Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет428/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   565
Байланысты:
2

Зерттеу әдістері. 
Зерттеу барысында жүйелеу, талдау, жинақтау, түсінік беру әдістері қолданылады.
Нәтижелер мен талқылаулар. 
Жамбыл ғұмыр кешкен кезең қазақ елінің ең күрделі де, қиын 
кезеңдері болды. Мыңдаған жылдарға созылған көшпелі өмір ыдырап, отарлау саясаты күшейіп, үстем 
тап өкілдерінің қара халыққа әмірі батқан, екі бірдей дүниежүзілік соғысты, әлеуметтік-саяси 
өзгерістердің куәсі болған Жамбыл ақынның жырлары тарихтан сыр шертеді. Ақын: 


297 
Қақаған қар аралас соғып боран, 
Ел үрей, көк найзалы жау торыған. 
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, 
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан, - дейді. Ақын қиын-қыстауда ел 
үрейленіп, айналасын жау торыған заманда дүниеге келгенін сөз ете келе: 
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім, 
Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім, 
Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім,
Қойнауында Алатаудың зарды көрдім 
Бой бермес ел өмірі асау шері, 
Тұрса да құрсауланып тоқсан жері. 
Бірде от, бірде суды көктей кешіп, 
Талпынып, тілегіне басты ілгері, - деген жолдарда қазақ елінің 
төзімділігі, шыдамдылығы сөз болып отыр. Қаншама аласапыран замандарда қиындықтарға мойымай 
еркіндікке талпынған ұлттың асқақ арманы орындалған күн бүгін.
Жамбылдың жырлары – терең мағыналы, сондай-ақ, жас ұрпаққа рух беретін педагогикалық ой-
толғамдарға толы тәрбиенің де құралы. 
«Жамбыл – менің жай атым, 
Халық – менің шын атым»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет