Девиация сөзі латын тілінен аударғанда deviate деген сөзден шыққан. Deviate ауытқу дегенді білдіреді. Девиантты мінез құлық бқл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мінез құлқы. Адамның іс әрекеті, мінез құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге және одан күтілетін әрекееттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуі.
Девиантты мінез құлықтың мәнін ашу “норма” түсінігімен байланысты. Өйткені норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мінез құлқы девиантты мінез құлық болып табылады.

Әлеуметтік норма бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтік топтың немесе ұйымның шектелген іс әрекеті. Норма мінез құлықтың реттелуін қамтамасыз етеді және мінез құлыққа әлеуметтік қадағалау жасайды.
ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында девиатты мінез құлықтың биологиялық және психологиялық себептерін түсіндіретін трактаттар шыға бастады. Итальяндық дәрігер Ч.Ломброзо қылмыстық әрекет пен адамның биологиялық ерекшеліктері тікелей байланысты деп түсіндіреді. Американдық психолог В.Шелдон да адамның дене бітімінің маңыздылығын атап көрсетеді.