БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОЙЛАУДЫҢ АЛТЫ ҚАЛПАҒЫ ӘДІСІ
Баженова Г.С.
Түркістан облысы, Кентау қаласы,
«№1. Ы.Алтынсарин атындағы қоғамдық
гуманитарлық пәндер бағытындағы мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Түйіндеме:
Мақалада білім берудегі ойлаудың алты қалпағы әдісі қарастырылады.
Тірек сөздер:
әдіс, ойлау, ойлаудың алты қалпағы әдісі, білім беру.
Аннотация:
В данной статье рассматриваются шесть методов мышления в развитии креативности.
Ключевые слова:
метод,
мышление,
шесть методов мышления в развитии,
образование.
Annotation:
This article deals with six methods of thinking in the development of creativity.
Keywords:
method, thinking, six methods of thinking in development, education.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” стратегиялық Жолдауында [1], 2007 жылдың 15
тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңында [2] берілгендей, қоғамның
экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық
моделін дамытуда шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдыландыруды, ақыл-ой қорын жинау сияқты
мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, “жалпы білім
беру” моделін “әр адамға таңдау бойынша білім беру” моделіне көшуге негізделгендігін білдіреді.
Қазақстандық ғалым Ғ.М. Құсайыновтың айтуынша, педагогикалық технология әдеттегі түсініктер-
ден өзгеше, ол – мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижелерге
жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі деп көрсетеді. Ғалым: “Педагогикалық технология
–
оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту
арқылы меңгеру үрдісі”, – дейді [3, 35-б.], ал ғалым-әдіскер Қ.Қадашева “Жаңаша жаңғыртып оқытудың
әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі” атты докторлық диссертациясында:
“Жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесі – бұл мүлдем жаңадан жасалған әдістеме емес деп, оның дәстүрлі
әдістемеден шығарылатындығын айтқан [4, 115-б.], ғалым Ж.А. Қараевтың ойынша: «Технология
дегеніміз – әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын
жобасы деп, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі
болып табыладындығын» көрсетеді [5, 23-б.].
Бастауыш мектеп оқушыларының тiлдiк қатынасым кезiнде жатық сөйлеу дағдылары мен iскерлiк-
тердiң қалыптасуы үшiн қатысымдық тұлғалардың қолданылу заңдылықтары мен ережелерiн шәкiрт-
тердiң меңгеруi қажет. Себебi бастауыш мектеп оқушыларының жатық сөйлеу дағдыларын қалыптас-
тыруда олар қарым-қатынас жасау барысында өз ойларын болжайды, жоспарлайды, даярлайды, орын-
дайды, бақылайды және бағалайды. Демек, оқушы өз ойын қатысымдық тұлғалар арқылы өрнектегенде
бiрiншi кезекте мақсатты белгiлейдi, жеткiзбек пiкiрiн ойша болжайды. Ол пiкiрдi қалай жеткiзудiң
тәсiлдерiн ойластырады, тiлдiң сөз, сөйлем т.б. бөлшектерiн таңдайды да жинақтап тұтас мазмұнға
бiрiктiру арқылы жарыққа шығарады. Сондықтан оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетiлдiруде сөз, сөз
тiркесi, сөйлем, мәтiн туралы тiл бiлiмiнiң қол жеткiзген, дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады.
Демек, сөз мағынаны, ұғымды, сезiмдi, ойды бiлдiре келiп, тiлдiк қарым-қатынасты жүзеге асырушы-
лардың барлығына аса қажет қатысымдық тұлға болып табылады [6,29]. Осы орайда, креативтілікті
дамытудағы ойлаудың алты қалпағы әдісі
Бүгінгі күнгі креативті мүмкіндіктерді түйсіну. Креативтілік – бұл тұлғаның түбегейлі жаңа идея-
ларды ойлап тауып, оны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық қабілеттерінің бірі
ойлаудың
алты қалпағы.
«Ойлаудың алты қалпағы» (Six Thinking Hats) – Эдвард де Боно жасап шығарған ойлауды ұйым-
дастыру әдістерінің ең танымалдарының бірі. Алты қалпақ әдісі кез келген – жеке де, ұжымдық та ой
жұмысын құрылымдап, анағұрлым тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Бұл жазба осы әдістің жұмыс істеу
принциптері мен мәні туралы жалпы түсінік жасауға көмектеседі. Ол менің 2005 жылы Оксфордта өткен
курс материалдарының негізінде жазылған. Бұл қалай құрылған, немесе алты бояудан тұратын толық-
қанды ойлау «Алты қалпақтың» негізінде параллельді ойлау идеясы жатыр. Дәстүрлі ойлау пікірталас,
талқылау және көзқарастар қақтығысына негізделген. Алайда мұндай жағдайда көбінесе ең жақсы шешім
238
емес, талқылау барысында сәтті шыққан шешім жеңеді. Параллельді ойлау – бұл сындарлы ойлау, оның
барысында әр түрлі көзқарастар мен әдістер қақтығыспайды, бірге жүреді.
Әдетте тәжірибелік міндетті шешуді ойлағанымызда біз бірнеше қиындықтарға тап боламыз. Бірін-
шіден, біз көбінесе шешімді тіпті де ойламаймыз, оның орнына эмоционалды реакциямен шектелеміз, ал ол
біздің ары қарайғы әрекеттерімізді алдын ала шешіп қояды. Екіншіден, біз неден бастап, не істейтінімізді
білмей, сенімсіздік танытамыз. Үшіншіден, біз міндетке қатысты барлық ақпаратты мида бір мезгілде ұстау-
ға тырысамыз, қисынды ойлау, сұқбаттастарымыздың қисынды ойлауын қадағалаймыз, креативті болу,
сындарлы болу, т.б., ал мұның бәрі әдетте шатасу мен абдыраудан басқа ештеңеге апармайды.
Алты қалпақ әдісі – бұл осы секілді қиындықтарды ойлау үдерісін алты түрлі режимге бөлу арқылы
жеңудің қарапайым әрі тәжірибелі әдісі. Олардың әрқайсысы өз түсімен беріледі. Толыққанды басылымда
түрлі-түсті ағаш кесінділер кезек-кезек дөңгелеп, бір-біріне қатталады да, соңында біз түрлі-түсті сурет
аламыз. Алты қалпақ әдісі дәл осыны біздің ойлауымызға қатысты істеуді ұсынады. Бәрін бір мезгілде
ойлаудың орнына біз өзіміздің ойлауымыздың әр түрлі аспектілерімен кезек-кезек іс жасауға үйрене
аламыз. Жұмыстың соңында осы барлық аспектілер бірге жиналатын болады және біз «толыққанды
ойлауға» жетеміз.
Алты қалпақ. Алты қалпақты қолдану принциптерінің қысқаша мазмұндамасы.
Ақ қалпақ: ақпарат Ақ қалпақ назарды ақпаратқа бағыттау үшін пайдаланылады. Ойлаудың бұл
режимінде бізді тек фактілер қызықтырады. Біз қазір не білеміз, тағы қандай ақпарат керек және оны
қалай аламыз деген сұрақтарға жауап іздейміз.
Қызыл қалпақ: сезімдер мен ішкі түйсік Қызыл қалпақ режимінде сессия қатысушыларында қарасты-
рылып отырған мәселеге қатысты өз сезімдері мен ішкі болжамдарын айтуға мүмкіндік туады, бұл неге
олай, кім кінәлі, не істеу керек деген сұрақтар туралы түсініктемелер қажет емес.
Қара қалпақ: сын Қара қалпақ сыни бағаларға, қауіптену мен сақтыққа еркіндік беруге мүмкіндік
береді. Ол бізді ессіз, ойсыз әрекеттерден қорғайды, мүмкін болатын қауіптер мен су асты тастарын
көрсетеді. Мұндай ойлаудың пайдасы күмәнсіз, бірақ әрине асыра сілтеушілік болмаса.
