Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет429/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   565
Байланысты:
2

  
деп жырлаған Жамбыл тәрбиеге, ел игілігі жолында бірігуге, достыққа 
да мән берген. Ақын әрбір азаматты қоғамның бір бөлшегі ретінде санап, оларды 
сол қоғамның
, Отанның, 
елдің, жердің гүлдей жайнап, өсіп-өркендеуіне ат салысуға, ауызбіршілікке шақырады /2, 84/.
Өмірге өріс берген жалғыз жүрек. 
Сол жүрек ел достығы берік бірлік, 
Бірліксіз болмақ еді қандай тірлік, 
Әлемдік адал адам бақыт үшін, – деген өлең жолдарында тірлікке тіреу 
болатын бірлік екенін өзінің жүз жылдық ғұмырында көз жеткізгенін айтады.
Жығылмас ырысты ту сол өмірлік. 
Мен ғасырдың айғағы жүзге келдім, 
Ел бірлігін, бақыты іздеп едім, 
Айды аялап, күн құштым, нұр жамылдым 
Кездесіп жетпіс үште іздегенім. 
Ұрпағым іздеп келген бақытты жас, 
Кімде-кім бірлік бұзса халыққа қас, 
Ел бірлігін, достығын жырға қосқан Жамбыл ақын жас ұрпаққа:
Өсиетім – шындықты, адалды сүй,
Ардақтаған халықты, адамды сүй...
Елдің тіккен іргесін игілікке
Тап бүгінгі бақытты заманды сүй, – 
деп шындықты, адалдықты, елді, өмірді сүйіп бағалауды өсиет етеді.
Жамбыл – өткір тілді, шындықтың ақыны. Ұстазы Сүйінбайдан бата алып, жарлы-жақыбайдың мұң-
мұқтажын жоқтайтын, ешкімге жалтақтамай, айтарын астарламай, ойын еркін жеткізетін шындықтың 
ақыны болды. Оны елге арнаған және ұлық-болыстардың мінін бетіне басып айтқан жырларынан көруге 
болады. Жамбыл жырларынан халықтың тұрмыс-тіршілігін, болыс-билердің парақорлығын әшкерілеп 
айтқанын көре аламыз. Қандай дүниені болмасын, ақын көзімен барлап, сурет күйінде танып үйренген 
Жамбыл өмірден өткенше осы аңғарымпаз қалпынан танған емес. 
Ақынның : 
Осынау жалпақ жалғанда, 
Жамбыл қартың талмады, 
Іздеуден шындық жүрегі, 
Бір уақыт та тынбады. 
Жетпіс бес жыл өткенше, 
Дауылда ұшқан кептерше, 
Көз ұшында бұлдырап, 


298 
Қуған шындық зарлады. 
Ұшқыр ойым ұмтылды, 
Сонда да оған жетем деп, 
Кешусіз теңіз, асусыз 
Таудан да зырлап өтем деп, 
Бөгеттен бірақ, өте алмай, 
Шындыққа қуған жете алмай, 
Ұзақ жүрдім тепеңдеп, - деп шындық жолының ауыр екендігін, 
шындықты айтудан ешқашан жалтармағанын айтып отыр. Шындық – кез келгеннің уысына түсе 
бермейтін асыл тас. Шындықты, айтқан сайын жарқырап, жайнап тұрады. Шындықты жұртқа айта білу – 
үлкен өнер. Жамбыл – осы өнерді игерген хас шебер.
Ұлықтар, патша әкімдері ақынның ойын, ақындық өнерін әкімшілік жолмен билеп-төстегісі келеді. 
Бұған дейін неше бір мықты деген шонжарлардан ығысып көрмеген, олардың сыйға тартып отырған аты 
мен шапанына қарамай, айтарын айтып салып жүрген ақын бұл жерде де кідірмейді: 
Әділі жоқ ояздар, 
Әділетін бұзады. 
Ақтаяқшы айналып, 
Есігінде тұрады, 
Жазығы жоқ Жамбылды 
Төбеге келіп ұрады...- 
деп ояздың, оның маңындағы ұсақ төрешіктердің иттігін, әділеттен тайған екіжүзділігін беттеріне басады 
/3,38-39/. 
