Тақырып : Буферлік ерітінділер


Буферлік сыйымдылық біренеше факторларға тәуелді



бет2/3
Дата09.10.2023
өлшемі72,64 Kb.
#184404
1   2   3
Байланысты:
Қосымша Буферлік ерітінділер

Буферлік сыйымдылық біренеше факторларға тәуелді:
1. Қышқылдық-негіздік компонент саны неғұрлым көп болған сайын бұның буферлік сиымдылығы жоғары болады.
2.Буферлік сиымдылық буферлі ертінділердің компонент концентрациясының әрекеттесуіне тәуелді яғни буферлі ертіндінің рН тәуелді. Буферлі сиымдылық компонент концентрациясы артқан сайын жоғарылайды.
Буферлі ерітінділердің буферлік қасиеттер көрсететін аймағы рН=рК±1 арасында орналасады.
Буферлі жүйелер сапалық және сандық талдауда ерітіндінің рН-ын бірқалыпты сақтау үшін кең пайдаланылады. Мысалы, Ва2+ катионын Sr2+ мен Са2+-ден калий дихроматымен бөлген кезде ацетатты буферді қолданады.
Көптеген органикалық реагенттермен жүретін, түсі әртүрлі реакциялар ерітіндінің белгілі бір рН мәнінде жүреді. Мысалы, Ni2+ катионын диметилглиоксиммен анықтағанда реакция аммиакаты буфер ортасыңда жүреді. Биологиялық сұйықтардың рН тұрақты шамасымен сипатталады, оның бұл шамадан ауытқуы шектелген. Сұйық ортаның қышқылдылығын тұрақты сақтап тұру адам ағзасының қызметі үшін маңызы жоғары.рН реттеу қызметін буферлі жүйелер атқарады. Олар сұйық ортадағы рН мәнін және гомеостазды сақтап тұрушы қызмет атқарады.
Буферлік жүйелердің адам ағзасы үшін маңызы жоғары. Адам қаны буферлік жүйелерге жатады. Адам ағзасында әсіресе, бүйректің бөліп шығару және өкпенің тыныс алу қызметтері үшін буферлік жүйелердің маңызы жоғары. Адам ағзасындағы сұйықтықтар (қан, ұлпа сұйықтығы, лимфа т.б.) қасиетінің бірі - олардағы сутегі иондарының тұрақты кон-центрациясын көрсетуі. Ағза сұйықтығының қышқылдылығының тұрақты болуының маңызы зор, себебі:Н+ иоидары көптеген биологиялық өзгерістерге
каталиттік түрде әсер етеді.Ферменттер мен гормондар белгілі бір рН аралығыңда биологиялық белсенділік танытады;[Н+] тіпті аз озгеруі (қан және ұлпа аралық сұйықтарда) ағзаның осмос қысымына әсері мол.
Қанның қалыпты рН (7,36) өте кішкене ауытқуы қолайсыз жағдайларға әкеледі. Мысалы, рН 0,4-ке ауытқуы өлімге соғуы мүмкін.Адам қанының буферлік жүйесін 2 топқа бөлуге болады;
1. Қан плазмасындағы буферлік жүйелер; 2. Қанның формалы элементтерінің буферлік жүйесі
Оларды жекеше былай жіктейміз. Қан плазмасындағы буферлік жүйелер:
Бикарбонатты буфер (Н2С03 +NaНСО3) Фосфатты буфер (NaH2P04+Na2HP04) Ақсылдық буфер (H2N-R-COOH+H2N-R-COONa) Бос амин қышқылдары мен олардың тұздары Органикалық фосфаттар (фосфор қышқылының эфирлері).
Қанның формалы элементтерінің буферлік жүйесі:

  1. Бикарбонатты буфер (Н2С03 +NaНСО3)

  2. Фосфатты буфер (NaH2P04+Na2HP04)

  3. Ақсылдық буфер (гемоглобинді-оксигемоглобинді)

  4. Фосфор қышқылының эфирлері.

Бикарбонатты буферлік жүйе әлсіз көмір қышқылы мен диссоциациясы нәтижесіндегі түзілетін гидрокарбонат-иондар тепе-теңдігімен байланысты.
HCО3- + Н+ ↔Н2СО3
НСОз- + Н2О↔Н2СОз + ОН-
Ағзадағы көмір кышқылы, көмірсулар, майлар, ақсылдардың ыдырау өнімі-көміртек диоксидінің гидротациясы нәтижесінде түзіледі. Бұл процесс фермент карбоангидраза арқылы жеделдейді.
С02 + Н20 ↔ Н2СО3
Фосфатты буферлік жүйе гидрофосфат және дигидрофосфат иоңдарының тепе-теңдігімен сипатталады:
НР042- + Н↔ Н2Р04-
НР042- + Н20 ↔ Н2Р04+ ОН-
Гемоглобин-оксигемоглобин буферлік жуйесіне қанның буферлік сыйымдылығыньщ 75% -ы тиісті, ол әлсіз қышқыл гемоглобин ННв және гемоглобин иондарының Нв- теңдігімен анықталады:
-+H+↔ HHb
Нв-20↔ННв + ОН-
НСО3-, НР042- және Нв әлсіз қышқыл аниондары болғандықтан, Бренстед бойынша негіздер болып есептеледі,
яғни Н иондарынының тиімді акцепторлары. Сондықтан қанға
күшті қышқылдар түскенде олардағы Н+ көп мелшері НС03,
НР042- және Нв иондарымен байланысып, диссоциацияланбаған көмір қышқылының, гемоглобиннін, дигидрофосфат иондарын түзеді. Мысалы:
NаНСО3 + НС1 ↔ Н2С03 + NaCl
Белоктық буфер жүйесі — плазмадағы күшті буферлік жүйелердің бірі. Белоктың буферлік қасиеті оның молекуласындағы қышқыл мен сілті топтарына яғни амфотерлік реакция беретініне байланысты. Белок қышқыл жерде сілті ретінде қышқыл затпен, сілтілі жерде қышқыл ретінде сілтілі затпен әрекеттеседі.
Көп жағдайларда буферлік жүйелер рН кему бағытына қарсы тұру үшін жұмыс жасайды, себебі ағзаның тағамды сіңіруі нәтижесінде де біраз мөлшерде көміртек диоксиді түзіледі (тәулігіне 550-775г). Ол сумен әрекеттесіп, Н+ ионының (25-35моль) тәулік мөлшеріне сәйкес келетін көмір қышқылын береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет