шығысқа 
Көз талғанша қараймын 
Басылмайды құмарым 
Қарасам да талай күн [7, 173 б.]. 
Лирикалық кейіпкер тіпті өз елінің желіндей ешбір желді сүймейтінін, тіпті құс екеш құстың да өз 
еліне ұқсағанына қуанады. Шалғайда жүріп, туған елінің амандығын тілеп, көңілі алаң болған жанның 
Отанының картасын қолына алып, «Шығыста туған елім бар / Жүрегім соған тартады» деп еміренуінде 
ұлтжандылыққа тән патриоттық сезім, шынайы көзқарас жатыр. 
Өз халқының ұлттық құндылықтарын шығармаларының өзегіне айналдырған Жұбан Молдағалиев 
поэзиясының көркемдік әлемі ұлт болашағына қызмет етері анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет