284
әлі толастар емес. Ал көш өмірді сақтап қалудың, өз әрекетін ұйымдастырудың құралы немесе жолы
іспеттес. Адамзат сондықтан да көшеді. Көшкен жерге адам өмірінің бір үзік сырын қалдырып отырады.
Өткен күндер ізі кейде сол қалған жұртпен бірге көмескіленіп, бұлдырап артта қалады. Сол сезім мен
сағыныш проза мен поэзияға жаңа тақырып, тың туынды әкеледі.
Көші-қонға байланысты зерттеу еңбектерде қазақ даласына қатысты көш тарихы былай көрсетілген:
1) XVIII ғ. ортасынан 1917 ж. дейінгі дәуір
–
Ресейлік империяның отары болған кездегі қоныс
аударушылардың Қазақстанға бағытталған көші-қоны. Әсіресе, ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған
келімсектер көші-қоны қазақ жерін көп ұлт өкілдерінің мекендеген жеріне айналдырды. 1916 ж. Ұлт
азаттық көтерілісті басып-жаншу, жазалау шараларынан қашқан қазақтардың сыртқа көші-қоны болмаса,
бұл дәуірде қазақтар сыртқа кеткен жоқ;
1917-
1991 жж. кеңестік дәуір
–
әр түрлі саяси-экономикалық реформалар мен науқандар негізінде
қазақ жеріне келімсектердің жаппай көші-қоны мен мәжбүрлі көші-қондар арқасында Қазақстан көп
ұлтты халқы бар республикаға айналды. Кеңестік дәуірдегі таптық мәнді ту етіп, ұлттық ерекшеліктерді
елеусіздендірген мемлекеттік көші-қон саясатының нәтижесінде қазақтарға ұлт ретінде құрып кету қаупі
төнді. 1916 ж. Ұлт азаттық көтерілісті жазалау шараларынан қашқан қазақтардың көші-қоны кеңестік
дәуірде өршіген қазақтардың сыртқа көші-қонының бастамасы болды. Осы дәуірде орын алған саяси-
демографиялық катаклизмдердің нәтижесіндегі қазақтардың өлім-жітімі мен сыртқа көші-қоны және ең
бастысы, қазақ жеріне аграрлық, өндірістік, қуғын-сүргіндік көші-қондар толқындары арқасында өзге ұлт
өкілдерінің келуі тұрғылықты ұлт өздерін тарихи жерінде азшылық ұлтқа айналдырды;
Тәуелсіздік жылдары
–
көші-қон қозғалысында ғасыр бойы Қазақстанға келген ұлт өкілдерінің
тарихи отанына қайту көші-қоны күшейіп, керісінше, ғасыр бойы сыртқа қашқан қазақтардың тарихи
отанына кері көші-қоны белсендірілді. Оралмандардың Қазақстанға бет бұруы мемлекеттің саяси-
экономикалық, мәдени тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің тірегі болып табылатын халықтың демография-
лық мінез-құлқындағы негізгі шешуші ұлт – қазақтардың сандық және сапалық мәнін көтерді. Қазақтар-
дың сыртқа көші-қоны еңбек көші-қонымен байланысты.
1991 ж. бергі
тәуелсіздік
жылдарын қамтитын кезеңдегі көші-қон үдерістері өзіндік ерекшеліктері-
мен дамуда: КСРО-ның ыдырауы ғасырлар бойы Қазақстанға бағытталған көші-қонның нәтижесінде
жиналған көші-қон әлеуетін елден сыртқа қарай бағыттады. 1989 ж. бүкілодақтық халық санағы мен
2009 ж. Қазақстан Республикасы Екінші ұлттық халық санағы аралығындағы көші-қон динамикасындағы
сандық және сапалық өзгерістер республика халқының этнодемографиялық дамудағы шешуші рөлді
тұрғылықты ұлт – қазақтардың атқаруына мүмкіндік берді.
Тәуелсіздік жылдарында кеңестік кезеңде Қазақстанға келген көші-қоншылардың негізгі әлеуетінің
өздерінің тарихи отандарына қайтуына және елден кеткен отандастарымыздың оралу көші-қонына орай
республикадағы қазақтар үлесі артты [2].
Көшіп қону көшпелі қазақ тарихындағы мәңгілік ұғым. Мәңгілік айтылатын жыр.
Достарыңызбен бөлісу: