Білімдік:
а) студенттердің мінез, келбет турасындағы білімдерін, сөздік қорларын кеңейту; ә) тақырып
төңірегінде ауызша әңгімелеуге үйрету; б) тақырыпқа қатысты тілдесім құралдарын тиімді, орынды қолдана
білуге машықтандыру; в) ауызекі және жазба түрлеріндегі тіл материалдарын тыңдап түсінуге және қолдана
білуге төселдіру; г) компьютерлік жүйе арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін
түсініп, өз сөзімен айта білуін қалыптастыру; д) мәдениетті, сауатты сөйлей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:
а) студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, оларды адамгершілікке, шын-
дыққа, достыққа, мейірімділікке, тәрбиелікке үйрету; ә) студенттердің өмірді бағалау, нағыз өмір құнды-
лықтары туралы түсініктерін кеңейту; б) тақырыпқа қатысты лексиканы беру арқылы студенттердің
бойындағы адамзатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ұштау.
Дамытушылық:
а) студенттердің ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту; ә) қазақ тілінде дұрыс айта
және дұрыс жаза білуге дағдыландыру; б) өтілген материалды жүйелі түрде қорытындылап айтып жеткізе
білуге үйрету; в) ойды жинақы жеткізе білуге машықтандыру; г) шығармашылықпен жұмыс істеуге
ұмтылдыру; д) оқушының адамгершілік-рухани, қоршаған ортамен байланысын дамыту; е) аналитикалық
ойлауды, танымдылықты дамытуға ықпал жасау.
Сабақтың барысы төмендегідей болды. Ұйымдастыру кезеңі. Оқытушы: Құрметті студенттер! Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы «Мінез және келбет». Біздің сабағымыздың мақсаты: біздің мінез және келбет
туралы білімдерімізді кеңейту.
Амандасу.
Сабақ дөңгелек үстел басында өткізілді. Студенттермен қатар отырып, оң қолымды оң
жағымда отырған бала ұсынып, сол қолын алдым, амандастым, оған жақсы тілектер, мадақтаулар айттым.
Келесі кезекте ол өзінің оң жағында отырған көршісінің сол қолын алып, амандасты, солайша топтың
барлық мүшелері амандасып, қол алысқанда, шеңбер пайда болуы қажет. Менің сол жағымда отырған
бала шеңберді тұйықтап, менімен амандасты. Дәрісханада жылы, жағымды жағдай туды.
Сөйтіп, жаңа сабаққа көштік. «Келбет» деген не?
Достарыңызбен бөлісу: |