Жaмбыл – хaлық aқыны. Oтты өлеңдерінде хaлықтың үні, хaлықтың зaры бaсым. Қарапайым 
халықтың сөзін сөйлеп, бай-төрелерден қаймықпаған. 
Сарнасын ақын, сарнасын, 
Төреге сөзін арнасын. 
Тыңдамаса ол төре, 
Халық тыңдар жалғасын. 
Жарлыға қорлық көрсетіп, 
Әуреге бай салмасын, 
Немесе: 
Бері отыршы, Көкімім, 
Қандай екен өкімің? 
Елді билеп алуға, 
Қай арадан бекідің? 
Әлде бекіп келдің бе, 
Арын сатып бетіңнің?! 
Бір тояйын дедің бе? 
Ақысын жеп жетімнің. 
Әлде ғаріп көз жасын, 
Көрейін деп бекіндің. 
Ашып жауап қайыршы, 
Көкім, сенен өтіндім,–
деп Көкімге қарата айтып отырған осы өлең жолдарында ел билеген азаматтарды сынға алып отыр. 
Жамбыл – шындықты бүгіп қалып жалтақтауды білмеген ақын. 1908 жылы Жамбыл Сарытауқұм 
(Алматының солтүстігінде) деген жердегі Сарыүйсін еліне барғанда Әлімқұл датқаның ауылында болған, 
кері қайтарда Күрт өзенінің бойында отырған Ордабайдікіне түседі. Жамбылдың екі күн қонағына Қали 
қырыс мінез көрсетеді /1, 284-285/. Сонда Жамбыл: 
Сенен қорқып нетейін. 
Күле-күле жүрсін ел, 
Менменсіген пейіліңді, 
Елге жайып өтейін, - деп Қалидің жаман мінезін жырға қосқан. 
1900 жылдары Алматының солтүстігінде Шамалған бойында үлкен той болады, осы жиында 
Жамбылдың аты жоғалады. 


299 
Атты Байтілес руындағы Қаржау деген ұрлады деп, Жаңғойлық ауылының болысы Мәңке 
Смайловқа ақын арыз айтады. 
Мәңке төртбақ, тымпыш, пысық адам екен, ол параны басыңқырап берген Байтілестің сөзін сөйлеп, 
оны ақтап жібереді. Сонда Жамбыл: 
Жаңғойлық болысы пысық келеді, 
Мұрындары пұшық келеді. 
Екі арадан ептеп жерінде, 
Көздерін қысып келеді. 
Сөздерін ұзарта келеді, 
Өңешін қызарта келеді. 
Өнімі азырақ жерде, 
Үстіне тұз арта келеді. 
Ыңыранып отырып алады, 
Әр алуан қырға салады. 
Ақыры құдай жарылқап, 
Қалталарын толтырып алады, –
деп парақор болыстың іс-әрекетін, жат пиғылын ел алдында әшкерілеп отырған. Жамбыл мен ақиқат, 
шындық – егіз ұғым. Өткір тілді ақын шындықты айтудан еш қымсынбаған. 
Ақын өлеңдерінің тағы бір бағыты үлгі-өнеге, терең философияға құрылған, тәрбиелік мәні жоғары 
жыраулық поэзияның үлгісінде жазылған толғауларын айтуға болады. «Артықша туған азамат» 
толғауында: 
Жігіттіктің кезінде 
Жігерлі болса, ер болар. 
Тұрмаса жігіт сөзінде, 
Нәсілі оның кем болар. 
Қажырлы болса майданда, 
Халыққа сөзі ем болар. 
Ел үшін туған ерлердің 
Алды-арты дария – кең болар, – деген жыр жолдарынан нағыз ер 
азаматтың бейнесін көруге болады. Жігіт жігерлі, уәдеге берік һәм көпке үлгілі болса ғана сөзі өтімді, 
жолы ашық болатынын айта келе, артықша туған азаматты сипаттап кетеді. 
Бірлігі кетсе ағайын, 
Әркімдерге жем болар. 
Білімсіз болса жолдасың, 
Кылған қайырың сел болар. 
Артықша туған азамат 
Халыққа үлкен бел болар. 
Серт адамды байлайды, 
Ер жігіт серттен таймайды. 
Өршеленген кезеңде 
Өлімді кім ойлайды. 
Жігері болса жігітің, 
Орындамай қоймайды. 
Атқан оқтан қайтпайтын, 
Өтірік сөз айтпайтын, 
Кезеңді жерде кез болса, 
Қорқып тізгін тартпайтын 
Бұл – өлең жолдары күні бүгінге дейін өз құнарын жоғалтпаған, жас ұрпаққа бере мол толғаулардың 
бірі. Артықша туған азамат бірлікті сақтай алатын, серттен таймайтын, өтірік айтпайтын, батыл болу 
керектігін айтады. 
Батыр Қараш, Саурық. 
Шапырашты, Өтеген, 
Батырлардың еңбегі, 
Таныс маған ертеден, - деген жолдардан артықша туған азамат деп батырларды атап өтеді. Ақын 
сипаттап отырған жігіттің, ер-азаматтың қадір-қасиетін әр өскелең жас ұрпақтың бойына сіңдіруіміз 


300 
керек. Оның бірден-бір жолы Жамбыл жырларынан сусындау деп білеміз. Ақын ел мен ерді егіз ұғым деп 
біледі. 
Ер жігіт ғаріп емес пе, 
Белгілі елі болмаса,- дейді.
Яғни, «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» деген халық даналығына мағынасы саяды. Халық 
даналығымен астасып жатқан ұлы ақын ойларының берер тағылымы қашан да ұшан-теңіз болмақ.
Ақын жырлары жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елін, жерін қорғауға үндейтін отты жырлар.
Ел ырысы аяулы. 
Есерсоқ жау елірген, 
Еңбекпенен егілген 
Тартып алмақ даярды. 
Қатер бұлты төнгенде, 
Ел намысы, дегенде, 
Ерлер қашан аянды! 
Жеме-жемге келгенде, 
Жауды қысып шеңгелге, 
Жанын сығып аларды! – деген жолдарда ерлер елі үшін аянып қалмау 
керектігін айтып, күш, жігер беріп отыр.
Жау бір сүйем жер алса, 
Есін жыймақ күшеймек. 
Ол кішкене бел алса, 
Осалдамақ біздің шеп. 
Ойласаңдар осыны, 
Шегінетін жөн бар ма? 
Жауға қыяр ол ғұрлы — 
Жарты сүйем жер бар ма? 
Шегінгенің — өлгенің, 
Ерлер енді соны ойла!
Елді жауға бергенің, 
Өлген артық одан да! 
Ақын осы өлең жолдары арқылы шын жүйрікке қамшы салып, рух беріп, намысын оятады. Жау 
қолында қалған елдің еңсесі түсіңкі болады. Еңсесі түскен елдің бағасы төмен болады. Бағасы жоқ елде 
тыныштық болмайтынын жырға қосып, азаматтарды Отанды қорғауға шақырады. Отанды қорғау кезінде 
азамат қандай болу керектігін де айта өтеді? 
Жамбылдың соғыс тұсындағы өлеңдері дұшпанға қарсы күресте қаһарлы болды. Ақын халық 
поэзиясының эпостық кең тынысты дәстүрін дамыта отырып, патриоттық идеяға толы поэтикалық 
толғаулар туғызды /4, 16-17/.
Сондықтан, ер ұлдарым, 
Тынысыңның барында, 
Төрт мүшенің сауында, 
Қолда дәрмен тұрғанда, 
Шыдап өлім, құрбанға, 
Қатайып тас, темірдей, 
Қарыс жерге шегінбей, 
Қас дұшпанды қаптаңдар 
Донның жойқын селіндей. 
Қатарың болса құрыштай, 
Қаһарың болса қылыштай 
Жау қалмайды жеңілмей. 
Шегінбе! — деп Отан тұр, 
Шегінбе! — деп халық тұр, 
Халық үшін бас тігу, 
Халық айтқан жарлық бұл! –


301 
деген өлең жолдарында азамат ердің алынбайтын қамалдай берік, мықты, төзімді, шыдамды болғанын сөз 
етіп отыр. Қазірде бұл қасиеттер Отан қорғаушы азаматтардың бойына керек деп білеміз.
Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне аса жоғары мән беріп, баласының болашағынан үлкен үміт күткен. 
Мысалы:
Батыр болар ма екенсің 
Алып тұлғалы, 
Ақын болар ма екенсің 
Жазар жыр-әнді, 
Әкім болар ме екенсің 
Елін сыйлайтын. 
Аман болшы, балапаным, – деген өлең жолдарынан елдің ұрпаққа 
деген сенімі мен үмітін көруге болады. Жамбыл жырлары ұрпаққа жігер мен рух беріп, үлкен сенім 
артады. 
Қамалы құрыш айбатты, 
Ұлдары батыр қайратты, 
Қаусырғандай қуатты 
Аспан мен жер арасын! 
Жауларға елдің мұрасын
Таптатпаймыз, бермейміз – 
Гүлденген бақша, ағашын, – деген өлең жолдарында ақынның сенімі 
мен үміті көрініс табады. Елді қорғау ерлердің ісі екендігін және ол жолда мықты болу керектігін айтып 
отыр.
«Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейдi халқымыз. Ақынның ұлы Алғадайға арнап шығар 
жырларының тәрбиелік мәні жоғары. Атаның балға деген үміті, ерлікке шақыру, елі үшін аянып қалмауға 
үндеуі көрініс тапқан. 
Есіңде, балам, бар шығар, 
Айтқаным Отан әмірін: 
Шегінбе жаудан, жанды сал! 
Шешілмек содан тағдырың. 
Айнымай, балам, антыңнан 
Әкеңнің тілін алыпсың. 
Түсіндім түгел хатыңнан, 
Тайынбай жауға барыпсың. 
Өзіңді қыйып өлімге, 
Арыңды сақтап қалыпсың. 
Қамалын жаудың опырып, 
Қоршаған шебін жарыпсың. 
Немесе: 
Аянба, балам, аянба! 
Бәлекет сонда аршылар. 
Алғадай, ылғый алда бол. 
Аянған адам болмақ қор! 
Бәйгеге барын тігемін, 
Сендерге арнап осы жол. 
Достарыңа осыны айт: 
Жауларыңды жеңіп қайт! 
Айтарым, арнап саған сол, - деп соғысқа аттанған бүкіл ер азаматтарға 
қарата айтып отыр /5, 113/.
Соғыста мерт болған ұлына арнаған жыр жолдарында ақын: 
Темір өзек пенде жоқ, 
Өлмес адам елде жоқ, 
«Орынсыз деп өлімі», 
Ондай ойлау менде жоқ, - деп ақын өзіне жұбатып отыр. Осы өлең 
жолдарында қабырғасы қайысып отырған Жамбыл ұлы Алғадайды орынсыз емес, елі үшін құрбан 
болғандығын жеткізіп, медет етіп отыр. Жамбыл жырлары - әке үшін ұлын тәрбиелеудегі тәрбие құралы. 


302 
Жамбыл жырлары өзінің сыршылдығымен, өміршеңдігімен ерекшеленбек. Қай кезеңде де ақын 
жырларын өзінің құнарлығын жоғалтпақ емес. Бұл сөздер – ақын өмірі мен шығармашылығына, оның 
ғасыр жасаған, ерлікке толы поэзиясына берілген әділ баға деп білеміз. Біздер үшін ақын жырлары – мән-
мағынасын ешқашан жоймайтын құнды дүниелер. Жамбылдың жыр-толғаулары кейінгі ұрпақ үшін тек 
танымдық дүние, аңсап, сусап оқитын, тәлімдік, тәрбиелік мәні бар дүние болмақ. Ақын артынан қалған 
өлшеусіз дүниелер ұрпақтан ұрпаққа өтіп, мәңгілік ел санасын жасай береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет