Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет412/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   565
Байланысты:
2

мына заман қай заман бағы заман, баяғыдай бола ма, тағы 
заман»
деген жолдарға талдау жасайды. Шәкәрімнің түсіндіруінше, «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған 
елдің береке-бірлігі кетіп, бет-бетімен босып, бүлікшілік «бағзы заманға» душар болуы деп түсіндіреді. 
Сондай-ақ, өз еңбегінде «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тіркесіне де тоқталады. Жоңғардың 
тұтқиылдан жасаған шапқыншылығынан ес жия алмай, шұбырып көшіп, босып кеткен халық әбден әлі 
құрыған сәтте көлді айнала алқақотан қоршап, жата-жата қалып демалады. Осы сәтте бір ақсақал мұны 
енді «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» дейміз. Бұл – табанымыз ағарып, шеміршегі көрінгенше 
жаяу босып, көлді алқақотан қоршай жатып, демалған күніміздің белгісі» деп түсіндірген көрінеді [3, 51].
Міне, осыдан көшке қатысты бізге жеткен әдеби мұраларымыздың барлығы да тарихтың куәсі ғана 
емес, лингвоэтнографиялық, лингвомәдени зерттеулердің көзі екенін де ұғынамыз.


282 
Осы 
үркін көш
жоңғарлар аты картадан жойылған кейінгі кезде де қазақ тарихына бірнеше қайта 
оралып, өз ізін қалдырып отырды. Сондай зобалаң қоныс аударудың сұмдық көріністері қызыл империя 
кезінде жалғасын тапты.
Қазақ даласына ресми деректердегідей репрессия 1936-38 жылдары емес, одан он шақты жыл бұрын, 
яғни 1928 жылы байларды кәмпескелеуден басталғаны туралы ой ұшқындары ақпарат беттерінен белең 
алуда. 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Ф.И. Голощекин 
тағайындалған соң «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген қорытындыға келіп, республикада 
репрессиялык шаралар жүргізе бастаған. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген желеумен 
жергілікті халықтың малын тартып алды. Малсыз қазақ күн көре алған ба? 
Аштық пен күшпен ұжымдастыруға шыдамаған халық Қытай жеріне ауа көшті. Солардың бірі - 
Қалғұты өңірі Ақши ауылын мекен еткен Қонақбай руы (тоғыз жүз шаңырақ). 1931 жылы шілде айында 
Қытай жеріне Қалғұты-Егіндібұлақ, Бөкенбай-Былғары Табыты арқылы шекара асуды ойластырады. Ел 
ауып жатыр деген дүмпуді ести салысымен шекара жасақтары тосқауыл жасап, 
Марқакөл (қазіргі
Күршім) ауданының Қарашілік елді мекеніне жақын маңда қызылдар қазақ көшін пулемет оғымен қарсы 
алады.... Жазықсыз, қарусыз көшті баудай орады. Тәуекелге бел буған көш алдында Жұматай деген молда 
баршасына арнап тірідей жаназа оқыған дейді. Қанды оқиғаның жалғыз куәсі - 4-5 жасар қыз бала 
ғайыптан тірі қалған екен. Қызылдар салған топалаңнан қалған белгі – қалың қорым тұрған жер – 
Ақнайман қырылған деп аталады [4] 
Қытаймен шекаралас, әсем табиғаты, асқар тау, айна көлдерімен көрген көзді қуантқан, Ж.Аймауытов-
тың «Ақбілегін» жазуға арқау болған Марқа өңірі осынау сұмдық оқиғаны қойнауына жасырған тарихтың 
куәсі. Бұл оқиға Кеңестік дәуірде тыйым салған тақырыптың бірі болса да, тәуелсіздіктің жемісі ретінде сөз 
бола бастады. 2011 жылы журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер 
одағының мүшесі Көпен Ерқасов «Ақнайман қырылған» атты поэма жазды. Поэма тарихтан ғана сыр 
шертіп қоймай, ауыр қасіретті терең психологизм тұрғысынан толғайды. Бүтін бір ел басынан кешірген 
ауыр күндердің куәсі болған қазақ даласы тарихты дүркін-дүркін еске салып отырады. Жетпіс жылдай 
қымтап қойған қасірет ел тәуелсіздігімен қоса көрпесін серпіп ашып, ел есіне қайта салды. «Тарихқа иек 
артпаған адам алысқа бара алмайды. Сондықтан тарихты білу өте қажет. Тарихта орын алған үлкенді-кішілі 
оқиғалар жердің білінбей айналғаны сияқты айналып келіп отырады. Тарихымызда орын алған «Ұлы көш» 
туралы білу – азаматтардың міндетті парызы. Тарих – кейбіреулердің қалауымен немесе біреудің нұсқауы-
мен жазылмайтын, шынайылықты, деректілікті талап ететін киелі ұғым
[5, 70].
Тарихты бұрмалағысы, кейбір сәттерді ел есінен өшіруді талап еткен билік те, замана дөңгелегі де 
халық жадынан шығара алмады. Міне, осы орын алған оқиға тарих ғылымынан гөрі көркем әдебиетте 
бірінші бой көрсетті.
«Жер ұйығындай қайран мекенім-ай, шынымен-ақ қалып барасың ба? Ата-анамның алдында тай 
мініп, танауымыз желбіреп, желмен жарысқан кекілді балалығымның куәсі, сәби сүйіспеншілігімнің 
томағасын тартқан киелі тұғырым-ай. Тағдырдың дәмі бұйырып қайта айналатын күн туар ма екен. Әлде 
осынау шұбырған көш, екі етегі жасқа толып атамекенінен алыстаған халық туған жер, өскен ортасына 
қайта айналып келе алмай, мұңға толы жанары жаутаң қағып қан жылаумен өте ме?! Алтайдан Баркөлге 
келіп, жарты ғасырдай бауыр басып еді, енді, міне, ұясынан үріккен құстай бұл мекеннен де түп қотарыла 
тағы да көшіп барамыз. Зұлымдық, жауыздық, қытайлардың зорлық-зомбылығы ата-бабамыздың күл 
төккен қасиетті даласынан қуып шыққаны ма? Алдымыздағы жат мекен қандай сый көрсетеді. Шіркін, 
қанатымызды бекемдеп, қатарымызды толықтап қайта қайырылып, жаудан есе алатын күн тез келсе екен. 
Бізді жылатқан, бізді атамекенінен айырған сұмдардың өз істегенін өзіне істеп, қоңыр тауларымыздың 
құшағына қайта оралатын бақытты шақтар бұйырар ма екен десеңші
...
[1, 93].
«Алпыс екінші жылы жазғытұрым тура үш күнге Қытай мен Кеңес үкіметінің шекарасы ашылды. 
Шекара ашылды деген, тікенекті сым темір ашылып, жұрт бір сайға құйылып, сол жерден жинап, 
советтер машина әкеліп көшіріп алған. 
Жұрт үй жайын, мал мүлкін тастап кетті. «Әкемнің күмістеткен ер тоқымы қалды» дейді әкем. «Бір 
сандық кітап қалды» дейді мамам. Үйлерінің есігін бастырып кете берген. Тіпті ішкеріде оқуда жүрген 
оқушы балалардың көбі үлгермей қалған. Біздің әулеттің жолы болыпты. Авиатехникумда оқып жүрген 
папамның әпкесі үлгеріп жетіпті, әйтеуір. Ал нағашы атамның інісі қалып кеткен, кейіннен мамам тауып, 
табысты ғой, көрмеген қорлығы жоқ екен. Семьясынан бөліне қалып қалғандарды үкімет «советке 
кеткендердің қағып кеткен қазығы» деп, күн көрсетпепті» [6,30].
Міне, осы көркем туындының бірі Кеңестік кезеңде, бірі тәуелсіздік алған кезде жазылса да, бір 
қасірет, бір оқиғадан сыр шертеді. «Ақтабан шұбырындыдан» аман қалған қазаққа «күле кіріп, күңірене 


283 
шыққан» кеңестік зұлмат жоңғарлардай ат тұяғымен дүбірлетіп жетпесе де, мысқылдап кіріп, талай 
тағдырды тәлкек еткеніне тарих куә.
«... Сол даланы айқыш-ұйқыш кесіп өтетін керуен жолдардан андыз-андыз будақтаған шаң көрінеді. 
Шаң – шапқан аттың, шұбырған көштің шаңы! Ұлы көштің арты әлі үзілер емес. «Пәледен машайық 
қашыпты» деп, басқа төнген апаттан құланша үріккен қайран ел ата-қоныс, туған жерін жат қолына 
тастап, Бақты тауын бетке алып жосып келеді.
... Қазақтың «Ақтабан шұбырындысы» осымен аяқталар ма екен? Әй, ең соңғы көш осы болар...»
[6, 444-445].
Қазақ прозасының қара нары, тағдыры бөлек қаламгер – Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» роман-
дилогиясының кейіпкерлері осылай толғанса да, болашақты дөп басып айта алмапты. Олар Кеңестің 
қызыл қырғынынан бас сауғалап барған Қытай елінде де небір зобалаңды басынан кешіріп, еліне қоныс 
аударған қазақтың өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы көші араға отыз жылдай уақыт салып 
қайталанатынын болжап білмеген еді.
Егемендік алғаннан кейін басталған жылымықты пайдаланып, туған жерге үдере көшкен Қытай 
еліндегі қазақ хандастары осы көшті жалғастырған еді.
«...Иә, арт жақта тұтас бір өмір, үлкен тарих қалғаны рас, - деді Нұрбек те көз ұшында бұлдырап 
көрінген Шәуешектің қалың талына қарап тұрып. – Кейде ойлап тұрсаң, осынау жер бетінде әлмисақтан 
бері жасап келе жатқан сияқтысың. Әрине, әрқайсымыз бастан кешкен тарихты ұмытпаспыз, мәңгі ой-
серік етіп, өзімізбен бірге ала кетерміз... Бірақ соны көзі көрмеген, бастан кешпеген өзге жұртқа, келер 
ұрпаққа қалай түсіндірерсің?» [6, 447].
Дегенмен, «көзі көрмеген, бастан кешпегендерге» үркін көш, ұлы көштің жай-күйі тарихи дерекпен 
қоса, көркем әдебиет арқылы таралып жатқаны анық. Себебі көш – қазақ үшін ұмытылмайтын, бәріне 
мағынасы айқын, мәні көмескіленбейтін ұғым. Оған халқымыз ерекше мән бере отырып, терең мағына 
жүктейді. Өйткені жер бетінде қазақ барда бұл ұғым өзінің жүректі сыздатар сезімімен ұрпақтан ұрпаққа 
нәзік жалғасып келе жатыр. Тарих көшімен бірге көшіп жүрген қазақ өмірінде оның мәні мен мағынасы 
өзгергенімен үздіксіз жүріп келеді. Үркін көш кейде көштің басқа түріне ұласып отырған.
Көш – бір немесе бірнеше отбасының қажетіне қарай талданған қоныс аудару барысы. Көш аралығы-
на қарай ұзақ, жақын болады. Жақын көштер – тасынып көшуі делінеді де, арқалап, дорбалап, арбалап 
жүріп жұрт жаңалайды. Бұл көбінде мал өрістерінің қолайлығын пайдалану үшін жасалады. Ұзақ көштер 
– 
бір жерден екінші бір жерге қоныстану. Бұл да тегінде мал өріс жағдайына қарай көктеу, күзеу, жайлау, 
қыстау деп бөліп, бір таудан екінші бір тау, қолайлы ойпаттарға көшу. Бұл уақытына, аралығына қарай 
қозы көш (жас төл енесіне ілесіп шаршамай жететін жер, түстік көш, күндік көш) тіпті айлық көшке дейін 
созылады. 
Қазақ көші ертеде ел көңілі жай болған кезде өте жайдары салтанатты болған. Көшу – қазақтың ең 
келелі жұмысының бірі. Көшуде ауыл ақсақалдары ертеде ауыл-аймақ болып малға қоныс іздейтін болса, 
бір елден екінші бір жерді алдын ала жер жағдайын танитын сұңғыла, көпті көрген, көзі қарақты 
қарттарды ақылшылыққа алып, топтасып қоныс өріс шалады. Малының төрт маусымдық қолайлығына 
қарай жылы, сулы, шөбі шүйгін, отын-суға қолайлы кең жерлерді мекендеу үшін жер шалып, қайтып 
келген соң ауыл-аймақ болып, ақылгөй қариялар кеңесіп, кесім жасайды. Көште күні бұрын, тіпті ұзақ 
көштерге бірер жыл бұрын да даярланады. Уақыты белгіленгеннен кейін ерлер жағы ат-көлігі жуас әрі 
жетерлік болуы, киім – кешек жылы, толық, сәнді болуы қажет. Көлігі, мініс аты жетпейтіндерге басқалар 
көлік шығарып береді. Болмаса, көштің алды қоныстанып болған соң, көлік әкеліп көшіріп алады. Әсте, 
жұртқа тастамайды. Жұртта қалса, елге таба болады деп қарайды [2].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет