СТУДЕНТТЕРДІ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕЛЕУ:
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ МЕН МАЗМҰНЫ
Игібаева А.К.
С. Аманжолов ат. ШҚМУ-нің профессоры, п.ғ.д.,
Кенжебекова Ф.С.
С. Аманжолов ат. ШҚМУ-нің магистранты
Өскемен қ-сы, Қазақстан
e-mail:
aiko-53@mail.ru
,
Fariza_04.12.93@mail.ru
Түйіндеме:
Мақалада студентерді патриоттық рухта тәрбиелеудің әдістемелік негізі мен мазмұны
қарастырылады.
Тірек сөздер:
патриоттық рухта тәрбиелеу, тәрбиелеу әдісі, тәрбие процесі, тәрбиелік функция.
Аннотация:
В статье рассматриваются содержание и методические основы патриотического
воспитания студентов.
Ключевые слова:
патриотическое воспитание, методы воспитания, воспитательный процесс,
воспитательная функция.
Annotation:
The article deals with the content and methodological foundations of Patriotic education of
students.
Keywords
: Patriotic education, methods of education, educational process, educational function.
Студентерді патриоттық рухта тәрбиелеудің әдістемелік негізі мен мазмұнына қатысты мәселелерді
қарастыру – бүгінгі таңдағы басты мәселенің бірі. Қазіргі студент жастардың белсенді азаматтық
ұстанымын қалыптастыру үшін жақсы алғышарттар қажет. Патриотизмді, толеранттылықты және ұлттық
келісімді қабылдау адамгершіліктің төмендеуі, «ұрпақты жоғалту» сияқты ұғымдарға қарсы тұрады.
Әлеуметтік парықсыздық қылмыс пен нашақорлықтың өсуіне қарсы бағытталады. Сондықтан Қазақстан
Республикасының азаматын тәрбиелеу негізін қазақстандық патриотизм және ұлттық келісім құрайды.
Тәрбие – қоғам дамуының маңызды стратегиялық ресурсы. Педагогика ғылымында соңғы жылдары
студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу мәселесі кеңінен көтерілуде. Патриоттық тәрбие арқылы білім мен
бағаны тәрбиеленушінің жеке сеніміне түпкілікті айналдыру процесінде жүріп, патриоттық мінез-
құлыққа ұмтылыс, мемлекеттің әскери қуатын дамытуға, қарулы күштерде қызмет етуге, өз Отанын
қорғауға даяр болуын қалыптастырады. Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – жеке тұлғаны өзін-өзі
анықтауға қабілетті болуға, азаматтылық пен патриотизм, адамгершілік пен жауапкершілік сезімдерін
иеленген азамат ретінде қалыптастыру [1;86]. Білім беру қызметі жүйесіндегі тәрбие міндеттерін шешудің
басымдылығы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында айқын белгіленген.
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде руханилықты
қалыптастыру факторлары мен механизмдерін пайдалану арқылы тұтас, тәрбие процесі түрінде жүзеге
асырылуы тиіс.
Педагогикалық ұғым ретінде патриоттық тәрбиелеудің
Достарыңызбен бөлісу: |