Сары қалпақ: логикалық позитив Сары қалпақ бізден өз назарымызды қарастырылып отырған
идеяның артықшылықтары, басымдықтары мен жағымды жақтарына аударуды талап етеді.
Жасыл қалпақ: креативтілік Жасыл қалпақ киіп біз жаңа идеяларды ойлап табамыз, бұрыннан бар
идеяларды түрлендіреміз, баламалар іздейміз, мүмкіндіктерді зерттейміз, жалпы алғанда, креативтілікке
жасыл түс береміз.
Көк қалпақ: үдерісті басқару Көк қалпақ басқа қалпақтардан өзінің міндеттің мазмұнымен жұмыс
істеуге арналмағанымен ажыратылады. Ол жұмыс үдерісінің өзін басқаруға арналған. Көбінесе оны
сессияның басында не істеу керектігін анықтау үшін және соңында қол жеткізілгендерді жинақтап, жаңа
мақсаттарды айқындау үшін қолданады. Бұл қалай жүреді Топтық жұмыста ең кең тараған үлгі – сессия
басындағы қалпақтардың ретін анықтау. Реті шешілетін міндетке байланысты анықталады (егжей-
тегжейін «Алты қалпаққа» қатысты тренингтен білуге болады). Содан кейін сессия басталады, оның
барысында барлық қатысушылар бір мезгілде анықталған рет бойынша бір түсті «қалпақтарды киеді»
және сәйкесінше режимде жұмыс істейді. Модератор көк қалпақпен қалады және үдерісті қадағалайды.
Сессия нәтижелері көк қалпақ астында қосылады.
Артықшылықтары:
Сары қалпақ киген кезде Эдвард де Боно тапқан алты қалпақ әдісінің бірқатар артықшылықтары
мынадай:
1.
Әдетте ой жұмысы іш пыстыратын және дерексіз болып көрінеді. Алты қалпақ оны өз ойын
суретті және қызғылықты басқару құралы етуге мүмкіндік береді.
2.
Түрлі-түсті қалпақтар – бұл жақсы есте қалатын метафора, оны үйрену де оңай және қолдану да оңай.
3.
Алты қалпақ әдісін күрделіліктің кез келген деңгейінде қолдануға болады, бала бақшалардан
бастап директорлар кеңесіне дейін.
4.
Жұмысты құрылымдау мен өнімсіз пікірталастарды болдырмаудың арқасында ойлау анағұрлым
тоқайласқан, сындарлы және өнімді болады.
5.
Қалпақтар метафорасы рөлдік тіл болып табылады, ол тілде талқылау мен жеке ықыластарға
алаңдамай, ешкімді ренжітпей ойлау үдерісін ауыстыру оңай.
6.
Бұл әдіс шатасушылықтан құтқарады, себебі бүкіл топ уақыттың белгілі бір мезетінде тек бір ғана
ойлау түрін қолданады.
7.
Бұл әдіс жобамен жұмыс жасаудың барлық құрамдастарының – эмоциялар, фактілер, сын, жаңа
идеялар мәнін мойындайды және оларды бүлдіргіш фкторларға жоламай жұмысқа қажетті сәтте енгізеді.
Кейбір зерттеулер мидың қызметінің түрлі режимдерінде (сынау, эмоциялар, шығармашылық) оның
биохимиялық тепе-теңдігі түрліше болады деп есептеуге негіз береді. Егер солай болса, онда алты қалпақ
секілді қандай да бір жүйе қажет, себебі оңтайлы ойлау үшін бір «биохимиялық рецепт» болуы мүмкін емес.
239
Қорыта айтқанда, «Алты қалпақты» әр түрлі салаларда, әр түрлі деңгейлерде кез келген ақыл-ой
жұмысы үшін пайдалануға болады. Жеке деңгейде бұл, мысалы, маңызды хаттар, мақалалар, жоспарлар,
мәселелерді шешу болуы мүмкін. Жеке жұмыс жасауда – жоспарлау, бір нәрсені бағалау, дизайн,
идеяларды жасау. Топтық жұмыста – кездесулер жүргізу, тағы да бағалау мен жоспарлау, қақтығыстарды
шешу, оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |