294
Роман-дилогиядағы оқиғалардың негізгі орны мен уақыты Арал аймағындағы арпалысқа толы бір
күн мен бір түнді қамтиды. Автор көркемдік уақыт тұрғысынан шығарманың кульминациялық кезеңін
(бір күн, бір түн) өзектей отырып, шиеленісті сәттің логикалық бастауларын ретроспективті ой оралым-
дары арқылы тарқатады. Апатты аймақ тағдыры шығарманың өн бойындағы композициялық шиеленіске
себеп болып отырады. Жәдігер мен Әзім арасындағы мінез бен дүниетаным қайшылығы да табиғатқа
деген көзқарастан туындайды. Көркемдік кеңістіктің барынша жұтаңдығы мен осы пейзаждық фон
кейіпкерлердің мінез әлемімен барынша үйлес. Роман-дилогиядағы негізгі идеялық полюстер бала кезден
бірге өскен қос кейіпкер Жәдігер мен Әзім арасында өрбиді. Модернизм деп аталатын философиялық
дүниетанымға тән белгілер шығарманың баяндау сипаты мен құрылымынан, идеялық пайымынан көрініс
береді. Модернистік дүниетанымның идеялық күретамыры шығармадағы басты әрекет иесі (ой елегінің
иесі) Жәдігердің кейіпкерлік болмысын айқындайды. Жәдігер – жоғары білімін Алматыда алып, туған
жерінің еңбек майданына араласуға барған мамандық иесі. Қайын енесінің сөзімен айтқанда, «дипломды
балықшы». Жұбайы – Бәкизат, бала кезден бірге өскен, кейіннен арасы суыған досы – Әзім. Шығарма
осы үш кейіпкердің арасындағы қарым-қатынастан туындайтын желіге құрылған. Жалаң, сыдыртып
оқыған сырт көзге бірінші түсетін образ ашушы конфликт осы үштік арасында өткендей көрінгенмен,
Жәдігердің ретроспективалық сюжеттердегі құбылыстары шығарманың конфликт тудырушы элементтің
кейіпкердің ішкі әлемінде екендігін айқындайды. Шығармадағы кейіпкерлерді шартты түрде екі топ-
лагерге топтастыруға болатындай. Олардың бір тобы үйлесімі бұзылған табиғи ортада ежелден келе
жатқан ата кәсіпті жалғастыруға жанын сала кірісіп жүрген топ болса, екіншісі топ өкілдері аз мансапты
мұрат тұтатын, сол арқылы жақсы үй, жайлы төсекті жаны қалайтындар. Ауыл арасындағы Бәкизат,
Жуан Жақайым, Қозы Қарын, үлкен қаладағы Әзім сынды кейіпкерлер осы топтың өкілдері. Бұл
сыңайдағы кейіпкерлерге ортақ дүниетаным бар: адамның табиғаттан тартып алмақ жетістігі мен
жасанды мәдениеттің жақсылығана ұмытылу.
-
Достарыңызбен бөлісу: